Сабақ жоспары Ұстаз
Оценка 5

Сабақ жоспары Ұстаз

Оценка 5
Разработки уроков
docx
русский язык
9 кл
21.01.2018
Сабақ жоспары Ұстаз
9-сынып. Сабақтың тақырыбы: Ұстаз мамандығы Мақсаты: 1. Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру. Міндеттері: -ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу; -сызбалармен жұмыс арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру; -балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулу; - оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу. - ұстаз мамандығын таңдаған оқушыларға бағыт беру. Сабақтың түрі:дебат сабақ Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы» ойқозғауы, дебат, эссе, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, пікір алмасу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, бейнетаспа, ақ қағаз, маркерлер.
сабақ жоспары Ұстаз.docx
9­сынып. Сабақтың тақырыбы: Ұстаз мамандығы Мақсаты: 1. Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы  екендігі туралы түсінік беру. Міндеттері: ­ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу; -сызбалармен жұмыс арқылы оқушылардың ой­өрісін дамыту, ойлау қабілетін  арттыру; ­балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулу; ­ оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін  дәріптеу. ­ ұстаз мамандығын таңдаған оқушыларға бағыт беру. Сабақтың түрі:дебат  сабақ Әдіс ­ тәсілдері: «Ми шабуылы» ойқозғауы, дебат, эссе, сұрақ­жауап,  топпен  жұмыс, пікір алмасу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, бейнетаспа, ақ қағаз, маркерлер. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу. 2.Екі топқа бөлу  3.Бір­біріне тілек білдіру ІІ. Үй жұмысын тексеру«Менің болашақ мамандығым» ЭССЕ. ІІІ Жаңа тақырыппен танысу және бекіту: Осы әнді тыңдаймыз және ол  кімге арналған? («Ұстазым») ­Дәптерге жазу ( Сабақтың тақырыбы:Ұстаз мамандығы). «Ми шабуылы» ( Ұстаз деген сөзді естігенде қандай сөздер ойға келеді). ­   Кітаппен жұмыс (210б 2т.)  Осы оймен келісемін немесе келіспеймін. 1. Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай  болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек  білім алып шықпақшы. (А.Байтұрсынов) 2. Егер мұғалім өн бойына өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті  жинақтаса, ол нағыз ұстаз. (Л.Н.Толстой) 3. Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс­тұрысымен, жайдары мінезімен,  тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты  әсер етеді. (М.Ғабдуллин) 4. Адамның адамшылығы ... жақсы ұстаздан болады.(Абай) 5. Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзінің бағытын аялау. (Ж.Ж.Руссо) 6. Ұстаздан шәкірт озар. (Ы.Алтынсарин)  1. Топпен жұмыс:  Дебат ( ұстаз мамандығын екі жақтан қараймыз) 1­топ 2­топ ­ мықты жақтары ­ мүмкіндіктері ­ әлсіз жақтары ­ төнетін қауіп IV.Сабақтың қорытындысы: Ұстаз туралы не білдің? Ұстаз болу онай ма? «Ұстазым» әнін  караоке арқылы оқушылармен айту. V. Үй тапсырмасы:  «Қазіргі мұғалім қандай болу тиіс?» ЭССЕ VI. Әр топ өз мүшелерін бағалайды.  VII. Рефлексия: (мұғалімге тілек немесе ұсыныс жазу )

Сабақ жоспары Ұстаз

Сабақ жоспары Ұстаз

Сабақ жоспары Ұстаз

Сабақ жоспары Ұстаз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2018