начало анализа

  • docx
  • 09.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 175.docx

Қысқа мерзімді  жоспар (ҚМЖ).

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: қысқаша көбейту формулалары

Мектеп: №40 жалпы орта білім беретін мектеп

Күні:   Мұғалімнің аты-жөні: Байгубенова Жанаргуль Мурзабаевна

Уақыты: 04.02.2019ж

Сынып: 7 «а», "б"                                                                    Қатысқаны:             Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру    а22=(а-в)(а+в)

Осы сабақта қолжеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.14

тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;

7.2.1.14

алгебралық  өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу;

7.2.1.15

Қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді түрлендірулерді орындау ;

Сабақтың мақсаты

Қысқаша көбейту формулалары арқылы өрнектерді түрлендіруді меңгереді

Барлық оқушылар орындай алады:

алгебралық  өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктей алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық  өрнектерді  түрлендіре алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдана алады

Бағалау критерийі

·         Өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктейді

·         Қысқаша көбейту формулалары арқылы өрнектерді түрлендіреді

·         Тез,әрі тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушыларға

·         көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілінің таңдалуын дәйектейді;

·         көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің орындалуын түсіндіреді.

Лексика мен терминология

Оқушылар:

- қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі;

- ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі;

Пәнге тән лексика мен терминология:

- қысқаша көбейту формулары;

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы;

- екі өрнектің қосындысының квадраты;

- екі өрнектің айырмасының квадраты;

- екі еселенген көбейтінді;

- үш еселенген көбейтінді;

- екі өрнектің қосындысының кубы;

- екі өрнектің айырмасының кубы;

- екі өрнектің кубтарының қосындысы;

- екі өрнектің кубтарының айырмасы;

 

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең;

- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең;

- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы ... тең;

- екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ...... ;

- берілген өрнекті .... түрінде жазуға болады;

·          

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау,жеке,жұппен,топпен жұмыс жасау,өзара сыйластық,өз ойын дәлелдей алуы,өзін- өзі,бірін-бірі бағалай алуы

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, физика, геометрия

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Қысқаша көбейту формулаларын білу және есеп шығару барысында қолдану

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)

1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, «көңіл күй» тренингі: оқушылар бір-біріне жылы лебіз арқылы жағымды орта тудырады)

Үй тапсырмасын тексеріп, оқушыларға кері байланыс беру:

№34.11    Жұпта тексеру: көршілерінің дәптерлерімен алмасып, жауаптарын тексеру:жұптық бағалау: Барлығы дұрыс- ЖАРАЙСЫЗ!

1-2қате  - орташа, әлі де қате жібермеуге тырысамыз!

3тен көп қате - ТАЛПЫН!Дайындал, жұмыстану керек!

1) х3+        2) n3-      3)a3+b3       4)y3+8z3

 

-  «Ой сергіту» 

­- Қазақ халқында қандай сандарды «киелі сандар»  деп атайды?,7-ге, қатысты тәрбиелік тағылымы бар мәліметтерді айта аласыздарма?

7ата, 7қазына ,7 жарғы, 7 керемет сандар, 7 санын «7ата» мақалының маңызы арқылы математикада 7 қысқаша көбейту формуласының да маңыздылығын түсіндіру арқылы алдыңғы сабақпен байланыстырамын.

Bilimland.kz тен оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында видеотүсіндіру көрсету:алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруге қысқаша көбейту формулаларын қолдану (Bilimland.kzкурстар7 сынып

- «Серпінді сұрақ- жауап» әдісімен сұрақ-жауап түрінде оқушылар диалог арқылы ауызша жұмыстанады.  Қысқаша көбейту формулаларын тақтаға жазып, оқылуын айту.

Қысқаша көбейту формулаларын қандай есептеулерде қолдана аламыз?

өрнектерді көбейткіштерге жіктегенде;

тепе- теңдіктерді дәлелдегенде;

теңдеулерді шешкенде;

теңсіздіктерді шешкенде;

бөлшектерді қысқартуда;

тиімді әрі тез есептеу үшін.

Мақсаты: оқушылар бұрынғы білімдерін есіне түсіре отырып, белсенді әрекеттерге жұмылдырады, үйренудің мақсаттарын айқындап, ойлау жұмысына ынталандырады, тақырыптың мақсатын ашуға өз ойларын қосады

Табыс критерий өлшемі:

Қысқаша көбейту формуласын жатқа біледі;

Дағды:Білу және түсіну.

Мұғалімнің кері байланысы

 

слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Bilimland.kz

Сабақтың ортасы (20мин)

Оқушыларды тақырыппен, сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстырылады:BILIMLAND арқылы тақырыпқа байланысты мәлімет көрсету (3мин) (тақырыптың геометриямен байланысын көруге болады)

Пифагор есебі: 1-ден өзге кез келген тақ сан екі квадраттың айырмасына тең.

Шешімі:

(n+1)2-n2=(n+1-n)(n+1+n)=2n+1-      бұл тақ сан

Диофант Есебі:

Қосындысы 20, ал көбейтіндісі 96 болатын екі санды табыңдар.

Шешімі:

(10+х)(10–х)=96

Жауабы: 12 мен 8.

 Жаңа сабақ бойынша алған теориялық білімін есеп шығаруда қолдана алу.

Bilimland.kz тен сөздікті қолдану, екі мысалды көрсетіп, яғни есептің шығару жолдарын қарау және сол бойынша 3-жаттығу(Bilimland.kz тен алынған) орындату.

Саралау тәсілі: «Қарқын»

Оқулықтағы деңгейлік тапсырмалар бойынша өз бетімен жұмыс. Оқушы өз деңгейіне қарай тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.                                                                                                        

Деңгейлік тапсырмалар: (15мин)

А деңгейі: (оқулықпен жұмыс)    Тапсырма: №35.5(1,2) 

Дескриптор:-формуланы қолдана алады, теңдеуді шешеді.

1)35+(5х-1)(5х+1)=(5х+2)2           2)3+(2х+3)2=4(х-6)(6+х)

35+25х2-1=25х2 +20х+4                  3+4х2+12х+9=4(х2-36)

-20х=-30                                           12х=-156

Х=1.5                                                 х=-13

В деңгейі:( талдау,қолдану )         Тапсырма: №31.18 (1,2) 

Дескриптор:тез есептеу тез есептеу үшін формуланы қолданып көбейткіштерге жіктейді, бөлшекті қысқартып, мәнін табады.

 

С деңгейі:Бағалау критерийі: (жинақтау) өз бетінше күрделі есепті дәлелдей алады

Дескриптор:

- қысқаша көбейту формуласын қолданып, түрлендіруді орындайды;

-тепе-теңдікті дәлелдейді.

1.Тепе-теңдікті дәлелде:

·        (х-1)(х+1)(х2+1)(х4+1)= х8-1

Деңгейлік тапсырмалар бойынша өзін-өзі тексеру, тақтада шығарып, өздіктерінен шығарған оқушыларға жұлдызша беру.

Жұлдызшаның санына байланысты оқушыларды бағалау

 

Itest.kz         Оқулық     BILIMLAND   интернет сайты          

Itest.kz сайтынан осы тақырыпқа берілген конспектен үшінші есептің шығару жолы көрсетілген, ал екеуі есептеуге берілген (орысша берілген). Itest.kz есептерін шешу

Сергіту сәті (5мин)

Сергіту сәті: «Зейінді аудару»

Тез есептеп тап жауабын үш тілде айту

1-топқа: 102       132         152

2-топқа: 112       122         172

3-топқа: 142       162         202

Тез есептеп,  оқушылар үш тілде жауаптарын айтады

Дағды: тез есептеу дағдысын қалыптастыру

Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау.

Көбейту дегеніміз не? Көбейту туралы білгіңіз келсе, осы фильмді соңына дейін көріп шығыңыз!

Imektep.kzматематикакөбейту

Imektep.kz сайтынан видео көрсету (сергіту сәті және көбейту туралы тақырыппен байланыстыру) Бұл формулалар физикада сееп шығаруда да кездесетіні туралы оқушыларға айту (физика пәнімен байланыс).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Imektep.kz

Сабақтың соңы (5мин)

Мұғалім оқушылардың бағалауларын ескере отырып, өз қорытындысын жасайды.

Үйгетапсырма:№35.5 (3,4)   №31.18 (3,4)

Тақырыпты қорытындылау мақсатында Bilimland.kz тен алынған 4 сұрақтан тұратын тестті орындау, өзін-өзі тексеру, бағалау. Bilimland.kzкурстар7 сынып

 Рефлексия-сөйлемді аяқтау: Бүгінгі сабақта маған құнды болды...

   Сегодня на уроке для меня  было ценным…

Оқушылар  өз ойларын жазып, сөйлемді аяқтайды.

 

 

 

 

 

Bilimland.kz

Саралау

Бағалау

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Тақырыпты меңгеру үшін оқушыларға топтық, жеке, жұптық,қабілетті оқушымен жұмыс түрлерін пайдаланамын. Есеп шығаруда есептердің деңгейін(А,В,С) қадағалаймын

        Сабақ барысында «Серпінді сұрақ- жауап»арқылы оқушыларды диалогқа тарту, жаңа тақырыпты түсіндіруде BILIMLAND және интернет  сайтынан алынған қосымша материалды қолдану, жаңа сабақты меңгертуде деңгейлік тапсырмалар арқылы саралау«қарқын» әдісі, сергіту сәті«Зейінді аудару» әдісі және сабақты қорытындылау үшін «Сөйлемді аяқта» әдісімен кері байланыс өткізіледі Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру үшін  сараланған денгейлік есептер беріледі

Сергіту сәті: «Зейінді аудару» жаттығуын пайдаланамын. Оқушылардың партада  отыру ережесін сақтауын, орналасуын, техникалық қауіпсіздігін қадағалаймын.

 

 

 

 

 

 

 


 

Посмотрите также