Презентация на тему: "Блум таксономиясы"

  • Презентации учебные
  • pptx
  • 11.02.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Презентация на тему: "Блум таксономиясы". Блум ережелері, блум таксономиясын сабақтта қолдану әд істері, Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.
Иконка файла материала БЛУМ ТАКСономиясы.pptx
Блум  таксономиясы
Таксономия түсінігі Таксономия  (грекше.  táxis  —  орналасу,  құрылыс,  тәртіп және nómos — заң).  Таксономия  –  олардың  иерархиясын  (белгілі  бір  құрылымдағы  бірізділігін,  реттілігін)  құрастыру  бір  мақсатында  өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу. нысандарды  берілген  нақты  Таксономия  оқу  мақсаттары  мен  нәтижелері  бірдей  маңызға,  құндылыққа  ие  бола  алмайтындығына негізделген. барлық
Блум таксономиясы Блум,  Бенджамин  (ағыл.  Benjamin  Bloom)  (1913­ –америкалық  1999)  психолог,  оқыту  әдістерін  зерделеген,  «Блум  атауын  таксономиясы»  алған жүйені құрушы.  Бенджамин Блум  (1913­1999)
Блум таксономиясы Білімді игеруге бағытталған 6 қадам Бағалау Жинақтау Талдау Қолдану Түсіну Білу, тану
Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі O І. Білу. Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi. Шәкірт: Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды); O Нақты фактілерді біледі; O Жұмыстың орындалу ретін біледі, O Негізгі ұғымдарды біледі; O Ережелерді, қағидаларды біледі. Тапсырмалар түрі: Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
O ІІ. Түсіну. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру мысалы,математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.); Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау. Шәкірт: O Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді; O Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды баяндау; түрлендіреді; сипаттайды. O Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді; O Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын O Тапсырмалар түрі: Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.
ІІІ. Қолдану. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. ұғымдарды, әдістерді, O Шәкірт: O Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда Тапсырмалар түрі: Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер. O Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады; O Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын қолданады; көрсетеді.
O ІV. Талдау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді. Шәкірт: O Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады; O Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды, O Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады; O Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды. Тапсырмалар түрі: Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
O V. Жинақтау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді. Шәкірт: O Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады; O Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады; O Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады. Тапсырмалар түрі: Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.
O VІ. Бағалау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.  Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы  өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу  нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. Шәкірт: O Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша  түрде бағалайды; O Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу  материалының маңыздылығын айқындатады; O Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген  фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Оқушыларға (үйренушілерге) берілетін тапсырмалар мазмұны  Білу  Анықтау,  қайталау,  белгілеу,  санап  шығу,  еске  түсіру, атау, назар аудару, жаттау. қайта  құрастыру,  сөзбен   Түсіну  Аудару,  сипаттау,  анықтау,  түсіндіру,  жеткізу,  ерекшелігін  анықтау,  өз  орнына  қою,  әңгімелеп  беру,  мәлімдеп  беру,  салыстыру,  көрсету,  ұқсастықтарын  келтіру,  графикті  оқып  беру,  суретті  түсіндіру,  өз  сөзімен  айту,  анықтаманы  тұжырымдау айырмашылығын
 Қолдану O Интерпретациялау,  қолдану,  бір  нәрсеге  тіркеу,  ретін,  пайдалану,  (жұмыс  (рөлді  қағидасын),  ережесін  сақтап  орындау  орындау), практикада  қолдану, иллюстрациялау,   идеяларға  жүгіну,  жазып  көрсету,  реттеу,  нобайын салу.   көрсетіп  беру   Талдау (анализ)  O Бөліп  шығару,  талдау,  бөлу,  баға  беру,  санап  шығару,  тәжірибе  жасау,  тестілеу,  салыстыру,  қарама­қарсы қою, сынау, диаграммамен көрсету,  тексеру,  талқылау,  анықтап  сұрау,  салыстыру,  мәселені шешу, категорияларға бөлу.
Жинақтау (синтез)  OҚұрастыру,  жоспарлау,  ұсыну,  жасау,  сөзбен  құрастыру,  құрастыру/ретімен  қою,  жинақтау,  шығармашылықпен  орындау,  ұйымдастыру, дайындау, жасап беру. OБағалау  OТиянақтау,  бағалау,  рейтингілеу,  салыстыру,  қайта  қарастыру,  рет­ретімен қою, сұрыптау, таңдау, өлшеу,  жазу,  жақтап  не  жоққа  шығаратын  дәлелдер келтіру. салмақтау,
Таным мен ойлау деңгейі бойынша: білу шкаласы «төменгі»  түсіну мен  қолдану шкаласы «орта»  Талдау (анализ),  синтез және  бағалау «жоғарғы»
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА  РАХМЕТ!