презентация

  • Презентации учебные
  • pptx
  • 06.12.2018
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Просмотр группасындағы Сократить на страницу түймесі қаріп көлемі мен аралықтарды азайту арқылы беттер санын азайтуға мүмкіндік береді. Параметры страницы группасындағы элементтер арқылы құжат бетінің параметрлерін өзгеруге болады (жиектер, орналастыру, қағаз көлемі, т.б.) Алдын ала қарау режимінен шығу үшін Закрыть окно пребварительного просмотра түймесін не ESC клавишын басыңыз.
Иконка файла материала 24-сабақ.pptx
ГРАФИКАЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІ  ЖӘНЕ КӨРКЕМ ЖАЗУЛАРДЫ  КІРІСТІРУ, СУРЕТТЕР МЕН  ЖАЗУЛАРДЫ ПІШІМДЕУ Ақпараттық­коммуникациялық технологиялар
ГРАФИКАЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРМЕН  ЖҰМЫС  Microsoft Word құжаттарында екі түрлі графикалық  объектілермен жұмыс істеуге болады: суреттер мен бейнелер.  Бұл екі терминнің қарапайым тілде еш айырмашылығы жоқ  сияқты, алайда Microsoft Word­ та олардың ерекшеліктері айқын.   Суреттер­ векторлық табиғатты объектілер (түзу және қисық  сызықтар, стандартты және стандартты емес геометриялық  фигуралар). Оларды құрудың қарапайым құралдары мәтіндік  процессорда бар.   Бейнелер­ тұтас объектілер. Мәтіндік процессор ол бейнелерді  құра алмағандықтан, оны сыртқы объектілер етіп басқа  құралдар арқылы дайындалған (графикалық редактормен,  сканермен, сандық камерамен, графикалық планшетпен)  файлдан қояды.   Суреттер әрдайым құжатқа енгізілген­ сол жерде оларды  редакциялауға болады. Ал бейнелерді енгізу не байланыстыру  арқылы қояды. Оларды мәтіндік процессорда редакциялау  мүмкін, бірақ ол мүмкіндіктер шектеулі.
СУРЕТТЕРМЕН ЖҰМЫС  Векторлық суреттермен жұмысты Рисование  құралдар панелі атқарады (Вид   → Рисование).  инструментов   → Панели   Қарапайым объектілерді құруға арналған осы  панелдің негізгі құралы болып Автофигуры  жылжымалы тізімі саналады.  Бұл тізімде  түзу мен қисық сызықтар, қарапайым  геометриялық фигуралар, фигуралық  сілтеулер мен блок схема элементтері, т.б. бар.
СУРЕТТЕРДІ ЖАСАУ МЕН  РЕДАКЦИЯЛАУ  1. Векторлық объектілер Автофигуры тізімінен таңдау  жасау арқылы алынады.  2. Олардың көлемін жиектеріндегі маркерлерді  жылжыту арқылы өзгертеді.  3. Геометриялық фигураларды жасауды оңайлататын  құрал ретінде көмекші координаталық торды  пайдалануға болады ( Действия  сетке). Ол ұарапайым геометриялық фигуралар жасаған  кезде қолайлы.  4. Контурлық сызық қалыңдығы мен объекттің толтыру  түсі объектінің сипатына жатады. Формат автофигуры  диалогтік терезесінде объектілердің барлық сипаттарын  редакциялауға болады. Бұл диалогтік терезені объектінің  контекстік менюі арқылы немес объектінің өзін екі рет  шерту арқылы ашуға болады.   Сетка  Привязка к  → →
СУРЕТТЕРДІ ЖАСАУ МЕН  РЕДАКЦИЯЛАУ  5. Объектіні бұруды дискретті түрде және үздіксіз  бақылауға болады. Ерікті бұрылыс үшін  Рисование құралдар панелінде Свободное  вращение түймесін пайдаланады. Белгілі бір  бұрышқа бұру үшін бұрышты өлшемін Формат  автофигуры диалогтік терезесі Размер  қосымшасындағы Поворот есептеуішіне енгізесіз.  6. Салынған сурет пен мәтіннің ара қатынасы  күрделі болуы мүмкін. Мәселен сурет мәтіннің дәл  үстінде, не оның артында немесе одан кейін де  орналасуы мүмкін. Мәтін мен суреттің ара қатынасы  амалын Формат автофигуры диалогтік  терезесіндегі Положение қосымшасында таңдауға  болады.
СУРЕТ АУМАҒЫНДА ЖАЗБАЛАР  ЕНГІЗУ  Салынған суреттер құрамында мәтін де болуы мүмкін,  мысалы тақырыптар, сызбалардағы жазбаша не сандық  белгілер.  Бұл жазбаларды мәтіндік процессор  құралдарымен де енгізуге болады, бірақ жазбалардың  керекті жерде дұрыс орналасуы, уақыт өте өзгерістерге  икемді болуы күмән келтіреді.   Суреттерге бекітілген жазбаларды енгізу үшін  қолданылатын құрал Надпись (Вставка  Надпись)  болып табылады. Автофигура құрғанда, жанында  Надпись элементін құрады. Жазба аумағында керек мәтін  теріледі, ол ары қарай редакцияланады. Оның көлемін  мәтін көлемімен маркерлерді жылжыту арқылы  сәйкестендіріп өзгертуге болады.  →  Жазбаның басқа да сипаттамаларын Формат надписи  диалогтік терезесінде (Формат  Надпись) таңдауға  болады.  →
ФОРМАТ НАДПИСИ ДИАЛОГТІК  ТЕРЕЗЕСІ  Фондық түс (егер Нет заливки параметрін таңдаса, онда жазба  түссіз фонда орналасады);  Жиекті сызықтардың түсін, типін және қалыңдағы (егер түс  таңдау кезінде Нет линий параметрін таңдаса, онда басқа  параметрлерді енгізудің керегі болмайды);  Надпись аумағының ішкі жиегі мен мәтіннің  арақашықтығы (Надпись қосымшасында таңдалады).  Надпись объектісін құрғанда оны суретпен топтауға болады,  сонда олар тұтас композиция болады.   Автофигуралар үшін мәтіндік безендірудің ерекше құралы бар,  ол­ мәтін автофигура аумағында қозғала алады. Бұл  автофигураның контекстік менюінде Добавить текст  командасымен жүзеге асады. Егер мәтін көлемді болса, онда  автофигура ауданын маркерлерді жылжыту арқылы өзгертуге  болады, немесе мәтін форматын Форматирование панелінің  құралдарымен өзгертуге болады. Бұл тәсілді блок схемалар мен  құралдардың функционалды схемаларын құрғанда қолданады.
СУРЕТТЕР КОМПОЗИЦИЯСЫМЕН  ЖҰМЫС  Күрделі суреттер қарапайым суреттерді біріктіру арқылы жасалады.  Суреттер композициясын жасар алдында оның сыртқы мәтінмен ара  қатынасын ғана емес, олардың өзара қатынасын да ескерген жөн.  →  Группировать  Бірнеше қарапайым объектілер бір композициялық объектіге   контекстік менюі командасы  Группировка  арқылы біріктіруге болады. Біріктіру үшін барлық объектілер алдын­  ала белгіленуі тиіс, мысалы SHIFT клавишы мен тышқанның оң  жағын бір уақытта басып тұру арқылы. Кері операция Группировка  → көмектеседі.  Разгруппировать  композициялық объектіні бөлшектеуге   Егер композицияны құрайтын объектілер бір­ бірінің үсітінде  орналасса, онда объектілердің сурет жазықтығына нормаль осі  бойында орналастыру құралы болуы керек. Әр суреттің өз қабаты бар.  Мәселен ертерек құралған суреттер астында, кейін пайда болғандар  үстінде орналасады. Сондықтан, кейін пайда болған объектілер  бастапқы объектілерді жауып тастайды. Бұл жайды белгіленген  объектінің басқа объектілерге және мәтінге қатысты орналасуын  өзгерту арқылы ауыстыруға болады. Осыған арналған құралдар  Порядок контекстного меню объекта пунктінде берілген.
КЛИПАРТТАРМЕН ЖҰМЫС  Күрделі композицияларды қолдан жасау өте көп  уақытты алуы мүмкін. Бұндай кездер үшін арнайы  дайын суреттер жиыны бар (клипарттар жиыны).  Осындай жиындар интернетте, жеке дискілерде  болады, ал негізгі коллекция мәтіндік процессормен  бірге орнатылады.     Клипарттарды орнату үшін Вставка  →  Рисунок  Картинки командасы қолданылады. Рисование  құралдар панелінде осындай түйме де бар. Сонда  ашылатын диалогтік терезе Вставка картинки деп  аталады.  →  Клипарттарға тек графикалық объектілер ғана емес,  сонымен қоса дыбыстық және видео клиптар да  жатады. Оларды жоғарыда көрсетілген диалогтік  терезе арқылы да орнатуға болады.
КЛИПАРТТАРМЕН ЖҰМЫС Графикалық клипарттар Рисунки қосымшасында  жиналған. Олар категориялар бойынша бөлінген.  Керекті объектіні тапқан соң, оны белгілеп алып  Вставить клип түймесін басу арқылы  орналастыруға болады.  Клипарттарды редакциялауға болады. Оның тәртібі:  Клипартты тышқанның сол жағымен шертіңіз  Тышқанның оң түймесімен контекстік менюді  ашыңыз.  Контекстік менюде Изменить рисунок  командасын таңдаңыз.  Пайда болған терезеде суретті құраушы жеке  объектлермен жұмыс істеуге болады.
БЕЙНЕЛЕРМЕН ЖҰМЫС  Мұндай объектілерді орнатудың жалпы командасы:  Вставка  →  Рисунок     Из файла. →  Осы команда бойынша керек бейне орналасқан файл  таңдалатын Добавить рисунок терезесі ашылады.  Microsoft Word мәтіндік процессорында керекті бейнені 3  түрлі жолмен орнатуға болады:   Ендіру­ бейне құжатқа енеді де, сол құжатпен көшіріле  алады.  Байланыстыру­ бейне өз орнында қалады, ал құжатта  тек түпкі деректеме тұрады.  Байланыстыру арқылы ендіру­ объект құжат құрамына  кіргенімен, оның түпкі деректемесі сақталады.   Орнату тәсілін Добавить рисунок диалогтік терезесінде  таңдайды.