Жұптық жұмыс
№1. Екі жұмысшы бірігіп 45 минут жұмыс жасағаннан кейін, екінші жұмысшы қалған жұмысты 2 сағ 15 минутта аяқтады. Осы жұмысты екінші жұмысшы жеке орындаса біріншіге қарағанда 1 сағ артық жұмсайтыны белгілі болса, онда әр жұмысшы жеке қанша уақытта орындайды?
№2 Өзен аңғарында А пункті орналасқан. Катер А пунктінен шығып ағыспен аңғардың бітетін жеріне, яғни өзен арнасында орналасқан В пунктіне дейін 80 км жүріп, әрі қарай өзен бойымен жоғары С пунктіне кетеді. А пунктінен С пунктіне дейін ол 18 сағ, кері қайтуға 15 сағ уақыт жұмсайды. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ, ал катердің өз жылдамдығы 18 км/сағ екені белгілі болса, В пунктінен С пунктіне дейінгі арақашықтықты табыңдар
Тапсырма № |
Дескрипторлар |
+/- |
1-2 |
Математикалық моделі дұрыс құрылған |
|
Теңдеулер жүйесі дұрыс шешілген |
|
|
Жауабы дұрыс жазылған |
|
Топтық жұмыс
№3.
Егер екі құбырды бір уақытта ашса,
онда хауыз 2сағ 24 мин толады. Бастапқыда екінші
құбырдың хауызды жеке толтыратын уақыттың
ширегінде тек бірінші құбыр, одан кейін бірінші
құбырдың хауызды жеке толтыратын уақыттың
ширегінде тек екінші құбыр ашық болды. Сонда хауыздың -ін толтырылғаны белгілі
болды. Хауызды әр құбырмен жеке-жеке толтыру үшін
қанша уақыт қажет?
№4. Моторлы қайық 5 сағатта 42 км ағыспен, 20 км ағысқа қарсы жүріп өтті. Егер ағыс жылдамдығы 2 км/сағ болса, қайықтың меншікті жылдамдығын табыңдар.
№5 Ұзындығы 100 м болатын шеңбер бойымен екі нүкте бірқалыпты қозғалуда. Олар бір-біріне қарама - қарсы қозғалыс жасай отырып әр 4 с сайын, бір бағытта қозғала отырып әр 20 с сайын кездеседі. Осы нүктелердің жылдамдығын табайық.
Тапсырма № |
Дескрипторлар |
+/- |
1-2 |
Математикалық моделі дұрыс құрылған |
|
Теңдеулер жүйесі дұрыс шешілген |
|
|
Жауабы дұрыс жазылған |
|
Үй жұмысы
№1. Екі құбыр хауызды 6 сағатта толтырады. Егер бірінші құбыр арқылы су екіншіге қарағанда сағатына 50% артық ағатыны белгілі болса, онда хауызды әр құбыр жеке-жеке неше сағатта толтыратынын анықтаңдар.
№2. Қуаты әртүрлі екі құбыр хауызды 4 сағатта толтырады. Бірінші құбырға хауызды жартылай толтыруы үшін екінші құбырдың хауыздың төрттен үш бөлігін толтыратын уақытына қарағанда артық 4 сағат қажет. Хауызды әр құбыр жеке-жеке неше сағатта толтырады?
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.