Сабақ жоспар "Мақал-мәтел -сөз маржаны" 6 класс казахский язык
Оценка 4.9
Контроль знаний
doc
русский язык
6 кл
26.03.2017
Мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде,сабақ үстінде қолдана білу. «Сәлем – сөздің анасы» деген әйгілі Бұқар жырау. Бүкіл әдет-ғұрып,әдеп пен ізет сәлемдесуден басталады. Меніңше, әдет-ғұрып әр халықтың өзіндік ерекшеліктері болып табылады.
Қазақ тілім – өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұқтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым,дара тілім.
Мақал-мәтел-сөз маржаны.doc
Сабақтың тақырыбы: Мақалмәтел – сөз маржаны
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Мақалмәтелдерді күнделікті өмірде,сабақ үстінде қолдана білу.
Ә) Дамытушылық: Мақалмәтелдердің сөздік құрамды молайтатынын түсіндіру. Мәтін
ішінде мақалдар жаздыру арқылы тілін дамыту.
Б) тәрбиелік: Қазақ тілі әуенді сұлу, сөзге бай тіл екенін айту. Мақалмәтелдер арқылы
адамгершілікке,ұлттық тәрбие беруге,үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсете білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: іздендіру,сұрақжауап, жинақтау.
Пән аралық байланыс: Әдебиет,тарих.
Сабақтың көрнекілігі: сөз жұмбақ,мақалмәтелді сөздер.
Сабақтың жоспары:
1. Кіріспе.
2. Ұйымдастыру кезеңі
3. Психологиялық дайындық.
2. Негізгі бөлім.
1. «Кім тапқыр» ойыны.
2. «Кім жылдам» ойыны.
3. Дәптермен жұмыс.
4. «Сиқырлы сандық» ойыны.
5. Өзіндік жұмыс.
6. «Кім жүйрік».
7. Сөзжұмбақ.
8. Қорытынды.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеп,психологиялық дайындық.
Құрметті оқушылар! «Сәлем – сөздің анасы» деген әйгілі Бұқар жырау. Бүкіл әдет
ғұрып,әдеп пен ізет сәлемдесуден басталады. Меніңше, әдетғұрып әр халықтың өзіндік
ерекшеліктері болып табылады.
Қазақ тілім – өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұқтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұлқызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым,дара тілім.
Міне балалар, кемеңгер,ғұлама ақын жазушыларымыздың тілі – туған тіліміз – қазақ тілі.
Қане, олай болса,туған тіліміз қазақ тілін кім қалай меңгергенін, білетінін байқап көрелік.
Іске сәт.
Оқушылардан үйге берілген тапсырманы «мен саған, сен маған» әдісі арқылы сұрау.
Үйге берілген 120жаттығуды тексеріп, бағалау.
Өткен сабақтан сұрақтар қойып қайталау.
1. Антоним дегеніміз не?
2. Амоним қалай жасалады? Мысал келтір.
3. Синоним сөздерге мысал келтір.
4. Тұрақты тіркестер қалай жасалады?
5. Эвфемизм дегеніміз не?
6. Дисфемизм дегеніміз не?
7. Табу сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
Сыныпта оқушыларды үлестірме қағаз таңдату арқылы сыныпты екі топқа бөліп аламын.
1топ. «Тұлпар» 2топ. «Сұңқар».
2 топқа топтарына байланысты мақалмәтел айтқызып қорғау. 1топ «Тұлпар»
Жеті қазынаның бірі. Тұлпар мінсе көлік,сүтін ішсе сусын,емдік қасиеті де күшті болған.
1. Ит қаппас деме, ат теппес деме.
2. Жақсы ат аяғынан қалар.
3. Ер қанаты ат.
4. Атың жақсы болса, жолдың пырағы
Жарың жақсы болса,жанның шырағы.
2топ «Сұңқар»
Қазақстанда құстың түрлері өте көп, соның бірі Сұңқар. Құс адамның досы. Біз күннің
суытатынын, жылитынын құстардан білеміз.
1. Бала бүркіт барлап ұшады,
Балапан бүркіт шарлап ұшады.
Жаңа сабақ.
Миға шабуыл:
«Кім тапқыр» ойыны.
Тақтаға плакатқа орындары ауыстырылып жазылған бірнеше мақалмәтелдер ілінеді. Сол
мақалдардың сөздерін ретімен қойып құрау керек.
1. Жақсының ұстамы ұстазы жақсы. (Ұстазы жақсының ұстамы жақсы).
2. Озар ұстаздан шәкірт. (Ұстаздан шәкірт озар).
3. Білім ордасы мектеп, тұлғасы мектепұстаз. (Мектеп білім ордасы, ұстазмектеп
тұлғасы)
4. Болса талантты ұстазы,талапты болады шәкірті. (Ұстазы талантты болса, шәкірті
талапты болады)
5. Күңгірт нәрсе ұстазға,қараңғы түн шәкіртке. (Ұстазға күңгірт нәрсе – шәкіртке қараңғы
түндей)
6. Қайыспас қанат сыйлайды түлегіне қыран, Талмайтын талап сыйлайды шәкіртіне ұстаз.
(Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, Ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды)
Балалар «Сөздің көркі – мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын деген
сөзіңді ұнамды етіп жеткізе аласың. Мақалды көп біліп, көп қолданылатын адамдардың
білімі терең болады.
Мақал дегеніміз тәрбиелік мәні бар, ақылнақыл сөздерді айтамыз. Мысалы: Кең болсаң,
кем болмайсың.
Мәтелдерде ойпікірді бейнелі, тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мысалы:
Қызым, саған айтам, келінім сен тыңда.
Дәптермен жұмыс.
Екі топтың да оқушыларына дәптермен жұмыс жасату. Оқулықта берілген 126жаттығуды
орындату.
«Сиқырлы сандық» ойыны.
Ойланайық, ойлайық.
Ұйқасын тауып қояйық.
Қандай мақал болса да,
Сыңарын таппай қоймайық.
1. Қызға ..... үйден тыйым.
2. ..... ала болса ауыздағы кетеді.
3. Жақсының ..... жарастыру, жаманның ..... таластыру.
4. Молданы ..... көр, делдалды ..... көр.
5. ..... саусақ бірдей емес.
6. Ер жігіттің ..... сөйлегені өлгені.
7. ...... жасар бала алыстан келсе, ..... қария сәлем берер.
8. ..... атасын білмеген жетесіз. 9. Саудагерде .... жоқ – арын сатар.
Өтірікшіде ..... жоқ – жанын сатар
10. Сөзің тәтті болсын, ..... сәтті болсын.
Сергіту сәті.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Мақалмәтел көп жаттап,
Өсе берсін санамыз.
Өзіндік жұмыс.
Балаларға тақтаға плакатқа орыны ауыстырылған сөздер ілінеді. Осы сөздерден мақал
мәтелдер құрастырып дәптерге жазу керек.
қолы ортақ тілі шешеннің шебердің ортақ
бергенше түйедей бой ой түймедей Берсін
(Шебердің қолы ортақ,шешеннің тілі ортақ)
(Түйедей бой бергенше, түймедей ой берсін)
Кім жүйрік ойыны.
2 топқа мақалмәтелдер жазылған үлестірме қағаздары беріледі. Осы сөздердің мақал не
мәтел екенін жылдам ажыратып айту керек.
1. Жақсыда мін жоқ, Жүйрікте сын жоқ.
2. Бөлінгенді бөрі жейді.
3. Жақсы кісі байқап сөйлер, жаман кісі шайқап сөйлер.
4. Жақсы жолдас жанға серік, өнімі оның көлкөсір.
5. Кең болсаң кем болмайсың.!
6. Қасқыр да жолдасына, қас қылмайды.
Сөзжұмбақ.
Сабақты қорыту:
Сонымен балалар,мақалмәтелдер – ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы,оның
әлеуметтік тіршілігі,ақылөнегесі тоғысқан. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа
сиғызып,асқан шеберлік танытқан.
Сабақ жоспар "Мақал-мәтел -сөз маржаны" 6 класс казахский язык
Сабақ жоспар "Мақал-мәтел -сөз маржаны" 6 класс казахский язык
Сабақ жоспар "Мақал-мәтел -сөз маржаны" 6 класс казахский язык
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.