Практическая работа №1 предназначено для студентов технических специальностей 0907000 Теплотехническое оборудование и системы теплоснабжения. Составлено на казахском языке для студентов с казахским языком обучения по дисциплине Основы теплотехнических измерений и автоматизация теплотехнических процессов. Выполнение данной работы позволяет получить результат по их знаний по иному специальному предмету.
№ 1тәжірибелік сабақ ++.docx
№ 1 Тәжірибелік сабақ.
Жылу агрегатын жылу техникалық бақылаудың функционалдық
сұлбаларын құру
Сабақтың мақсаты: Жылутехникалық бақылаудың функционалдық
сұлбаларын құрып, үйрену. Өткен дәріс сабағындағы жылу параметрлерінің
белгіленуін пайдалан отырып, функционалдық сызбасын құрып үйрену.
Теориялық сипаттамасы
Біріншілік аспаптар мен түрлендіргіштер, екіншілік аспаптар, дөңгелек
белгінің ішінде болады, егер аспап қалқанда орналасқан болса, олар сызықпен
бөлініп тұрады. Егер аспап объектіде орналастырылған болса, онда сызықпен
бөлінбейді. Дөңгелектің жоғарғы бөлігінде өлшенетін параметр мен аспаптың
функциясы көрсетіледі, бірінші әрпі параметрді, ал екінші әріп оны анықтап тұрады,
ал келесі үшінші компьютермен анықталатын функцияны көрсетеді, дөңгелектің
астында аспаптың нөмірі көрсетіледі. Бірінші әріптің мәндері төмендегідей: T –
температура, P – қысым, F – шығын, L – деңгей, Q – құрамы, D – тығыздық, M –
ылғалдылық, R – радиоактивтілік, S – жылдамдық, жиілік, V – тұтқырлық, W –
масса, K – уақыт, G – өлшемі, орналасуы, H – қолдан әсер ету, U – бірнеше әр түрлі
өлшенуші шамалар, E – кез келген электрлік шамалар. Дөңгелектің жоғарғы
бөлігіндегі екінші әріп: D – айырым, түсуі; F – қатынас, үлес; J автоаттық
қосылуы; Q – уақыт бойынша қосынды. Анықтаушы әріп кейде болмауы да мүмкін.
Дөңгелектің жоғарғы бөлігінде кездесетін қалған әріптер аспап функциясын
сипаттайды: E – біріншілік түрлену; T дистанциялық беріліс; Y – түрлену, есептеу
функциялары; I көрсеткіш; R тіркеу; A дабыл беру; C реттеу; S –қосылу, сөну.
Егер аспап бірнеше функцияны атқарса, оны бірнеше дөңгелектермен белгілеуге
болады. Дөңгелектің сыртында сол жағында орналасатын әріптер өлшенетін шаманы
немесе түрленуді, дабыл белгісінің іске қосылуын немесе қорғаныс шекарасын
көрсетуі мүмкін. Q әрпін түсіндіріп толықтырушы pH белгісі электр өткізгіштік пен
pH анализаторын білдіреді. Ал Y толықтыру үшін E/E, E/P әріптері электр белгісінің
электрлікке немесе пневматикалыққа түрленуін білдіреді. A, S әріптері іске
қосылуды сипаттаушы H,L әріптерімен түсіндірілуі мүмкін. FE
FE
FT
FRA
TE
Шартты белгілері
Шығынның біріншілік түрлендіргіші
(тарылтқыш құрылғы)
Жергілікті жерде орнатылған шығынның түрленуін
электр белгісіне беруші (дифманометр)
Қалқанда орнатылған шығынды өлшеуге арналған
өзі жазатын, белгі беретін аспап
Объектте орнатлыған термотүрлендіргіш (кедергі)
E/E
TT
Қалқанда орнатылған температураның беріліс
түрлендіргіші (нормалаушы түрлендіргіш)
PI
Объектте орнатылған көрсетуші манометр
(жергілікті жерде)
pH
QE
H
LISA
L
LG
Өнімнің құрамын өлшеуге арналған біріншілік
түрлендіргіштер
(pH өлшеуіштің электродтық жүйесі)
Қорғау жүйесіне кіретін қалқанда орнатылған
көрсетуші белгі беруші деңгей өлшеуіш. Берілген
мәннен ауытқулар жоғары және төмен белгі береді.
Жергілікті жерде орнатылған салыстырмалы сосуд Жұмысты орындау тәртібі:
1. Төмендегі суретте ненің көрсетілгенін нақты білу. Қондырғы қандай қызмет
атқаратынын, қондырғының құрылысын білу керек. Қазандықтың жұмыс тәртібін
білу.
2. Қандай параметрлерде жұмыс істейтінін білу.
3. Соған орай қандай өлшеу құралдары қажет екенін белгілеу.
4. Жұмысты орындағаннан соң қорытынды жазу. Бақылау сұрақтары:
1. Ақпараттықөлшеу жүйесінде параметрлердің неше тобы бар, оларды ата.
2. Автоматты басқару жүйесінің маңызы қандай?
3. Өлшеу аспаптарының маңызы қандай?
4. Құрылымдық сұлбадағы белгілердің маңызы?
ПР № 1 по измерению
ПР № 1 по измерению
ПР № 1 по измерению
ПР № 1 по измерению
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.