Открытый урок
Оценка 5

Открытый урок

Оценка 5
docx
10.01.2020
Открытый  урок
открытый урок.docx

 

Сабақтың тақырыбы

Мен ертегі оқимын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айра білуді үйрету.

Білімділігі:

Үйшік ертегісінің  мультфильм көрсету арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін  арттыру.

Дамытушылығы:

оқушыларды өнерге бейімдеп, әртістік қабілетін арттыру.

Тәрбиелігі:

өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Ертегінің кейіпкерлері:

Ертекші , тышқан, бақа, қоян , қасқыр , аю, түлкі.

Көрнекілігі:

интерактивті тақта,  «Үйшік» ертегісі,

смайликтер.

 Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

0-2 мин

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

 

Жоғары қар ап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім,

Оңға ,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

 

Мотивация

2-7 мин

 

Мұғалім балалардың назарын бұрышта тұрған үйшікке айналдырады

Балалар қызықтанып үйшікке қарайды

Мұғалім балаларға сұрақ қояды

 Балалар мынау не?

 Балалар жауап береді

Бұл үйшік

Үйшік туралы не білесіндер?

Балалар үйшік ертегі туралы айтуға бастайды

Сол уақытта мұғалім балаларға сұрақ қояды

- Ертегі деген не?

Балалар жауап береді

Мұғалім балаларға көмектеседі

Ертегі- халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі,ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.

жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)

   қиял-ғажайып ертегілер

   шыншыл ертегілер

- Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын білеміз.

Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайп оқиға аралас келіп отырады.

- Балалар қалай ойлайсындар не туралы біз сабағымызда айтамыз?

Балалардың жауаптары.

Мұғалім

- Біз бүгінгі сабағымызда ертеден келе жатқан «Үйшік» ертегісімен танысамыз.

 

Мағынаны тану

7-27мин

-         Балалар, сабағымызға үйшік ертегісін интерактивті тақтада көреміз . Балалар ертегіні көреді

-         Ой шақыру мақсатында сұрақтар

қойылады: -

Балалар, сендер қандай ертегі көрдіңдер?

Ертегі не туралы? Ертегінің кейіпкерлерін атаңдаршы. Оларды сипаттап бере аласыңдар ма? Балалар қай кейіпкер сендерге ұнады?

Сөздікпенен жұмыс .Мұғалім интерактивті тақтадағы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқушылар қайталайды.

Сергіту сәті. Балалар доппен ойнап жаңа сөздерді естерінде сақтайды

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс

Берілген суреттерді бояп . Тустерді еске алады.Қазақ тіліне тән  дыбыстарға назар аударады. Топтық жұмыс. Оқушыларға  өткен ертегілердің бөліктері беріледі кеспе қағаздар таратылады. Балалар кеспе қағаздардан ертегілерді құрайды .

Формативті бағалау .Балалар саусақтарымен бір бірін бағалайды.

 

Рефлексия

27-30

Мұғалім смайликтер таратады. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.

 

 

Открытый урок

Открытый  урок

Открытый урок

Открытый  урок

Открытый урок

Открытый  урок

Открытый урок

Открытый  урок
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.01.2020