Поурочный план по теме " Ахмет Байтурсынов" . ( о его жизни и творчестве)
Оценка 4.6

Поурочный план по теме " Ахмет Байтурсынов" . ( о его жизни и творчестве)

Оценка 4.6
docx
18.03.2024
Поурочный план по теме  " Ахмет Байтурсынов" .  ( о его жизни и творчестве)
180324.docx

Шығыс Қазақстан облысы  білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Негізгі орта мектеп - интернет» КММ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі  Алтынай Ерсеновна Жигитекова.

 

Сабақ жоспарының үлгілері

Күні:

 

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Кіріспе. Курстың тақырыбы, мазмұны

 Сабақтың  мақсаты

А.Байтұрсынұлы өмірі мен қызметіне қатысты деректерге шолу жасайды, курстың мақсаты, міндеттерімен танысады.

ОДД

түсіну

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

 

 Сабақтың басы

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

Ой қозғау сқрақтарын ұсынады.

А.Байтұрсынұлы кім?

Ол өзін саясаткер ретінде қалай көрсетті?

Оның өмірі туралы не білесіздер?

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тарихындағы орны қандай?

 

«А.Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы» тақырыбында бенеролик көрсетіледі, жауаптарын толықтыруды сұрайды.

Сұрақтарға жауап береді. Бейнеролик те берілген ақпаратпен танысып,  жауаптарын толықтырады

https://www.youtube.com/watch?v=I6WAWEVFfvs

 

 

Сабақтың ортасы 

25 мин

 

 «Ахмет Байтұрсынов-ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға»,-деп Ә.Кекілбаев атап көрсеткендей, ғалымның артына қалдырған мұрасын расында да ешкіммен салыстыруға болмайды. «Жаңа жазу . Жаңа әліппе. Тұңғыш емле. Тұңғыш фонетика. Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминалогия мен әдістеме. Тілашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл жұмсалар». Ол ашқан «Қазақ» газеті мен қазқ мектептері, Қазақ мұғалімдер курсы, ол жасаған қазақ терминдері қоры, осылай санай берсек, ұлы ағартушының қазақ мәдениетіне, Қазақстан ғылымы мен оқу –ағарту ісіне қосқан іргелі үлесі үшін ұшан теңіз.

Қазіргі таңда тіл білімі ғылымының қоржыны тың жаңалықтармен, зерттеулермен, ғылыми еңбектермен толығып, күрделі салаға айналғаны белгілі. Міне, осындай мақтанышты рухани мұрамызға айналған Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінің маңызы ғалымдар тарапынан бүгінде жан-жақты зертеліп, қазақ тілінің  “ахметтану” деп аталатын қуатты саласы қалыптаса бастады. Дегенмен, ғалымның ғылыми-танымдық салмағы ерекше еңбектерін  жастар, мектеп оқушылары үшін кеңінен мәлім деп айта алмаймыз. Қоғам қайраткерінің жеке тұлғалық қасиеттері, көшбасшылық қабілеті, мақсат-мұраты мен отансүйгіштігі, жұртына қызмет етудегі жанкештілігі, ана тіліміздегі әліпбидің қалыптасуындағы ерен еңбегі әр қазақ баласына үлгі, өнеге болуы керек. Осы себептен қазақ әліпбиін түзеп, түрлеудің, ана тілінде оқулықтарды жазудың мәні зор екенін ғасыр басында қоғами ахуалмен байланыстыра отырып, аса жауапты жұмысты қолға алған Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімін дамытудағы үлесін танытатын еңбектерін тануымыз керек.

Осы курсты оқудағы мақсатымыз  - бүгінгі қазақ ғылымы мен біліміне алтын іргетас болып отырған Ахмет Байтұрсынұлының тіл білімі саласындағы тиімді қағидаларын,  мұраларын тану . Курс барысында Ахмет Байтұрсынұлының тіл білімі саласындағы зерттеу еңбектерімен танысып, тіл білімі саласындағы Ахметтің рөлі туралы тілші  ғалымдардың зерттеулерін оқимыз; қазақ терминологиясы ғылымы қорытының қалыптасуындағы рөлін зерделеп, ұлттық жазуымыздың қалыптасуындағы қызметін зерделейтін боламыз.  «Ахметтану» курсы мазмұнында Байтұрсынұлын тілші, ғалым, реформатор ретінде танып-білеміз, ғалымның тіл білімі саласындағы ғылыми еңбектері туралы түсінік алатын боламыз.

Курстың мақсаты, міндеттері туралы түсініктерді конспект ретінде жазып отырады.

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

«А.Байтұрсынұлы кім?» деген сұраққа жауап іздейді.

 

https://learningapps.org/26467240

 

 

 

Күні:

 

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өмір жолы

 Сабақтың  мақсаты

А.Байтұрсынұлының өмір жолы, отбасы, тағдыры туралы деректермен таныс болады

ОДД

түсіну

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

 

 Сабақтың басы

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

А.Байтұрсынұлының өлеңін білеміз бе?

Қызығушылықты ояту кезеңінде, автор өлеңінің аудиожазбасын тыңдап, бос орындарды толтырады.

https://learningapps.org/22886570

 

 

Сабақтың ортасы 

35 мин

 

А.Байтұрсынұлының «Өмір жолы» тақырыбында бейнежазбадан үзінді тыңдалады.

Тыңдалым мәтіні негізінде оқушылардың өздеріне сұрақ құрып, өзара жауап беруді тапсырады.

Өмір жолы бойынша конспект жаздырады.

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы январьдың жаңаша 28-інде, ескіше Торғай уезі, Торғай облысында туған. Руы қазақ ішінде арғын. Ахметтің əкесі Байтұрсын Шошақұлы, арғын ішінде беделді, аталықты, елдің бас адамы болған. Байтұрсынның Ақтас деген інісі болған. Байтұрсын, Ақтасты бұрынғы Ақмола, Торғай облысында білмейтін адам шамалы болуға тиіс.

Байтұрсын, Ақтас атағын шығаруға зор себеп болған нəрсенің біреуі мынау: 1885 жылдың 12 декабрінде, Байтұрсын ауылы Жыңғылды деген өзенде күзектеп отырғанда, сол ауылға Торғайдың ояздық нəшəлнігі Яковлев келеді. Яковлевтің келетін себебі Байтұрсынды ұстау болса керек. Ұстайтын себебі Ақтас, Байтұрсын елде мықты, тізелі адам болумен қатар, үкіметке де көбіне бағынбауға айналған. Байтұрсынның қолында ұры боп тұрып, Байтұрсын аулауға кеткен соң, Торғайдан қашып, Қызылжар (Петропавл) уезіндегі атақты Торсан деген адамды паналаған. Мамай дейтін шалдың айтуына Қарағанда Байтұрсын өзіне беттеген адамды ұрлықпен құртатын кісі болған. Ол кездегі қазақтың «Жақсыларының» ұрлықпен, барымтамен кек алу дағдысына айналған ғой. Яковлев осындай себеппен Бірімжан сықылды төрелердің (Бірімжан төре Жəнібек батырдың тұқымы. Байтұрсын елді өзіне қаратып, Бірімжанның, Сəрдербектің шенін тартып алған) көрсетуі бар, үкіметтің қырын қарауы бар сол істерде Байтұрсынды жауапқа тартуға келген тəрізді.

Байтұрсын мен Ақтас Яковлевке көнбей, араларында жанжал шығып, төбелес болған. Байтұрсын Яковлевтің басын жарған. Бұл жолы Яковлев қаласына қайтып, артынан əскер жіберіп, Байтұрсын мен Ақтасты ұстатқан. Артынан бір жылдан соң Қазанның округтық соты тергеп, екеуін де 1886-жылы 15 жылға Сібірге жер аударуға, мал-мүлкін кəнпескелеуге қаулы қылған. Ахмет бұл кезде 13 жаста. «Маса» дейтін өлең жинағындағы «Анама хат» деген өлеңінде: «Он үште оқ қадалды жүрегіме», – дейтін Ахметтің себебі осы.

Байтұрсынның елде Ерғазы дейтін немере інісі қалады. Бастық адамдары жер аударылып, мал-мүліктен айрылып, «дос-жарандар» бытырап, Байтұрсын тұқымына жүдеушілік кірген сің, Ерғазы Байтұрсын мен Ақтастың балаларын оқытуды ойлайды. Оқытқанда орысша оқытуға ойлайды. Үйтетін себебі, сот болғанда орыстың тілін білмегендіктен Ақтас пен Байтұрсын көп кемшілік көреді. Ерғазы көп кідірмей-ақ, Байтұрсын, Ақтас айдалған жылдың күзінде Ақтас баласы Аспандиярды, Байтұрсын баласы Ахметті Торғайдағы қазақ балаларына арналып орыс тілінде ашылған екі кластық шкөлге береді.

1891 жылы Ахмет ол мектепті бітіреді де, сол жылы Орынборға барып Орынбордағы қазақ балаларына арналған ушителдік көріске кіреді. Бұл көрісті ол 1895 жылы бітіреді. 1895 жылдан 1909 жылға шейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ушител болады. 1909 жылы Ахметті Шыңғысұлы Тəттімбет дейтін жандармада қызмет қылатын адам «Патшаға қарсы» деп көрсетіп, Ахметті жандарма июльдің бірі күні абақтыға жауып, Ахмет 8 айға жақын абақтыда отырып, 1910 жылдың 21 февралында босады да, Орынбор кетеді. 1910 жылдан 1913 жылға шейін Aхмет көбінесе қазақ тілінің құралын, жаңа қазақша мектеп ашудың жолын жоспарлайды. Ара-тұра өлең жазады. Оның тіл туралы сол кезде шығатын «Айқап» журналының 5-6-7 санында мақалалары шығады....Ахметтің ел ісіне, саясатқа араласуы салдарынан КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды.

1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 тамыза тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. 

Тыңдалым мәтіні негізінде Ахмет өміріне қатысты сұрақ құрастырып, өзара сұраққа жауап береді.

https://www.youtube.com/watch?v=b0Sen_y76yM

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

А.Байтұрсынұлының өмір жолына қатысты сұрақтарға жауап береді.

Сәйкестендіру тапсырмасын орындайды

https://learningapps.org/display?v=punkqr8gj22

 

 

Күні:

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Негізгі орта мектеп - интернет»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Негізгі орта мектеп - интернет»

Міне, осындай мақтанышты рухани мұрамызға айналған

Міне, осындай мақтанышты рухани мұрамызға айналған

Сабақтың соңы 5 мин «А.Байтұрсынұлы кім?» деген сұраққа жауап іздейді

Сабақтың соңы 5 мин «А.Байтұрсынұлы кім?» деген сұраққа жауап іздейді

Байтұрсын, Ақтас атағын шығаруға зор себеп болған нəрсенің біреуі мынау: 1885 жылдың 12 декабрінде,

Байтұрсын, Ақтас атағын шығаруға зор себеп болған нəрсенің біреуі мынау: 1885 жылдың 12 декабрінде,

Ақтас пен Байтұрсын көп кемшілік көреді

Ақтас пен Байтұрсын көп кемшілік көреді

Сабақтың соңы 5 мин А

Сабақтың соңы 5 мин А
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.03.2024