Наурыз - праздник весны.
Оценка 5

Наурыз - праздник весны.

Оценка 5
Занимательные материалы
docx
воспитательная работа
Детсад
15.05.2017
Наурыз - праздник весны.
Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды тәрбиеленушілерге кеңінен насихаттай отырып, ұлтжанды, мейірімді, халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу.
наурыз 2016 (1).docx
Қош келдің, Әз Наурыз! Залда әсем әуен ойнап тұрады.   Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы  мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,  еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт,  қуаныш, сыйласын! Балалар «Абай» ауылы, «Шоқан» ауылы, «Жамбыл» ауылы  болып залға кіреді.  Тәрбиеші Наурыз ­ жыл басы, наурыз ­ қуаныш мерекесі.  Наурыз ­ бақыт пен шаттық мерекесі. Наурыз – көктем  мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық ӘН: «Көктем, көктем, көктемде» Келесі кезекті мерекеге арналған тақпақтарға береміз. Дәулет:  Наурыз келді тамаша                 Ән айтамыз таласа                 Атам, әжем той тойлап                 Қуанып жүр балаша                  Би билейміз тамаша!  Нұрберген:   Наурыз келді құт болып                         Мына бізге сүт болып                         Аққа ауызымыз толады                          Бар жақсылық болады. Тлекжан:    Наурыз келді еліме                       Наурыз келді жеріме                      Байлық бақыт тілеймін                       Бүкіл қазақ еліне! Мөлдір:   Келе жатыр жылымыз,                  Мейрамдаймыз мұны біз.                   Жас балаша нұрланып,                 Жадырасып бәріміз. Сұлтан: Наурыз тойы, Наурыз тойы,                Құтты болсын ағайын.                Наурыз тойы, Наурыз тойы,                Келді біздің Жаңа жыл! Тәрбиеші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ  тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ  әжеміз наурыз көже әкеле жатыр. Қош келдіңіз! (музыка) Залға қолында тостағанға құйылған наурыз көже ұстаған әже  кіреді. ӘЖЕ:  Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің  тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр  шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ  мол болсын! Қайда барса жол болсын! ­ Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар? ­ Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін  наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сендерге сұрақ: ­ Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды? ­ 7 түрлі ­ Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көжеге  сүр ет, сүзбе, бидай, құрт,  тары, май, тұз қосады. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды,  құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға  пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып  қалған. Сондықтан да, тойшылар бір­біріне «ақ мол болсын», «сауар  көбейсін» деген тілектер айтады.  Тәрбиеші: Балалар, қазақтың қандай ұлттық тағамдарын  білесіңдер? (балалардың жауабы) Тақпақтар Назира. Наурыз тойым, Наурыз тойым.                Құтты болсың халайық!                Қане, достар, қане, достар,                Шырқап әнге салайық. Арсен:  Осыншама жақсылық               Алып келген Наурызым               Төрлет бізге нұр беріп,               Шуақ шашып ақ жүзің! Саят:  Наурыз шаттық әніміз             Салтанатты сәніміз             Ән саламыз бәріміз             Би билейміз бәріміз Гаухар:  Наурыз айы ­ гүл айы                 Наурыз айы ­ нұр айы                 Наурыз айда халқымның                 Құлпыра түсер шырайы Айару:    Уа, халайық, халайық!                  Әсем әнге салайық                   Наурыз тойын көңілді                  Бірге қарсы алайық Тәрбиеші: Балалар, қазақ халқының ертеден келе жатқан  көптеген салт­дәстүрлері бар. Бүгін біз ат қою, бесікке салу және тұсау кесер рәсімдері туралы әңгімелейтін боламыз. Бала  дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы  балаға ат қояды. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің  атың…» деп үш рет қайталайды. Шоқанауылы ат қою рәсімі туралы әңгімелеп береді.  ӘН: «Шілдехана бесік той» ӘЖЕ: Мына наурыз мерекесіне бір әдемі кілемшені  әшекейлеуді бастап едім, аяқтай алмай қойдым. Мына көзде  көрмейді, кәрілікте келді. Балалар маған көмектесіп  жібересіңдер ме?  (Әже жерге отырып, кілемшені жайып, оюларын жанына  қойып, қалай жасау керек екенін көрсетеді. ) Тәрбиеші: Әрине, балалар әжеге көмектесеміз бе? ( Әр ауылдан  бір     баладан шығару) ӘЖЕ: Ой, рақмет, балалар! Өркендерің өссін, көп жасаңдар.  Қандай тамаша кілемше болды – деп жайып көрсетеді Тәрбиеші: Шілдехана өткеннен кейін баланың әке­шешесі бесік  тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың  нағашылары  немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп,  сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін  жын­шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу  және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта  отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала  халықшыл болсын деп тон, шапан жабады,ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі,көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.  Абай  ауылы бесікке салу рәсімі туралы әңгімелейді. ӘН: «Әлди,әлди, ақ бөпем» Ұлдардың биі: «Қамшы» Тәрбиеші: Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың  аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі  жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға  тартсын деген тілектен туған рәсім.  Жамбыл  ауылы: Тұсау кесер рәсімі туралы әңгімелейді. Исмаил:  Ой, халайық, халайық                  Әсем әнге салайық                   Наурыз тойын көңілді                   Бірге қарсы алайық Оля:      Сәнді көктем нұрымен               Наурыз тойы жырымен                Көңіл гүлдей жайнасын               Наурыз тойы тойлансын  Аслан:    Ашылды да кебеже                 Дәм әзірлеу басталды                Әжем наурыз көжеге                  Жеті түрлі ас салды.                Арпа, бидай, тары бар                Қатық, малта, тағы бар               Ішілетін, жейтінің Инара:  Аспанымда ақша бұлттар аунайды,               Наурыз тойы көңілімді баурайды.               Тебіренген табиғат та мәз мейрам,               Аңқылдаған қазағымнан аумайды.  Ерасыл.   Кел балалар ойнайық,                 Наурыз тойын тойлайық                Баянды боп мереке                 Қыр гүліндей жайнайық Кемель.      Бата беріп атамыз, Бата беріп әжеміз                    Тәтті болып жасаған                     Көжеден дәм татамыз Еркебұлан: Құт бауырсақ шашылып,                      Наурыз тойы ашылсын                      Бір бірімен мына жұрт                      Көрімдігін асырсын ӘЖЕ: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Балалар, қазақ  халқының қандай ұлттық ойындарын білесіңдер? Балалар: асық, арқан тарту, ормамал тастау, қыз қуу, теңге ілу. ӘЖЕ:  Рахмет! Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық  ойындардың бірі асық ату ойынын, ойнауға бір дорба асықтар  ала келдім. Ұлттық ойын. «Асық» ӘЖЕ: РАҚМЕТ! Сау болыңдар! Наурыз құтты болсын!  (Батасын беріп шығып кетеді) Тәрбиеші:   Балалар, қазір мен ата­ аналардың және сіздердің  тапқырлықтарыңызды тексеріп көрем. Ол үшін мен бір тыйым  сөздің басын бастаймын, ал сіздер сол сөзді аяқтау керексіздер.   Дайынбыз ба? Бастаймыз. Б: Үйде ысқырма А:Үлкеннің жолын кеспе Б:Саусағыңды аузыңа салма А: Асты үрлеме Б:Тіліңді шығарма А: Жақты таянба Б: Табаныңды тартпа  А: Тізеңді құшақтама Б: Есікті қатты жаппа А: Бір қолмен нанды үзбе  Б:Үйге қарай жүгірме А: Есікті керме  Б:Құстардың ұясын бұзба А: Бос бесікті тербетпе Би: «Тостаған» Тәрбиеші:     Тойла бүгін тауларым мен боз далам,                        Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.                         Мереке боп келген бүгін Наурызым!                         Береке бол ешқашанда тозбаған! – дей отырып,  ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек  берейік. ӘЛИЯ: Бұл ­ бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып өтейін. Көрпесі,  жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады. ­ Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық. ­ Бесікке баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс. ­ Шырпыны жағып, отпен аластайды. (сіріңкені көрсетеді) Алас ­ алас, алас, Бар пәледен алас. Барлық пәле желмен кетсін, Ағынды сумен кетсін. Алас ­ алас, алас. Енді тыштырма рәсімін жасайық. Тышты, тышты, тышты ма? Балалар хормен: Тышты, тышты ӘЛИЯ: Конфетті уыстап алып, екі жаққа балаларға шашады Қайталап айтады: Тышты, тышты, тышты ма? Бөбегім ұйықтап дем алсын Қунап оянсын! Енді баланы бесікке салайық. Бесік жырының бір шумағын айтып жіберейік. Тәй – тәй басып бөпешім, жүргенің қандай Көз қуаныш көкешім, күлгенің балдай Аспандағы ай күнді, аламын дейсің Асқар таудай айбынды, боламын дейсің Әлди – әлди, ақ бөпем Сендей сәби жоқ көкем Анам әкем дейсің бе, тілің тәтті екен Әлди – әлди, ақ еркем Бой жетерсің сен ертең Мақтанышы елімнің, өзің бол еркем Тәрбиеші: Кел, балалар ойнайық    ­ Ал, қонақтар жыл бойы тоқшылық болсын, дастарханымыз кең  жайылсын деген ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар. (ата – аналар алдына үстел қою, Наурыз көже құятын тостағандар  қойып, құйып береді) ӘН: «НАУРЫЗ» Тәрбиеші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз  аяқталды. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз қыз: Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың  құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық,  татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.      Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады.  Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез. Сондықтан да, тойшылар бір­біріне «ақ мол болсын», «сауар  көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қыдыр  баба барлық босағаны аттап, қуаныш әкеліп,  жақсылық шашады  екен. Балалар, бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді. Тапсырмалар: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім? Ананың сүті тәтті, Ананың қолы жұмсақ,. Жаңбыр жаумаса жер жетім, Басшысчы болмаса ел жетім.   Қандай ырым мен тыйым сөздерді білесіңдер? Малды теппе, Ақты төкпе, Отты шашпа, Күлді баспа, Бүйіріңді таянба, Жағыңды таянба, Бос бесікті тербетпе, Бесікті ашық қалдырма.   Жеті атаңды ата. Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.   Сүттен жасалатын тағамдарды ата. Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, іркіт  т.б. Наурыз көже қалай жасалады? Наурыз көже жеті түрлі тамақ қосу арқылы жасалады.   Ұлттық ойындарды ата. Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу,  ақсүйек, тоғызқұмалақ т.б. Жеті қазынаны ата. Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт,  мылтық. Үш алысты ата. Кәрім мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.  Би: «Түркістан»  Құт­ береке Наурыз айым келді деп, Жер ттүледі жасыл­желек желбіреп. Айналайын атамекен, кең далам, Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.   Аспанымда ақша бұлттар аунайды, Наурыз тойы көңіліңді баурайды. Тебіренген табиғат та мәз­мейрам, Аңқылдаған қазағымнан аумайды.   Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім, Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін. Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің, Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің!  Бата  беру Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! Төрт түлік ақты болсын, Ұлыстың ұлы күнінде Ұлыс оңға қонсын. Менің берген бұл батам, Алланың құлағына салынсын! Әумин! Тәрбиеші: Балалар, Наурыз мейрамы күні кім ел аралап,  қыдырып жүреді? Балалар: Қыдыр ата! Тәрбиеші: Дұрыс. Ал, Қыдыр ата бізге не әкеледі? Балалар: Молшылық, бақыт, мереке, байлық, бірлік, достық  әкеледі. Тәрбиеші: Жарайсыңдар, кәне Қыдыр атаны қарсы алайық.  Залға әуенмен Қыдыр ата келеді. Қыдыр ата: Жетегің бұйда болсын,                        Арқаң шуда болсын.                         Беретін асың болсын,                          Көретін жасың болсын.                         Бесігің алдыңнан түспесін, Басыңнан жақсылық кетпесін,                         Жамандық саған жетпесін. Наурыз мейрамы құтты болсын, ұлыс оң болсын! Тәрбиеші: Қош келдіңіз, Қыдыр ата. Келіңіз, төрлетіңіз.  Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға  береміз. Тәрбиеші: Ал, Қыдыр ата, жаңбырменен жер көгерер,  батаменен ел көгерер деген. Балаларға батаңызды беріңіз. Қыдыр ата: Қоштасып кетіп қалады.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.

Наурыз - праздник весны.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.05.2017