Операциялық жүйе
Программалық қамтамасыз етудің жүйелік (системалық) түріне жатады.
Қолданбалы бағдармалар мен машинаның арасындағы қарым-қатынасты реттейді.
Бірнеше бағдарламаны бір уақытта қосып пайдалануға мүмкіндік береді.
Бағдарлама жазуды оңайлатады.
Компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Операциялық жүйелердің дамуының қысқаша тарихы
1965-1975 Алғашқы операциялық жүйелердің қалыптасып, даму кезеңі. Алғашқы ОЖ-дің бірі UNIX болды.
1981-1985 Microsoft фирмасы - MS DOS, IBM фирмасы - PC DOS, Novell фирмасы - Novell DOS операциялық жүйелерін шығарды.
1985, ХІ Microsoft Windows ОЖ-нің алғашқы 1.0 версиясы құрылды.
1987, IV IBM фирмасы OS/2 ОЖ-ін іске қосты.
1994. ІІІ UNIX ОЖ-і негізінде Linux 1.0 ОЖ-і шықты
2001 жыл. Windows XP операциялық жүйесі.
Бір міндетті операциялық жүйе
Бір міндетті операциялық жүйе - қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
Мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режімде бір программаны және фондық деп аталатын режімде тағы бір программаны іске қосуға мүмкіндік береді.
Бір адам пайдаланатын операциялық жүйе
Бір адам пайдаланатын операциялық жүйе - компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады.
Бірнеше адам пайдаланатын операциялық жүйе
Бірнеше адам пайдаланатын операциялық жүйеде әрбір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек жеке өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.
Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNIX, бір компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына терминал орнатылуы керек. Терминал ретінде не арнайы жасалған құрылғылар(пернетақтасы бар бейнемонитор), не ДК-де іске қосылған арнайы программа болуы мүмкін.
Қорытынды
Операциялық жүйе (ОЖ) - бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелердің таралған түрлері:
Windows
Linux
Mac OS
Дербес компьютерге арналған ОЖ-лер:
Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын.
Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.