Наурыз - 2017
Оценка 4.9

Наурыз - 2017

Оценка 4.9
Мероприятия
docx
воспитательная работа
Детсад
20.06.2017
Наурыз - 2017
Мерекеге сай безендірілген топта күмбірлеген күй ойнап тұрады. Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрлерін қолдана отырып балалардың шығармашылығын арттыру. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы алу арқылы балалардың бойына ізгі қасиеттерді бойына сіңіру. Балаларға патриоттық тәрбие беру. Жүргізуші: Армысыздар халайық. Бармысыздар халайық. Наурыз тойын жұп жазбай Бірге қарсы алайық.Жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Наурыз деген сөзді қазақшаға аударатынт болсақ «Жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Жаңа күн, яғни Жаңа жылдың алғашқы күні. Күн мен түн теңеліп, табиғаттың оянатын күні.
наурыз 2017.docx
Мерекеге сай  безендірілген топта күмбірлеген күй ойнап тұрады. Мақсаты: Қазақ халқының  салт­дәстүрлерін қолдана отырып балалардың  шығармашылығын арттыру.  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы алу  арқылы балалардың бойына ізгі қасиеттерді бойына сіңіру. Балаларға  патриоттық тәрбие беру. Жүргізуші:   Армысыздар халайық. Бармысыздар халайық. Наурыз тойын жұп жазбай Бірге қарсы алайық. Жүргізуші:  Бүгін ұлыстың ұлы  күні – Наурыз мерекесін тойлауға жиналып  отырмыз. Наурыз деген сөзді қазақшаға аударатынт болсақ «Жаңа күн» деген  ұғымды білдіреді. Жаңа күн,  яғни  Жаңа жылдың алғашқы күні.  Күн мен түн  теңеліп, табиғаттың оянатын күні. Ән: «Көктемде» (хор) Қанағат:   О, ағайын, туысқан, Наурыз күн туды шығыстан Сол тойға келдім шақырып, Ат терлетіп алыстан. Санжар: Құтты болсын айтамын Наурыз тойға халқым­ай Шықтық біздер жырлауға Қазағымның салтын­ай Адия:  Жыл басы – Наурыз мереке Ақ нұрға әлем боянды! Наурыз тойы береке Тіршілік жаңа оянды. Сұлтанбек:  Наурыз тойы – елдің тойы Көктем тойы – төлдің тойы Әжеме еріп ауылымды Араладым күні бойы Би: «Жалқаубек»  Жүргізуші:  Наурыз – ұлыстың ұлы күні.  Бұл күні әдемі киімдерін киіп, бір­ біріне қонаққа барады, шын көңілден сыйлықтар сыйлайды. Бұл күні  барлық   реніштер  ұмытылады.(Осы кезде топқа әжелер келеді) Айзере:  Наурызда күлімдеп Күн нұры төгілді Өзгеше бүгін леп, Желпінтер көңілді Жылғалар былдырлап Тыншуды білмейді Сырғасы сылдырлап, Тал қайың бүрледі Сапиа:  Күн мен айға әлемнің  Берем ыстық сәлемін Қарттарыма сүйеніп Салем берем иіліп. Орындалды ойларың Құтты болсын тойларың Ұлы күні ұлысты. Күн мен түні теңелген. Данил:  Құтты болсын, Наурыз. Үйге ат ізін салыңыз. Ұлы күні ұлыстың  Дастарқанда барымыз. Амина:  Күн мен түн теңелді Ұзарамын мен енді Гүлмен жерді жайнатып Гүлден, Наурыз, сен енді. Жүргізуші:   Сені тойлап барша жұрт Бар әлемге жар салып Бейбітшілік тойы деп Қол соғады барша жұрт. Би: «Жігіттер»  Көрініс (Күн мен түн ортаға шығады) Күн: Сәулесі мол күнмін Түн: Жұлдызы көп түнмін Екеуі: Бірдей болып біздер Теңелеміз бүгін Түн: Ал ертең күн ұзақ Күн: Түн қысқарар бірақ Екеуі: Ұйқы қанбай қалып  Жүрмеңдер тек жылап Ойын: «Орамал  тастамақ» Жүргізуші:   Наурызым  әкелсін деп береке­ырыс, Көжеге толып тұрсын барлық ыдыс Жаңадан келе жатқан жылдың басы Ақ құйып қарсы алғаның өте дұрыс – деп, Наурыз қыстан қалған сүр еттен  наурыз көже жасап, ағайын­туысқа, көршілерге дәм таттырады. Наурыз  көжеге жеті түрлі дәм қосады. Ал әжелер балаларға наурыз көже туралы кең  көлемде түсіндіріп жіберіңіздер. Жания:  Ашық болсын қас­қабақ, Бейтаныс та таныс та. Бүгін төрде бас қонақ. Арпа, бидай, тары бар, Ішілетін жейтіннің Бұл көжеде бәрі бар. Мұхаммед:  Арпа, бидай бастаған. Жеті дәмнен аспаған Наурыз көже ежелден. Бұл тойдағы бас тағам. Ақбота:  Ұлы күні ұлыстың Күн мен түні теңелген Тәтті дәмі ырыстың  Таттық наурыз көжеден Жылысын деп бар әлем Жылы көже береді. Анамның наурыз көжесін Іше бергім келеді. Ән: «Алақай, Наурыз!» (хор) Жансерік (Күн):  Сәлем, абзал аналар, Айналайын, балалар Уақыт үдеп келдім мен Бақыт тілеп адамға Қудым жерден суықты Қырдан салқын бу ықты Құтты болсын мерекең,  Наурыз айы туыпты Әне, Наурыз келеді. Жалғас (Наурыз):  Сәлем, Анам алтын күн, Сәлем қарты халқымның Уақытыма риза боп, Бақытыма шалқыдым. Ойын: «Қол күрес» Жүргізуші:  «Қазақтың тыйым сөзі – тәрбие көзі»  дейді халық. Бас киіммен ойнама. Ақты төкпе. Малды теппе. Бүйіріңді таянба. Кешқұрым ұйықтама. Айға қолыңды шошайтпа. Нанды баспа. Табаныңды тартпа. Жайдан жәй уһілеме. Сиырды теппе, сүтті төкпе. Жүргізуші:   Сыйлай білсең ата­баба мұрасын, Қазақтардан табылады жыр асыл. Уа, құдайым оңдасын Қыдыр бабам қолдасын деп, Үлкендерден бата тілер тұрасың – дегендей атамыздан бата алайық.   Абылай (Бата):  Ардақтадың атаңды, Мен берейін батамды Сыйлап ата­ананы Азамат бол саналы, Уа, құдайым оңдасын Жаманшылық болмасын, Наурыз тойы құтты болсын! Ақ мол болсын! Халық тоқ болсын! Уайым қайғы жоқ болсын! Аумин! Жүргізуші:  Ілесіп наурызбенен көктем жетсін Көңілін үлкен­кіші көкке өрлетсін Еңсесі көтеріліп ер азамат Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін – дегендей Ұлыстың ұлы күні ­ Наурыз  мерекесі құтты болсын! Жылдан жылға аман­есен жетейік.

Наурыз - 2017

Наурыз - 2017

Наурыз - 2017

Наурыз - 2017

Наурыз - 2017

Наурыз - 2017

Наурыз - 2017

Наурыз - 2017

Наурыз - 2017

Наурыз - 2017
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.06.2017