Топпен жұмыс |
1 топ: 1.Бизнесмен 2015 жылы 50 000 доллар көлемінде пайда алды. Келесі жыл сайын оның табысы өткен жылмен салыстырғанда 200% - ға өсті. Бизнесменнің 2018 жылғы жалпы табысы қандай? 2.Екі дос банкке әрқайсысы 100000 теңгеден салды, ал біріншісі - 10% тоқсан сайынғы есептеумен, ал екіншісі-45% жылдық есептеумен салымға ақша салды. Бір жылдан кейін достар оларға тиесілі пайыздармен бірге ақша алды. Кім үлкен пайда тапты? 2 топ: 1.Бактерия тірі ағзаға түсіп, 20 минуттың соңына қарай екі бактерияға бөлінеді, олардың әрқайсысы келесі 20 минуттың соңына қарай тағы да екіге бөлінеді және осылайша жалғасады. Тәулік соңына қарай бір бактериядан түзілетін бактериялардың санын табыңыз. 2.Тұмаумен ауырған адам бір күнде төрт адамды жұқтыруы мүмкін. 341 адамнан тұратын барлық мектеп оқушылары қанша күннен кейін ауруға шалдығады? 3 топ: 1. Дәрігер емделушіге иммунитет жүйесін нығайту үшін прополис тұнбасын қабылдауды ұсынды. Емделу курсын 5 тамшыдан бастап, әр күн сайын қабылдау дозасын 5 тамшыға артық қабылдап отыруы керек. 40 тамшыға жеткенде, үш күн 40 тамшыдан ішуі керек, содан кейін әр күн сайын дозасын 5 тамшыға азайта отырып 5 тамшыға жеткенше ішуі керек. Егер бір флаконда 20 мл (250 тамшы) болса, емделуші қанша флакон дәрі сатып алуы керек? 2. Асхат үзілісте тоқаш жеді. Тамақ кезінде ішекке 30 дизентериялық таяқшасы түсті. Әрбір 20 минуттан кейін бактериялар бөлінеді ( олар екі еселенеді). 6 сағаттан кейін ішекте қанша дизентерия таяқшасы пайда болады? 4 топ: 1. Жарыста 25 атыстан тұратын оқ ату бойынша әрбір тимеген оқ үшін айып ұпайлары: бірінші тимеген оқ үшін - бір айып ұпай, әрбір келесісі үшін – алдыңғы ұпайға қарағанда 0,5 ұпай артық алынды. 7 айып ұпайын алған мерген қанша рет тигізді? 2.Ұлу ағашқа өрмелеп барады. Бірінші минут ішінде ол 30 см, ал әрбір келесі минутта алдыңғысына қарағанда 5 см артық өрмелейді. Егер қозғалыс ағаш түбінен басталса, ұзындығы 5,25 м ағаштың шыңына қанша уақытта жетеді? |
Деңгейлік тапсырмалар |
А. Шектелген арифметикалық прогрессияны құрайтын үш санның қосындысы 24-ке тең. Егер екінші санды 1-ге, соңғы санды 14-ке арттыратын болсақ, онда шектелген геометриялық прогрессияны аламыз. Осы сандарды табыңдар.
В. Үш сан шектелген геометриялық прогрессияны құрайды. Егер соңғы саннан 16-ны азайтатын болсақ, онда шектелген арифметикалық прогрессия шығады. Егер бірінші сан 9-ға тең болса, онда қалған екі санды табыңдар.
С. Геометриялық прогрессияның алғашқы үш мүшесінің қосындысы 91-ге тең. Егерде осы сандарға сәйкесінше 25; 27; 1 қосатын болсақ кемімелі шектелген арифметикалық прогрессияның үш санын аламыз. Геометриялық прогрессияның жетінші мүшесін табыңдар. |
Үй тапсырмасы |
Есеп 1. Жігіт мұра алды. Бірінші айда ол 100$ жұмсады, ал әрбір келесі айда ол 50$ артық жұмсады. Ол екінші айда қанша $ жұмсады? Үшінші айда қанша жұмсады? Оныншы айда қанша жұмсады? Егер ақша бір жылға жетсе, мұраның мөлшері қандай? Есеп 2. Тақтаға шақырылған оқушылардың бірі мұғалім үстелінен есікке тура келуі керек. Бірінші қадам ұзындығы 1 м, екінші м, үшіншім және т.с. жалғасады, яғни келесі қадамның ұзындығы алдыңғы қадам ұзындығынан екі есе аз. Егер үстелден есікке дейінгі қашықтық тура 3 м болса, оқушы есікке жете ме?
|
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.