Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Оценка 5

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Оценка 5
Мероприятия
doc
воспитательная работа +1
Взрослым
20.11.2018
Рухани жаңғырудың жарқын жолы
І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер едім.
рухани жаңғыру готовый.doc
ҚЫЗЫЛОРДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ «Бекітемін» Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  ____________П. Қалдыбекова «29» желтоқсан 2017ж.         Тәрбие  сағаты   ТАҚЫРЫБЫ:   Рухани жаңғырудың жарқын жолы Мамандығы: 130600 – «Радиоэлектроника және байланыс» Топ: №2­17 Өндірістік  оқыту шебері:                         М.Касымова Қызылорда  2017 ж.   Рухани   жаңғыруды   сипаттау   және   патриоттық   сананы Тақырыбы:  Рухани жаңғырудың жарқын жолы Мақсаты:  ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Студенттердің   бойында   ұлттық   сананы   ояту,   жас   ұрпақ   санасына,   туған халқына   деген   құрмет,   сүйіспеншілік,   мақтаныш   сезімін   ұялату,   ұлттық рухты сіңіру. Ұйымдастыру   кезеңі:  Армысыздар   студенттер,   ұстаздар,   әріптестер! Бүгінгі   ашық   тәрбие   сағатымызға   қош   келдіңіздер!   Біз   –   Тәуелсіз   Қазақ елінің   жас   ұрпақтарымыз!   Биыл   Қазақстан   Республикасының   Тәуелсіздік алғанына 26 жыл толып отыр. Бұл тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ, біз өз тарихымызды   ешқашан   ұмытпауымыз   керек.   Бүгінгі   «Рухани   жаңғырудың жарқын жолы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастамас бұрын Қазақстан Республикасының   26   жылда   басынан   өткізген   тарихи   оқиғаларға   кезек берсек. 1991 жыл­нарықтық экономикаға көшкен жыл. 1992 жыл­қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты. 1993 жыл­Ұлттық теңгеге көшу жылы. 1994 жыл­Еуразия одағын құру туралы конференция болды. 1995 жыл­Қ.Р.конституциясы қабылданды. 1996 жыл­Мемілекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды. 1997 жыл­жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын­сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1998 жыл­халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы. 1999 жыл­ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы. 2000 жыл.мәдениетті қолдау жылы. 2001 жыл­тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл. 2003   жыл­Н.Назарбаевтың   «Қазақстан   ­2030»   стратегиялық бағдарламасы жарияланды. 2005   жыл­«Қазақстан   экономикалық,әлеуметтік   және   саяси   жедел жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді. 2008­09   жыл­Қазақстанда   берілетін   жәрдем   ақы,айлық   табыс,пенсия көлемі жоғарылап халықтың әлауқаты артты. 2010 жыл­Елбасы Назарбаевтың «жаңа он жылдық­жаңа экономикалық өрлеу­Қазақстан   жаңа   мүмкіндіктері»   жолдауы   жарияланып,ел экономикасы жоғарғы қарқында дами бастады. Еліміз   жаңа   тарихи   кезеңге   аяқ   басты.   Біздің   мақсатымыз   айқын, бағытымыз   белгілі,  ол  –  әлемдегі   ең   дамыған  30  елдің   қатарына   қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.  Мұғалім: І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт­дәстүрлерін алдағы   өркендеудің   берік   діңі   ете   отырып,   әрбір   қадамын   нық   басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір   қазақстандықтың   санасын   жаңғыртудың   бірнеше   бағытын   атап   өтер едім.  Студент – 1  1. Бәсекелік қабілет Қазіргі   таңда   жеке   адам   ғана   емес,   тұтас   халықтың   өзі   бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Болашақта   ұлттың   табысты   болуы   оның   табиғи   байлығымен   емес, адамдарының   бәсекелік   қабілетімен   айқындалады.   Сондықтан,   әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.  Студент – 2   2. Прагматизм Қанымызға   сіңген   көптеген   дағдылар   мен   таптаурын   болған   қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Студент – 3  Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны   соған   сәйкес   болашағыңды   жоспарлай   алу, үнемді   пайдаланып, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген   сөз.   Қазіргі   қоғамда   шынайы   мәдениеттің   белгісі   –   орынсыз   сән­ салтанат   емес.   қанағатшылдық   пен қарапайымдылық,   үнемшілдік   пен   орынды   пайдалану   көргенділікті көрсетеді. Студент – 4  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау   ұстамдылық,  Керісінше, Ұлттық   жаңғыру   деген   ұғымның   өзі   ұлттық   сананың   кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана­сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден,   ұлттық   болмыстың   өзегін   сақтай   отырып,   оның   бірқатар сипаттарын   өзгерту.   Ұлттық   салт­дәстүрлеріміз,   тіліміз   бен   музыкамыз, әдебиетіміз,   жоралғыларымыз,   бір   сөзбен   айтқанда   ұлттық   рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Студент – 5  4. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.  Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.  Студент – 6  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. Бірақ, бұл – ұлттың емес, аумақтың жаңғыруы еді. Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді. Студент – 7  6. Сананың ашықтығы Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.  Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.  Мұғалім «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі. ІІ. ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР Студент – 8  Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен   бірге,   біздің   заман   сынағына   лайықты   төтеп   беруімізге   қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Студент – 9  Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар   ұлт   боламыз   десек,   «Жаһандағы   заманауи   қазақстандық   мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз.Бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс. Студент – 10  Үшінші,   мәдени   қазыналарымызды   әлем   жұртшылығына   таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек. Мәдени   өнімдеріміз   тек   кітап   түрінде   емес,   әртүрлі   мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал. Студент – 11  Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкілдері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анықтап алуымыз керек. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз. Жаңа  жағдайда  жаңғыруға   деген  ішкі   ұмтылыс  –  біздің   дамуымыздың   ең басты   қағидасы.  Өмір   сүру   үшін   өзгере   білу   керек.   Оған   көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді. Студент – 12  Рухани   мәдениет ­ адамның,   өзіне   және   басқа   адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі Рухани жаңғырудың бастауы­ мәдениет пен өнер Венн­диаграмма Аяқталмаған сөйлем «Рухани жаңғыру  ­ ........»  «Рухани жаңғыру  ­ дәуір талабына сай жаңғыру» «Рухани жаңғыру  ­ әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу" «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» «Рухани жаңғыру – ұлттық сана­сезімнің көкжиегін кеңейту» Тапсырма плакатка екі топқа:  1  Қазақ халқының салт – дәстүрі 2  Қазақ халқының ұлттық тағамдары және ойындары Қадыр Мырза Әлі  «Қазақ осы»  Студент – 13  Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,  Дос келді деп, жасап жатыр анық той.  Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,  Нағыз қазақ осы, міне, танып қой. Сәйгүлікті құйрық­жалы таралған,  Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.  Қазақ осы күй шығарып, ән салып,  Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.  Студент – 14 Қазақ осы ­ айтатұғын желге сыр,  О, ағайын, халық емес ол кесір.  Қазақ осы ­ аңғал­саңғал жабусыз,  Қазақ осы ­ ағыл­тегіл, көл­көсір.  Қазақ осы ­ дала дейтін, күн дейтін,  Қазақ осы ­ «Өнер алды ­ тіл» дейтін.  Қазақ осы ­ қарасың ба, ақсың ба,  Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.  Студент – 15 Қазақ осы ­ көргенінен танбайтын,  Той­думансыз оты түзу жанбайтын.  Қазақ осы ­ алудай­ақ алатын,  Ал беруден алдына жан салмайтын.  Қазақ осы ­ ашық жарқын қабағы,  Қонақ келсе шабылып бір қалады.  Байқа да тұр, саған да ол кетерде,  Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.  Студент – 16 Қазақ осы ­ құда бол деп қинайтын,  Құдаларын құдайындай сыйлайтын.  Қазақ осы ­ дүние мен малыңды,  Оңды­солды шашу үшін жинайтын.  Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,  Дос келді деп, жасап жатыр анық той.  Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,  Нағыз қазақ осы, міне, танып қой! Қорытынды Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа   жаһандық   үрдістер   ешкімнен   сұрамай,   есік   қақпастан   бірден  Сондықтан,   заманға   сәйкес   жаңғыру   міндеті   барлық төрге   озды. мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай   сырғыған   уақыт   ешкімді   күтіп   тұрмайды,   жаңғыру   да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа   идеялар   арқылы   болашағын   баянды   ете   түсудің   теңдессіз   тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең  басты   қағидасы.  Өмір  сүру   үшін   өзгере   білу   керек.  Оған  көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді. Өнерлі өрге жүзер талаптанып,  Қыран биік самғайды қанат қағып.  Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу  Жүрген соң адам деген атақты алып. Орындаушылық   шеберлігімен,   талғампаздығымен  үлкен   –   үлкен табыстарға   жете   берулеріңізге   тілектеспіз   дей   келе   бүгінгі   ашық   тәрбие сағатымызды   аяқтай  отырып, «өнер талантты  өсіреді»  деген  ақын  сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.11.2018