Нұр-Сұлтанға саяхат.
Оценка 4.6

Нұр-Сұлтанға саяхат.

Оценка 4.6
Работа в классе
docx
математика
Детсад—1 кл
07.02.2020
Нұр-Сұлтанға саяхат.
Мектеп алды даярлық
КМЖ.docx

Білім беру саласы:

   Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі:

    Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы:

 Нұр-Сұлтанға саяхат. Бөліктерден фигуралар

құрастырамын.

Оқу мақсаты:

0.3.2.1. Үлгі бойынша геометриялық фигураларды құрастыру.

ҰОҚ мақсаты:

-үлгі бойынша геометриялық фигураларды құрастырады.

-суреттің қандай бөліктерден құралғанын атау (өрнек, фигура,

-тапсырылған жəне өз бетінше дайындалған бөліктерден заттарды

(суреттер, аппликациялар жəне т.б.) өз бетінше жинайды.

Ресурстар,

дамытушы орта:

 Суреттер, үлестірмелі материал, әліппе-дәптер. 

Жоспарлау

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Басталуы

0–5 минут

Ынталандыру.

Педагог Қазақстанның бас қаласы – Астана туралы əңгімеге тартады.

Астана көріністерін көрсетеді. Ғимараттар мен алаңдардың пішіндерін атайды.

Өзектендіру

Тапсырмаларға кіріспес бұрын екі бөліктен шеңберлер (шаршылар) жинауды ұсынады.

 

Үлестірмелі

материал.

Ортасы

6–15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16–25

Мақсат қою (проблемалық жағдай)

Бүгін біз фигураларды бөліктерге бөліп жəне бөліктерден фигуралар жинап жаттығамыз.

Жаңалық ашу.

(Т) Қала көріністері бейнеленген кесілген ашықхат немесе сурет бөліктерін таратады. Олардан бүтін сурет құрауды сұрайды.

(Ө) 1-тапсырманы орындауды ұсынады, онда суретті жинау қажет.

– Шаршы неше бөлікке бөлінген?

– Бөліктерді қалай жапсыру керек? (тапсырылған деректер бойынша).

– Не шықты?

Жаңаны қолдану.

(Т)Геометриялық конструктормен тəжірибелік жұмыс ұйымдастырады. Балалар топтарға бөлініп, тəжірибелік жұмысты орындайды.

2-тапсырма өз бетінше орындалады. Оны баланың өз бағытын салуы мүмкін екендігімен толықтыруға болады.

(Ө) Бұдан əрі 3- тапсырма өз бетінше орындалады. Балалар суреттердің бөліктерін біріктіріп, бояйды (түсінік беруін –

бөліктерін атауын ұсынуға болады).

- Сурет қандай бөліктерден тұрады?

- Екі жартыны қатар қойса, не болады?

Төрт төрттен бір бөлікті қойса не болады?

Т) Балаларға шаршы бөліктерінен геометриялық құрастырмалар таратылады. Бөліктер мен фигураларды атай отырып, топ бір ойыншық құрастыруы тиіс.

Əліппе-дəптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі

материал.

Жиынтық

полотно

Рефлексия

26–30

Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды.

Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликтісалуға болады.

 

Əліппе-дəптер

 


 

Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Оны баланың өз бағытын салуы мүмкін екендігімен толықтыруға болады

Оны баланың өз бағытын салуы мүмкін екендігімен толықтыруға болады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.02.2020