1733 ж Джон Кей шұға тоқығанда өздігінен қозғалатын қайықша (челнок) ойлап тапты. Ол (челнок) еңбек өнімділігін екі есеге арттыруға мүмкіндік берді. Өздігінен қозғалатын қайықша (челнок) ойлап табылғаннан кейін тоқымашылар матаны көбірек шығара бастады.
Жаңа машиналар су күшімен қозғалатындықтан, фабрикалалар құрылысы өзендер маңына салынды. Бұл өнеркәсіптің дамуын тежеді. 1784 жылы Джеймс Уатттың суға тәуелді емес бу қозғалтқышын (кейбір деректер бойынша, 1782 жылы) жасауы өнеркәсіп өндірісінде серпіліс болды. Бу қозғалтқыштары барлық салада қолданыла бастады.
Машиналарды өндірісте жаппай қолданудың арқасында металлға деген сұраныс артты. 1784 жылы шойын өңдеу технологиясының дамуы металлургияда еңбек өнімділігін 15 есе арттырды. Өнеркәсіптің көтерілуі көліктің өзгеруіне себеп болды. 1825-1830 жылдардағы Англиядағы алғашқы теміржол құрылысы салынды. Манчестер мен Ливерпульді қосуға рұқсат етілді.
Нэдда Лудда деген кім?
Индустриялды қоғамға өту басқаша қалай аталады?
Орта тап қоғамның қандай таптарын біріктірді?
Алғашқы жіп иіру фабрикасын ашқан кім?
Джон Кейдің ойлап тапқан туындысы?
Мьюл-машинаны ойлап тапқан кім?
Роберт Фултонның параходы қай жылы пайда болды?
Паравозды ойлап тапқан?
Өнеркәсіп орындарының өзендер қуатына тәуелділігін жойған не?
1765 жылы Джеймс Харгривс нені ойлап тапты?
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.