Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау, графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару;
қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу, мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац, графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру;
калькулятор, блокнот;
дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу.
7-сабақ.pptx
Презентация
Компьютерлік техниканың
даму үрдісі
Презентация
Өткен сабақты қайталау
Есептеу техникасы— ақпаратты өңдеу мен есептеудің математикалық
процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін қолданылатын
техника және математикалық құрал жабдықтар жиынтығы.
Ең ерте есептеу құралы есепшот.
Есептеу техникасының дамуына үлес қосқан ғалымдар
Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет «қосу машинасын»
құрастырды.
Вильгельм Шикард "Есептеуіш сағаттар" деп аталатын төрт амалды
орындай алатын калькуляторды ойлап тапты.
Лейбниц қазіргі калькуляторлың негізін салған арифмометрді ойлап
тапты.
Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаны ойлап тапты.
Презентация
Өткен сабақты қайталау
ЭЕМ–нің дамуы 5 буындарға бөлінеді:
І. ЭЕМнің бірінші буыны (19451954) шамдар пайдаланылды.
ІІ. ЭЕМнің екінші буыны (195060 жж.) жартылайөткізгіш диодтар
пайдаланылды.
ІІІ. ЭЕМнің үшінші буыны (1960 жж.) интегралды схема пайдаланылды.
IV. ЭЕМнің төртінші буыны (1970 жж. ) қазіргі компьютерлер заманы
V. ЭЕМнің бесінші буыны (Жапония, 1980жылдар) жасанды интелект
буыны
Презентация
Компьютер
Компьютер (ағылш. computer есептеуіш,
лат. computo есептеймін) – тапсырылған
арнайы нұсқаулар жиынтығы бағдарлама
бойынша есептеу амалдарының күрделі
тізбегін орындау арқылы электрондық
түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге,
сақтауға және беруге арналған машина.
Компьютер термині ХХ ғдың 90 жылдары
«ЭЕМ» терминін толық ығыстырып
шығады.
Презентация
Компьютердің жұмыс істеу принципі
1945 ж. тұңғыш компьютерді жасау барысында америкалық математик және
физик Джон фон Нейман компьютер құрылымының негізін тұжырымдады:
Арифметикалық логикалық есептеу және логикалық операцияларды
тікелей орындайды.
Басқару – бағдарламалды басқару процесін жүзеге асырады.
Есте сақтау (жад) бағдарламалар мен ақпаратты сақтайды.
Сыртқы құрылғылар ақпаратты енгізеді және шығарады.
Ішінара өзгерістермен (арифмет.логикалық және басқару құрылғылары
орталық процессорға біріктірілді) бұл принцип копьютер құрылымында
қазірге дейін сақталған.
Презентация
Компьютерлік техника түрлері
1
2
3
4
Функционалдық
мүмкіндіктері бойынша:
1. Микрокомпьютерлер
(дербес компьютер);
2. Миникомпьютерлер;
3. Мейнфреймдер;
4. Суперкомпьютерлер.
Презентация
Мур заңы
Егер есептеуіш құрылғылардың
1900 жылдан бастап даму
тарихына көз жүгіртетін болсақ,
машиналардың жұмыс өнімділігі
әрбір 1824 айда екі есеге өсіп
отырғанын байқаймыз.
Бұл ерекшелікті алғаш рет 1965
жылы «Intel» компаниясының
басшыларының бірі Гордон Е. Мур
сипаттаған болатын. Компьютерлер
көлемінің кішірею процессі де
осындай жылдамдықпен жүріп келеді.
Презентация
Алғашқы компьютерлер мен қазіргі заманғы
компьютерлерді салыстыру
Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар көптеген тонна салмағы бар,
бірнеше бөлмеде орналасқан үлкен құрылғылар болатын. Олардың қымбат
екені сонша, оларды тек үкіметтер мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана
пайдалана алатын еді.
Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі —
есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару
болып табылады.
Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе
әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті
ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны
өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады.
Презентация
Компьютерлік техниканың даму үрдісі
Бастапқыда компьютерлер толықтай механикалық жүйе болғандығы
белгілі.
ХХ ғасырдың 30жылдары телекоммуникациялық өндіріс
электромеханикалық компоненттерді ұсынды, ал 40жылдары вакуумдық
электрондық лампалар негізінде құрылған толықтай электрондық
компьютерлер жасалды. 5060жылдары лампалардың орнына
транзисторлар келді, ал 70жылдардың басында — қазіргі кезге дейін
қолданылатын интегралдық жүйелер (кремний чиптері) пайдаланыла
бастады.
Презентация
Компьютерлік техника қолданысының
үрдісі
1.Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер үшін қолданылған болатын. Ең алғашқы
шыққан бағдарламалау тілі Фортран тілі де осы себепті тек қана есептеулер
шығаруға арналған болатын.
2.Екінші жолы мәліметтер базасы үшін. Мәліметтер базасын басқару үшін күрделі
компьютерлер және ақпаратты енгізушығару, сақтауға қажетті күрделі жүйелер
қажет болды. Осы мақсаттарда Кобол тілі пайда болды.
3.Үшінші жолы әр түрлі құрылғылармен бірге қолдану. Даму жолы арнайы
мамандандырылған құрылғылардан стандартты компьютерлік жүйеге дейін болды.
4.Соңында, ақпаратпен орындалатын кезкелген жұмыс (мәтінді енгізу, фильм қарау)
компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Компьютерлер қолданылатын
салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған саласы жасанды интеллект
компьютерлерді белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалану болып табылады.
Презентация
Компьютерлік техника болашағы
Қазіргі кезде оптикалық компьютерлердің жобасы жасалуда. Бұл
компьютерлер электр сигналдарының орнына жарық сигналдарын
қолданады.
Басқа перспективті бағыт компьютерлік технологияда молекулярлық
биология және ДНҚ зерттеулерінің жетістіктерін қолдану.
Сонымен қоса, есептеуіш техника саласындағы өте үлкен өзгерістерге әкелуі
мүмкін тәсілдердің бірі кванттық компьютерлерді жасауға негізделген.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.