ҰМЖ тарауы: 9 -бөлім |
Күш моменті |
|||||
Күні: 09.06.2017 ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Адиетова Л.Ж |
|||||
Сынып: 7 |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||
Сабақтың тақырыбы: |
Пайдалы әрекет коэффициенті |
|||||
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаты |
-Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау |
|||||
Сабақ мақсаттары |
1.Барлық оқушылар білуге тиісті: Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтай алады. 2.Оқушылардың көпшілігі орындай алады. Құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, ПӘК-ті анықтайды. 3.Кейбір оқушылар орындай алады. Мысалдар арқылы өмірмен байланыстыра алады. |
|||||
Бағалау критерийі |
Механизмдердің ПӘК-ін анықтайды.
|
|||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді,ұғымды, формулаларды пайдалана, түсіндіре алады. Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Пайдалы жұмыс, толық жұмыс, ПӘК Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі. Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Толық жұмыс пен пайдалы жұмыстың айырмашылығы....... 2. ПӘК-і әрқашан 1-ден немесе 100% -дан........ 3. Мәңгі қозғалтқыштар жасау мүмкін бе? |
|||||
Құндылықтарға баулу |
"Жалпыға бірдей еңбек қоғамы" құндылығы бойынша еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа баулу. |
|||||
Пәнаралық байланыс |
Математика,жаратылыстану |
|||||
Алдыңғы білім |
ПӘК ұғымын, формуласын біледі. Жай механизмдерге мысалдар келтіре алады. Механиканың алтын ережесін біледі. |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың Жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар
|
||||
Сабақтың басы |
1.Ұйымдастыру бөлімі. 2.Атмосфералық ынтымақтастық орналастыру "Өрмекші" әдісі 3. Топтарға бөлу. Суреттер арқылы. (Қайшы, көлбеу жазықтық, блок) Әр топ өздеріне топ басшысын сайлайды. Топ басшысы бағалау парағы арқылы өз топ мүшелерін бағалайды.
4.Үй тапсырмасын сұрау «Допты лақтыру» әдісі. Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл əдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді. Топ бірін-бірі «Шапалақ» арқылы бағалайды. |
Суреттер, жіп, бағалау парағы
|
||||
Сабақтың ортасы
Бағалау критерийі
Бағалау критерийі
|
1.(W,G)"Миға шабуыл" (әр топ өздеріне берілген сурет бойынша сөйлейді) 2. Жаңа тақырып. «Топтық жұмыс» әр топ өздеріне берілген тапсырманы постер арқылы қорғайды. 3. (Е) Эксперименттік тапсырма. Әр түрлі білеушенің ПӘК-ін анықтау. 1.Денені һ биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін Ап-пайдалы жұмысты анықта. 2.Денені көлбеу жазықтық бойымен һ биіктікке бірқалыпты көтергенде істелетін Ат-толық жұмысты анықта 3. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықта Дескрипторы -пайдалы жұмысты анықтайды; -толық жұмысты анықтайды; -жазықтықтың ПӘК-ін анықтайды ҚБ: "Екі жұлдыз, бір ұсыныс" арқылы әр топ бірін-бірі бағалайды Сергіту сәті. «Әлқисса» видеоролик арқылы қайталап оқушылар билейді. 4.Тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар. Саралау әдісі. 1.Жұмысшы массасы 40 кг арбаны 70 см биіктікке 120Н күш жұмсай отырып итеріп шығарды. Жазықтықтың ұзындығы 6 м. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықта. 2. Қуатын 25 кВт-қа дейін арттыра отырып, насостың қозғалытқышы 110м3мұнайды 5м биіктікке 10 минут ішінде көтерсе, қондырғының ПӘК-і қандай? 3.Домкрат бұрандасының қадамы 10 см, тұтқа иіні 52 см. 90Н күш түсіре отырып,28 кН жүкті көтеру үшін домкраттың ПӘК-і қандай болу керек. Дескрипторы -есептің берілгенін жаза алады. -ХБЖ айналдырады -формуласын біледі -пайдалы жұмысты анықтайды; -толық жұмысты анықтайды; -жазықтықтың ПӘК-ін анықтайды ҚБ: "Бас бармақ" арқылы әр топ бірін-бірі бағалайды
|
Тақтай, динамометр, өлшеуіш таспа, штатив.
Видеоролик
|
||||
Сабақтың соңы
|
Топ басшылары балдық жүйемен өзінің тобындағы оқушыларды бағалайды. Рефлексия (Кері байланыс) Оқушыларға стикерлер таратылады. Сол бойынша бүгінгі сабақтағы өздерінің деңгейлерін жазып, жапсырады.
|
Әр түрлі түстегі стикерлер. |
||||
Қосымша мәлімет |
||||||
Саралау - оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ – мен байланыс. |
||||
"Өрмекші", , «Доп лақтыру», " Саралау", "Эксперименттік тапсырма", Топтық жұмыс Рефлексия «Білім терегі» |
Қалыптастырушы бағалауды ұсыну үшін : «Шапалақ», «Бас бармақ», "Екі жұлдыз, бір ұсыныс" |
Оқушылардың партада ыңғайлы, дұрыс отыруын қадағалаймын. Сергіту сәті арқылы дене қимылдарын жасатамын. Оқушылардың техникалық қауіпсіздігін қадағалаймын.
|
||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.