Бағалау критерийлері
Мәтінді есептер шығару алгоритмін біледі;
Есептің математикалық моделін құрады;
Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін құрады;
Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу тәсілін біледі;
Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешеді.
Brain Gym
Seven mathematicians met up one week. The first mathematician shook hands with all the others. The second one shook hands with all the others apart from the first one (since they had already shaken hands). The third one shook hands with all the others apart from the first and the second mathematicians, and so on, until everyone had shaken hands with everyone else.
How many handshakes were there altogether?
«Қызықты математика» ойыны
Бұл ойынға 5-6 адамнан тұратын топтар қатысады. Ойын екі блоктан тұрады, олардың әрқайсысына 15 минуттан беріледі. Әр блокта топтарға 3 есептен тұратын карточка беріледі. Әр топ карточкаға топтың атын, жауаптарын және дұрыс есептің санына қанша ұпай бас тігетінін (ставка) жазады. 1 ден 3-ке дейінгі кез келген бүтін санға бәс тігуге болады.
Бағалау критерийлері:
Егер жауабы дұрыс болса, есеп дұрыс шығарылған болып есептеледі
Егер есептің бірнеше жауабы болса, жауаптар толық дұрыс болмаса дұрыс емес деп саналады.
Әр дұрыс шығарылған есеп үшін топ 2 ұпай алады.
Дұрыс шығарылған есептердің санын дұрыс болжаған болса (дұрыс бәс тігу) топ 5 ұпай бонус алады.
Егер топтың дұрыс шығарылған есептерінің саны болжанған саннан көп болса, тек дұрыс шығарылған есептер үшін ғана ұпай алады.
Егер топ бәс тігілген саннан аз есеп шығарса дұрыс шығарылған есептері ұшін ұпай алады бірақ жетпейтін әр есеп үшін 2 ұпай айыппұл ретінде алынып тасталады. Осы ретпен әр блокта 6 дан 11 ұпайға дейін алуға болады.
2 блоктың қорытындысы бойынша жоғары ұпай алған топ жеңіске жетеді.
HOME WORK
Егер екі таңбалы санды оның цифрларының қосындысына бөлсек, онда бөліндінің мәнінде 4 және қалдығы 3 болады. Егер осы санды оның цифрларының көбейтіндісіне бөлсек, онда бөліндінің мәнінде 3 және қалдығы 5 болады. Осы екі таңбалы санды табыңыз.
Екі таңбалы сан өзінің цифрларының квадраттарының қосындысынан 12-ге артық және цифрларын ауыстырғанда пайда болған саннан 18-ге артық. Осы санды табыңыз.
Екі таңбалы санның цифрларының квадраттарының қосындысы осы цифрлардың екі еселенген көбейтіндісінен 4-ке артық. Осы екі таңбалы санды цифрларының қосындысына бөлгеннен кейін бөлінгішінде 4, ал қалдығында 9 қалады. Осы екі таңбалы санды табыңыз.
Ізделінді санның оның цифрларының қосындысына көбейтіндісі 90-ға тең, ал осы санның бірліктер саны ондықтар санынан 4-ке артық болса, осы екі таңбалы санды табыңыз.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.