Ақмола облысы
Қорғалжын ауданы
Қызылту орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Секербаева Айнур Хайруллаевна
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Мақсаты:
1.білімділік: Біріккен сөздер туралы түсініктерін дамыту, біріккен сөздердің жасалу жолын меңгерту.
2. дамытушылық: Мысалдармен дәлелдеу, талдау арқылы оқушының ой өрісін, іскерлік, танымдық белсенділіктерін, жүйелі сөйлеуін дамыту.
3. тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, мәнерлеп оқуға, ойын ашық және толық жеткізе алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау
Көрнекілік: оқулық, интербелсенді тақта, таратпа карточкалар
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу
Ә) Оқушылардыпсихологиялықтұрғыдадайындау
Мұғалімбалаларгаорындарынанатұрудыұсынады:
- Бір-біріңежылыжүзбенқарап, мейірленешуағынтөгіптұрғанкүнгеқарайқолдарыңдысозыңдар.
Күлімдепкүнбүгін (қолдарынкөтереді.)
Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды)
Қарадысаған да.
Сәлемдейміндостарға
Сәлембаршаұстазға.
Тату болыпхалықтар,
Аман болсынбалалар!
ІІ Үйтапсырмасынсұрау 40-бет. 77- жаттығу.
Берілген күрделі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Қарқаралы ауданының орталығында Құнанбай мешіті бар. Облыстық «Жас техниктер» көрмесінде Ақтөбе облысының оқушылары жүлделі орынға ие болды. Зар заман ақындары өз дәуірінде астан-кестен өмірді өте бейнелі суреттей білген. Ата-анаңның қадірін ержеткенде білерсің. Азық- түлік дүкені саға он екіге дейін жұмыс жасайды. Абай Құнанбаевтың отыз бесінші қара сөзінде жастарды адамгершілікке шақырады. Сарыөзекке жете бере түстеніп алдық. Мені досым қара торының әдемісі. Бүгін қаламыздың бірқатар аудандарында суық судың болмайтындығын хабарлады. Бұл қойылымға бірлі-жарым адам ғана келді. Біраздан соң сабаққа кіру қоңырауы соғылады. Ақынның өмірі бір сарынды өтуде. Еңбекақы алатын күн де жетті. Менің қызым демалыс күні шаңсорғышпен үйді тазалапотырады. Мен мектепті аяқтағаннан кейін АлМУ-ге түскім келеді.
ІІІ Жаңа сабақ. Слайд арқылы меңгерту.
1. Күрделі сөздердің жасалуы, түрі.
2. Біріккен сөздерге жататын атаулар
ІV Оқулықпен жұмыс.
78- жаттығу. Біріккен сөздердің жасалу жолдарын көрсет.
Темірқазық – темір және қазық, аспан жұлдызының атауы, Сейсенбай – сейсен және бай, адамның аты, күркетауық –күрке және тауық, үй құстары, әлдебір-әлде және бір, белгісіздің болымсыздық мәніндегі атаулар, Қолғанат - қол және қанат, екінші сөздің басындағы қ дыбысы ғ-ға айналып отыр, Көкбозат-көк, боз және ат үш сөз бірігіп, аттың атын білдіреді, Сатыбалды- сатып – алды, бірінші сөздің аяғындағы п дыбысы, бға айналып отыр, кісі аты, Жанбота-жан және бота, соқыршек-соқыр және ішек, екінші сөздің басындағы і дыбысы түсіп қалып отыр, аурдуы аты, Омарханұлы-омар, хан, ұлы үш сөздің бірігуі, кісінің тегі, Сәтбайқызы- сәт, бай, қызы, Сейтірқұл, сейіт және құл, Айтқожа, кісі аты.
Біріккен сөздер
Құрамына енген Құрамына енген тұлғалары
тұлғалар сақталып сақталмай, кейбірі дыбыстық
отырады. Мысалы: өзгеріскеұшырайды
қара+құс,баспа+сөзМысалы: Ботагөз, Амангелді
-Біріккен сөздің неше түрі бар?
79- жаттығу. Біріккен сөздерді түрлеріне қарап екі бағанға жаз.Сөйлем құрастыр.
Күздігүні, басқұр, білезік, алтыбақан, қайнаға, еңбеккүн, ағайын, ақбоз, бүгін, әкел.
V. Сергіту сәті Ойын «Жоғалған сөздерді тап»
мүйізбақан
суыққазан
көлбарыс
жолқу
алтыторғай
аққарақшы
жетітұмсық
бірсүйек
ақбақа
Табылғансөздер: Мүйізтұмсық, суықторғай, көлбақа, жолбарыс, алтыбақан,
жетіқарақшы, бірқазан, аққу, ақсүйек.
Өздікжұмыс
Тапсырма: Өлеңді көшіріп жаз, біріккен сөздерді тауып астын сыз, олардың қалай жасалғанын түсіндір.
АқмаңдайАлатаудыңасқарынан,
ТүрленгенТарбағатайтастарынан,
Дәріүшіндаярлайды шипа шөпті,
Бурабай, Баянауылбастарынан.
VІ Сабақты бекіту
«Менен сұрақ, сенен жауап» ойыны
1. Күрделісөздегеніміз не?
2. Оныңтүрлеріқандай?
3. Біріккенсөзгемысалкелтір
4. Біріккенсөздегеніміз не?
5. Біріккенсөзденжасалғанкісіаттарыната
6. Біріккенсөзденжасалғанжер-су аттарыната
7. Біріккенсөзденжасалғанаң-құсаттарыната
VІІ. Сабақтықорытындылау
2. Біріккен сөздерге байланысты ребустар жасыру ( топпен жұмыс)
VІІІ. Үйге тапсырма беру41-бет. 80-жаттығу
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.