Презентация по историй Казахстана "Қорқыт, Асан қайғы, қазақ жыраулары"

  • Презентации учебные
  • pptx
  • 26.03.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

10-сыныпқа Қазақстан тарихы пәніне арналған презентация сабақ барысында көмекші құрал ретінде қолдануға болады. Тақырыбы: Қорқыт, Асанқайғы және қазақ жыраулары деп аталады. Сабақ жаңашыл инновациялық технология әдістемелері арқылы жүргізіледі. Сынып топтарға бөлініп, ЖИГСО әдісі арқылы оқушылар білімді өз беттерімен алады. Қосымша материалдар слайдта көрсетілген.Қазақстан тарихы пәнінен 10-сыныпқа арналған презентация
Иконка файла материала Қорқыт, Асан қайғы 10-сынып.pptx
Қазақстан тарихы  10­сынып
Үй тапсырмасы: •Орта ғасырдағы  қазақ жерінен  шыққан даналар.
«Ыстық орындық» сұрақтары: 1. Рухани мәдениет пен материалдық  мәдениеттің айырмашылығы неде? 2. Хақназар ханның билік құрған жылдары? 3. «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторы?  4. Моғолстан мемлекетінің негізін қалаушы?
Формативті бағалау Дыбыстау арқылы бағалау Ооооооооо Ммммммм
15.02.2016­жыл 42­43. Қорқыт.  Асан қайғы. Қазақ  жыраулары.
Қорқыт. Асан қайғы. Қазақ жыраулары. •1. Қорқыт. Асан қайғы. •2. Ақындар шығармашылығы.  Қазтуған Сүйінішұлы. •3. Шалкиіз, Доспамбет, Бұқар  жыраулар.
Сабақ  мақсаты: ???
•Табыс  критерийлері  ???
Қорқыт. Асан қайғы. Қазақ жыраулары. •1­топ. Қорқыт. Асан қайғы. •2­топ. Ақындар  шығармашылығы. Қазтуған  Сүйінішұлы. •3­топ. Шалкиіз, Доспамбет,  Бұқар жыраулар.
• Миф, аңыздар Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне  нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф —  фольклордың ең көне жанры. Оның тұп­ тамырлары сонау алғашқы қауымдық  құрылыстан басталады. Адам баласы өзін  қоршаған орта, табиғат, жан­жануарлар, өмір,  өлім, өсіп­өну туралы ерте заманнан­ақ өз  түсініктерін қалыптастырған. Көшпелілердің көне мифтік көзқарастары  жыр­аңыздарда көрініс тапқан. Түркі  көшпелілерінің ең көне аңыздарына Қорқыт  туралы аңыз­әңгімелер жатады. Қорқыт  туралы аңыз­әңгімелердің негізгі сюжеті —  өмір мен өлім, адамның ажал алдындағы  дәрменсіздігі.
Қорқыт ата кітабы. Қорқыт туралы жазба дерек IX—X  ғасырларда пайда болып, XV ғасырда хатқа  түскен. Қорқыт ата кітабы, Қорқыт  жөнінде қазақ ғалымдары — Ә.Марғұлан,  М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. зерттеген. "Қорқыт ата кітабын" дүниежүзілік әдеби,  тарихи мұраның алтын қорына жатқызуға  болады, ол түркі тілдес халықтардың ортақ  мұрасы болып есептеледі. Қорқыт 95 жыл жасаған, оғыз­қыпшақ  заманындағы төрт­бес хандықты басынан  еткізіп, солардың бәрінде бас уәзір болған  деген дерек бар. Қазақтың Қорқыт туралы аңыз­ертегілерінде  ол әулие, қобыз күйінің атасы, мәңгілік өмір  іздеген адам болып суреттеледі.
Ежелгі ғұндардың, көне үйсіндер  мен қаңлылардың аңыз­ әңгімелеріне, жырларына "Ер  Төстік", "Еділ — Жайық" эпостық  жырлары жатады. Ә.Марғұланның  айтуынша, бұл ғажайып мифтер  Қазақстанның көп жерінде  сақталып келген, әсіресе Еділ мен  Жайық өзендері аралығында көп  таралған. "Еділ" аңызындағы батыр  жалғыз көзді дәумен кездесіп, оның  көзін қыздырған темірмен ағызып  түсіріп жеңеді.
•Қазақтың көне аңыз­ әңгімелерінде мал  түліктерінің жебеушісі, пірі бар. Мысалы,  қойдың иесі — Шопан ата, жылқының иесі  — Қамбар ата, түйенің иесі — Ойсыл қара,  сиырдың қолдаушысы — Зеңгі баба деп  түсінген. Қазақ "Ойсыл қара, оңдай гөр",  "Қамбар ата, қолдай гөр", "Шопан ата  байыта гөр"," Зеңгі баба, жарылқай гөр", —  деп, малдың жебеушілерінен көмек сұраған.
Үйге тапсырма: •П. 42-43 оқу, мазмұндау. «15­18 ғасырлардғы мәдениет өкілдері»  тақырыбында сызба құрастыру. Әдет­ғұрып жырларын пайдалана отырып,  көшпелілердің негізгі  құндылықтары туралы әңгімелеп беру. 250­беттегі №5­6 тапсырмаларды орындау.
Чемодан, ет тартқыш, кәрзеңке  Келешекте маған қажет болғандықтан пайдаланамын Бұл мәліметтерді өңдеп пайдаланамын    Қажет емес болғандықтан лақтырып тастаймын
•Табыс критерийі:
Назарларыңызға  рахмет!