Бұл материалда төртінші сынып оқушыларының өздері шығарған өлеңдері жарияланып отыр. Оқушылар әртүрлі тақырыпта : анасына, туған жерге, ұстазға, Отанға, адамзат баласына арнап жүректен шыққан өлеңдерін жолдады. Осы өлеңдерін "Жас ақындар" сайысында оқып, топтық және жекелей турларда жүлделі орындарға ие болды.Олендер
Оқушылар шығармашылығы.docx
Анама
Анам менің өмірдегі тірегім,
Анам менің кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
Ана деген мейірлі күн ғой шуақты,
Бар жылуын баласына сыйлапты.
Ана деген ардақты да аяулы,
Жарқын жүзді шырайлы да қымбатты.
«Шаңырақ» мектеп гимназия» КММ
4 «А» сынып оқушысы
Айдосқызы Аида Қадірле адамзат барыңды.
Ей, адамзат, қадірле!
Қолыңдағы барыңды.
Ел намысын қорғаған
Дара туған Нарыңды
Кең байтақ жатқан жеріңді,
Тәуелсіз болған еліңді.
Қадірле, адамзат, қадірле
Айдын шалқар көліңді.
Қадірле ата анаңды
Жарқын дүние сыйлаған.
Қадірле қарындас бауырды
Жүрегі бірге ауырған.
Он екі мүшеңді сау қылып
Жинап берген бойыңа,
Қанағат етіп жүрейік
Алланың берген сыйына.
«Шаңырақ» мектеп гимназия» КММ
4 «А» сынып оқушысы
Коксогонов Әліби Көктем
Көктем келді далаға
Қуаныш сыйлап баршаға.
Құстар елі ән салып
Көктемді бірге қарсы алдық.
Көктем міне байқалды
Ағаш гүлдер жайқалды.
Қылышын сүйреп қыс кетті
Көктем келген соң қалаға
«Шаңырақ» мектеп гимназия» КММ
4 «А» сынып оқушысы
Кабиков Диас Туған жерім.
Қазақстан туған жерім
Егеменді туған елім.
Мен өзіңмен мақтанамын
Байтақ жатқан тәуелсіз елім!
Асқар тауым, шалқаркөлім,
Көріктісің туған өлкем!
Самал желмен тербеледі
Гүл, ағашы нағыз көркем!
«Шаңырақ» мектеп гимназия» КММ
4 «А» сынып оқушысы
Барзанова Назира Туған жер.
Туған жерім Риддерім , өлкем менің!
Кенге толы қазыналы жерім менің.
Орманы жасыл, аспаны көк
Табиғаты көрікті қалам менің.
Туған жер әркімге де ыстық ғой,
Көркіне көз тоймайтын әсем ғой.
Талай ақынды жырлатқан
Тебірентер алып ғой.
«Шаңырақ» мектеп гимназия» КММ
4 «А» сынып оқушысы
Қабидешев Әділ Анашым
Түн ұйқысын төрт бөлетін анашым,
Баласы үшін жан беретін анашым!
Табылатын әркез менің жанымнан
Аман болшы аяулы жан анашым!
Асыл ана құдіретіңнен айналдым,
Сенсің менің өмірдегі байлығым.
Сенсіз өмір, сенсіз тірлік бос екен
Осыны мен әрқашан да ойға алдым.
«Шаңырақ» мектеп гимназия» КММ
4 «А» сынып оқушысы
Жанымханова Айым Менің отбасым
Теңіздей шалқып жүремін,
Сүйенер сенсің – тірегім.
Барсам да қайда, жан әке
Өзіңмен бірге жүрегім!
Алақаны аялы,
Анам бар жаны саялы.
Кешіре білген кінәмді
Аман бол ана, аяулы!
Маған ақыл беретін,
Әжем менің асыл жан.
Сипап жақсы көретін,
«Құлыным» деп басымнан.
Айтады ертек жан атам
Ақ сақалын салалап.
Құмарымды тарқатам
Жер мен көкті аралап
Інісі бардың тынысы бар
Деген сөзде бір мән бар
Жанымды менің тындырар
Нұрислам атты інім бар «Шаңырақ» мектеп гимназия» КММ
4 «А» сынып оқушысы
Нұрахманов Сырым
Оқушылар шығармашылығы
Оқушылар шығармашылығы
Оқушылар шығармашылығы
Оқушылар шығармашылығы
Оқушылар шығармашылығы
Оқушылар шығармашылығы
Оқушылар шығармашылығы
Оқушылар шығармашылығы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.