Рабочая программа

  • doc
  • 04.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 9.doc

ПӘН:  қазақ тілі          СЫНЫП:  6 «   »       

ӨТІЛЕТІН КҮНІ:                              

САБАҚ  РЕТІ: №               

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ.  Белгісіздік  есімдігі.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:  

1. БІЛІМДІЛІК:  белгісіздік есімдіктері жайында түсінік беру.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ:  оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

3. ТӘРБИЕЛІК:  бір-бірінің тыңдай білуге, өз ой-пікірлерін жүйелеп айта білуге ықпал ету.                 

САБАҚ ТҮРІ: жаңа сабақ.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, бекіту.

КӨРНЕКІЛІГІ: оқулық, грамматикалық кестелер.

САБАҚ   БАРЫСЫ:

САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ:

ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ:

 

I . ҰЙЫМДАСТЫРУ

    КЕЗЕҢІ:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН 

     СҰРАУ:

 

 

 

 

III. ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН,           МАҚСАТЫН ХАБАРЛАУ :

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV. САБАҚТЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

 

V.   ҮЙГЕ ТАПСЫРМА  БЕРУ:

 

VІ. ОҚУШЫЛАРДЫ                                                     БАҒАЛАУ:

  1. Оқушылармен амандасу:

²  Сәлеметсіңдер ме, балалар!

²  Отырыңдар.

  1. Кезекшімен сөйлесу.
  2. Тіл дамыту сұрақтары:

-          Қазір жылдың қай мезгілі?

-          Бір жылда неше ай бар?

-          Күз айларын қандай?

-          Күз мезгіліні ерекшеліктері қандай?

-          Күз мезгілі саған несімен ұнайды? т.б.

1. Үйге: 100 беттегі, 203-204 – жаттығуларды орындау. Болымсыздық есімдігі туралы қайталап оқу

2. Қайталау сұрақтары:

1.      Есімдік  дегеніміз не? Мысал келтір.

2.      Қандай мағыналық түрлері бар?

3.      Болымсыздық есімдігі туралы айтып бер.

 

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Белгісіздік есімдігі

Сабақтың мақсаты: Белгісіздік есімдіктерін меңгерту.

Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:

     Белгісіздік есімдіктеріне мына сөздер жатады: біреу, кейбіреу, бірдеме, әркім, әрне, әлдекім, әлдеңе, кімде – кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайдан, әлдеқашан.

     Белгісіздік есімдігі затты не құбылысты нақты атамай, белгісіз етіп, жорамалдап айтады. Мысалы: Біреу есік қағып тұр дегендегі біреу сөзінен есікті қағып тұрған адамның нақты кім екені білінбейді, әйтеуір, белгісіз бір адам екендігі тұспалдай аталғандығы байқалады.

     Белгісіздік есімдіктерінің қолданылу ерекшеліктері мен сөйлемдегі қызметі  мынадай:

1.      Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде – кім, әлдекім, әркім, әлдене дегендер зат есіморнына жұмсалады. Сондықтан олар көптік, тәуелдік, септік жалғауларында қолданылып, сөйлемде бастауыш, толықтауыш, - және басқа да мүше бола алады.

2.      Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір дегендер сын есім орнына жұмсалып, сөйлемде, әдетте, анықтауыш болады.

3.      Әлденеше, бірнеше, біраз дегендер сан есім орнына қолданылып, анықтауыш болады.

4.      Әрқашан, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайдан дегендер мезгіл, мекен мағыналыран білдіріп, пысықтауыш болады.

Әлде, әр, қай, кей, бір сөздері есімдіктермен тіркескенде, бірге жазылады да, басқа сөз таптарымен тіркесіп айтылса, бөлек жазылады. Мысалы: Әркім өз міндетін атқарсын. Әр төбеден жұлдыз жанып, әр қаладан ай туады. Әлдеқалай бізде келе қалдық.

Ол әлде келмеді ме екен?

Оқушылық деңгей тапсырмасы.

Тапсырманы жазбаша орындау.

205 – жаттығу. өлең шумақтарын мәнерлеп оқыңдар. Құрамындағы белгісіздік есімдіктерінің тұлғасына, қалай жасалғанына көңіл аударыңдар.

 Үлгі: кейбіреу – белгісіздік есімдігі; тұлғ. қарай: туынды, зат есім орнына жұмсалып тұр, кім? деген сұраққа жауап береді, А.с. тұр.

Әр түрлі белгісіздік есімдігі; тұлғ. қарай: негізгі, сын есім орнына жұмсалып тұр, қандай? деген сұраққа жауап береді.

 

Тапсырманы ауызша орындау.

Сөйлемдерді оқып шығып, есімдіктерді тауып, олардың қандай есімдіктер екенін айтыңдар.

1.      - Әй, осы сенің мергендігіңді айтқанда, аузымызды ашып, көзімізді жұмамыз, көрсетші сол өнеріңді. – деді жеңгесі.

2.      – Мына қасқыр неге көмілді? Екіншісі қайда кетті? Бұлардың не ойлағаны бар? деген сұрақ енді Рамазан мергенді дал қылады. Қалай болған күнде де мынаның тегін емес екені анық. Демек, қапы қалмай тұрғанда, бір әрекет жасап қалу керек деп ойлайды мерген.

3.      Ол дүниенің бәрін ұмытып, өзімен - өзі жас баладй мәз. Барша зейіні бауырынабасқан құсқа ауып, тап бір аяулы арманы қолына қонғандай күйге түскен.

4.      Аңшылықты күштің басымдығымен емес, өнеріңді асырып аулағанға не жетсін! Ол үшін мына сіз сияқты аң, қанатты құстың тілін білу керек. Ондай өнер бізге қайдан бітсін. Тым болмаса, осы қақпаншылығыңызды үйретіңізші.

 

1. Біреу, әрне, бірдеме есімдіктерін септеу.

2. Септелген  белгісіздік есімдіктерін қолдана отырып, бірнеше сөйлемдер құру.

А.с. әркім

І.с.  әркімнің

Б.с. әркімге

Т.с. әркімді

Ж.с. әркімде

Ш.с.әркімнен

К.с. әркіммен

Мысалы: Әркімнің өз ойы, өз пікірі болады. Біз әркімнен сұрап білдік. Әркіммен дос бола беруге де болмайды. Т.б.

 

 

Сұрақ –жауап: -Біз бүгін сабақта нені білдік?

 

Үйге: 102-103 беттердегі,  206-207- жаттығуларды орындау. Ережені қайталау.

 

 

Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.