Процент бойынша санды табу

  • docx
  • 06.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала ��⥬ 5�� ���131.docx

Математика пәні бойынша 5сынып оқушыларына тірек конспектісі

4тоқсан

Сабақ нөмірі:  №131

Сабақтың тақырыбы: Проценті бойынша санды табу

Сабақтың мақсаты: Берілген проценті бойынша санды табуды меңгеру, күнделікті өмірдегі проценттерге байланысты есептерді шығара алады.

Проценті бойынша санды табу үшін:
1.Процентті жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеп жазу керек;
2.Берілген санды осы бөлшекке бөлу керек.

Конспект:

 

 

 

 

 

Мысалы:

№1. Пәтер екі бөлмеден тұрады. Үлкен бөлменің ұзындығы 8,5м, ал ені ұзындығының 60%-ін құрайды. Кіші бөлменің ұзындығы үлкен бөлменің еніне тең, ал ені ұзындығынан 1м кіші. Әр бөлменің ауданын табыңдар.

Шешуі: a1=8,5м

              b1=?

 

               b1= м

S1=a1b1=5,18,5= 43,35м2

             

               a2=5,1м

b2=5,1-1=4,1м

S2=4,15,1=20,91м2

Жауабы: Бірінші бөлменің ауданы 43,35 м2,

              екінші бөлменің ауданы 20,91 м2

 

№2. Қиярдың 36%-ін тұздады, ол 54кг болса, тқздалатын барлық қиярдың массасы қандай?

Шешуі:     36%=

кг

Жауабы: Барлығы – 150кг қияр тұздалады.

Тапсырмалар:

№1. Кесіндінің ұзындығының 8%-і 3,2сантиметрді құраса, онда кесіндінің толық ұзындығы қанша?

 

№2. Тік төртбұрыштың ені ұзындығының 60%-іне тең. Егер оның ені  21см болса, тік төртбұрыштың ауданы мен периметрін табыңдар.

 

№3. Балалар 20кг жеміс жинады. Барлық жиналған жемістің 60%-ын алма, 25%-ын алмұрт құрады. Ал қалғаны шие болса, онда шие неше  килограмм?

 

№4. Қант ертіндісіндегі қант 4%-ды құрайды және ерітіндідегі қант 50г болса, жалпы ерітінді неше грамм болғаны?

 

Әзірлеушілер:Регинбаева Н.А., С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі.

Әшірова А.А., С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі.

Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.

 


 

Посмотрите также