Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)
Оценка 4.6

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Оценка 4.6
Интерактивная доска
docx
чистописание
1 кл
16.02.2019
Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)
Тамыз оқулығы..docx
«Науайы атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Баяндама Тақырыбы:  «Ұлттық ойындарды сабақ үрдісінде пайдалану әдіс тәсілдері».                                      Орындаған   бастауыш сынып мұғалімі:                                                           Джуманазарова Муножат Шакирқызы 2018 – 2019 оқу жылы             І. Кіріспе Ойын.             ІІ.  Негізгі бөлім а) Ұлттық ойынның мақсаты. ә) Ұлттық ойындарды сабақ үрдісінде пайдалану әдіс тәсілдері б) Ұлттық ойындардың пайдасы.             ІІІ. Қорытынды             Пайдаланылған әдебиеттер І.  Кіріспе  Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай  құнды мәдени  игіліктердің бірі – ұлттық ойындар. Ойын дегеніміз – адамның  ақыл  ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан  ойға жетелейтін, тынысы  кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Қазақ халқының ұлы  ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер  бала бола ма?»деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.  Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық  дамудың  баспалдағы. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау,  ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни  оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың  салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу  қабілеттерін, зейінділікпен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін  қалыптастырады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым­қатынасы үлкен роль  атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар өзара пікірлесіп, әсер алысады. Ойын  баланың жан – жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл­ қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым­ қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып  табылады. Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері өте көп.  Солардың қай – қайсы да адам игілігіне қызмет етуге бағытталған. Сондай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың  ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, дененің шынығуын  қажет етеді. «Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Қыз қуу», «Ұшты – ұшты», т.б. ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір  тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін тигізеді. Ұлттық ойын баланың дамып жетілуіне, адамгершілік қасиеттерінің артуына,  психикасына да тигізетін әсері мол. Ұлттық ойындар арқылы өз халқының  тарихын, жерін, даму сатысын, әдет­ғұрпын, салт­дәстүрін, қонақ  жайлылығын айқындап көруге болады. Балаларға ұлттық ойындарды үйрету  арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілділікке тәрбиелей  отырып, яғни адамгершілік қасиеттері де қалыптастырылады. Басқа ойындар  сияқты қазақтың ұлттық ойындар тәртібін бұлжытпай орындауы баланың  ойын барысында тәртіп сақтауы, баланы осы кезден бастап тәртіпке,  әділдікке, жинақылыққа баулиды, адал, қайырымды, өжет болуға тәрбиелейді. Ұрпақ тәрбиесі жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі тәлім­тәрбие  жұмысына пайдалана отырып, атадан балаға жалғасып келе жатқан әдет­ ғұрыпымызды, салт­ дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді қадірлеуді балаға сәби  кезінен қалыптастырған жөн. Этнограф­ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, қазақтың ұлттық ойындары  аңға, малға байланысты, алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік  пен икемділікке, батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді.  Қайсыбір ғалымдар қазақ халқының ұлттық ойындары түрінің жүзден асып  жығылатынын айтады. Мұның өзі қазақ халқының ежелден­ақ айрықша  дарынды һәм білімді болғанының дәлелі. Тағы бір ерекшелігі, ұлттық ойындардың, әсіресе, балаларға арналған турлері әдетте  өлеңмен «өрнектеліп» те отырған. Демек, халқымыз ұлттық ойындар арқылы  жас жеткіншектерді өмір сүруге дағдыландырып, қиындықа төзе білуге, қиын  сәттен жол таба білуге машықтандыруды басты мақсат еткен. Мысалы,  «Аламан бәйге», «Аударыспақ», «Арқан тарту» ойындары адамды  төзімділікке үйретуге, ерік­жігерді игере білуге, білек күшін дамытуға  бағытталған. Ұлттық ойындардың тағы бір ерекшелігі, әр ойын жас ұрпақты  салиқалы да салмақты, шебер әрі епті болуға баулиды. Өйткені әрбір адам өзінен өрбіген үрпақтың ынжық, бойкүйез болып қалмай, жан­жақты, білікті  де күшті болып өсуін өмірдің мәңгі мәні ретінде қабылдаған. ­ Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының қай­қайсысының да қоғамдық және  әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса, ұлттық ойындар қазақ халқының о бастан  ерекше мәдениеті болға­ нын айқындайды. Ата­бабаларымыз ұлттық ойындар  арқылы ұрпақтың береке­бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған.  Шындығына келсек, адамның өмір сүруінде қазақтың ұлттық ойындарының  атқаратын маңызы ерекше. Басқаны былай қойғанда, әр ұлттық ойын оған  қатысушыны өмір сүруге бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан қорықпай, қарсы  тұра білуге үйретеді. Мысалы, бір ойын шеберлік пен ептілікке, енді бір ойын  талғампаздыққа, ал енді бір ойын қиын­қыстау кезеңде тез шешім қабылдап,  оңтайлы жол таба білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық ойындардан спорт пен  патриоттық тәрбие айқын аңғарылады. Мұның өзі қазақтың ұлттық  ойындарының бала тәрбиесінде маңызы зор екеніндігін дәлелдейді. Ұлттық ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі. Математика сабағында қазақтың ұлттық  ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз  санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады.  Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған есептерді алу. «Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, математика сабағында 2 топ білімімен сынасады. Алдымен ойын шартын түсіндіру. Ұзын  жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қою. Арқанның қызыл мата байлаған жерін тең етіп қою. 2 топтан 11 оқушы шығып, 1 мезгілде есеп шығаруға кіріседі. Қай топтың оқушысы бұрын шығарса,  жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа қарай көп жылжыса сол топ жеңді деп есептеледі.  Ұлттық ойындар атабабаларымыздан бізге жеткен «ханталапай»  ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады. Бұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты алу арқылы тапсырмаларды орындау  тапсырылады. Математика сабағында 2 топтан 2оқушы қатысады. Асықтағы нөмір бойынша сол тапсырмаларды орындайды. Бұл баланы жылдамдыққа, жылдам  есептеуге, ептілікке үйретеді.  «Ақсүйек» ойынын сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған. Тақтаға нөмерленген, артына тапсырмалар жасырылған әртүрлі түсті қағаздар ілінеді. Тапсырманың біреуінде ақсүйектің суреті жасырылған. Нөмерлерді таңдау арқылы ақсүйекті табу тапсырылады. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы пайдалануға болады. Ойын ойнау барысында балалар өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою)  байқалады. «Сиқырлы қоржын». Бұл ойынды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдануға болады. Ойынның шартына сәйкес оқушылар кезекпен қоржын iшiнен асық алады. Асықтарда сандар жазылған, қай сан шықса, сол санға берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайды.  Күтілетін нәтиже: сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады. оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның ісәрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады. Ойын арқылы бір ­ бірімен  тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір ­ бірінен  ептілікті сергектікті үйренеді.  Оқушылардың қабілеттері айқындалады. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда «Ойынсыз ақыл  ойдың  қалыпты дамуы  да жоқ және болуы да мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Қорытындылау: Қорыта айтқанда, ұлттық ойындар – атабабамыздан бізге келіп жеткен, өткен мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмыста пайдаланудың заманымызға  сай  ұрпақ тәрбиелеуде пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің  есігін  ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса  береді. Сонымен қатар ойын – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан  ойға жетелейтін,  адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл  ой жетекшісі,  денсаулық  кепілі болмақ. Әдебиеттер. 1.  Дүкенбаева Г. 2000ж 2.  Бүлдіршіндерге арналған тілашар. Әдістемелік нұсқау. 3.  Ойын технологиясы   Түркістан 2007 4.  Көлбаева Р. Ойын сабағы 1993 5.  Оразбекова К. Дидактикалық ойындардың маңызы 1988 6.  Интернет желісі.

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку "Алтын сақа" (1 класс, казахский язык)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.02.2019