Психологиялық ахуал қалыптастыру
-Салем достым! (амандасады)
-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)
-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)
-Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)
-Сен келдің! (қолдарын жаяды)
-Жақсы болды!(құшақтайды)
Сабақтың мақсаты:
7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
Қолдану. Оқылым (жекелей, жұптық, топтық) Мәтінмен жұмыс 58-бет, 1-тапсырма
Қайран, балалық-ай, десеңші! Онда мен кіп-кішкентай сәби едім. Ал айнала таулар да, үйлер де, жылқылар да –бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ кілең мейірімді жандар болып көрінетін. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқаған болармын.
Ол-ол ма, анау асқар таулар, етектегі шексіз дала, көгілдір аспан, түнде жымыңдаған жұлдыздар, толықсап туған ай, жасыл жайлау- бәрі-бәрі тек маған ғана елжірей қарап, мені ғана аймалап, әлдейлейтін сияқты.
«Стикердегі диалог» әдісі
(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. )
Сұрақтар:
1.Адамдардың бәрі қандай жандар?
2.Жігіттер мен қыз-келіншектердің бойынан нені байқадыңдар?
3.Мәтінге қандай ат қояр едіңдер?
ҚолдануБерілген мәтіндерді балалар оқып алады. Жекелей, жұппен, топпен жұмыс Ортақ тапсырма: «Пікірлер» парағы әдісі1-топ: достықМәтіндегі азат жолдан тірек сөзді анықтаңдар. Әр азатжолдағы негізгі ойды табыңдар.2-топ: қуанышМәтіннен кідірістің 3 түрін табыңдар.3-топ: шаттықКестені толтыру (59-бет, 2-тапсырма)Әр топ жұмыстарын тақта алдында әр түрлі әдіс- тәсілдермен қорғайды.
Сергіту сәті
«Сақина салмақ ойыны»
Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?
1. Кідірістің неше түрі бар?
2. Кідірістің шартты белгісі қандай?
3. Грамматикалық кідіріс дегеніміз не?
4. Психологиялық кідіріс дегеніміз не?
5. Логикалық кідіріс дегеніміз не?
Синтез.Оқылым 3-тапсырма. Өлең кідірісін сақтап, мәнерлеп оқы. Өлеңге мақал-мәтелмен ат қойыңдар. Жазылым 4-тапсырма, 59-бет.
Шетелдік досыңа туған жеріңді таныстыр.
Тапсырма: әр топтың стикерлері шығып жасырын қағаздарды алады.
Хат жаз.
Сурет салу арқылы әңгіме құрастыр.
Шағын мәтін жаз.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.