Сабақтың тақырыбы: Менің достарым
Оценка 4.9

Сабақтың тақырыбы: Менің достарым

Оценка 4.9
docx
23.01.2021
Сабақтың тақырыбы: Менің достарым
1.10.20 Дүниетану 2Е.docx

Сабақтың тақырыбы: Менің достарым

Пәні: Дүниетану

 

Мектеп: №220

Мұғалімнің аты-жөні: Каденова Ардақ

Күні:  1.10.2020 

СЫНЫП:2 Е

 

Қатысқан оқушылар  саны: 26

 

Қатыспаған  оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.1.2 мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы

әдеп нормаларын түсіндіру

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.          

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5  минут

 

Сәлемдесу.

 

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Бейнероликті тамашалайды

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Достық– адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

 

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы 

10 минут

 

 

 

 

 

«Жариялау» әдісі

Сұрақ-жауап , талдау

*      Сенің достарың бар ма?

*      Олармен бос уақытыңды бірге өткізесің бе?

*      Достықтың қандай бағалы қасиеттерін білесің?

*      Өзіңнің достарың жайлы айтып бер.

*      Олардың мінез-құлқы қандай?

*      Адамды дос болуға мәжбүрлеген дұрыс па?

*      Ондай адаммен өз ойыңды бөлісіп, сырласуға бола ма?

 

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Ой қорыту  

Эссе парағы...... Бүгінгі сабақта туындаған сұрақтар мен алған мәліметтер, білімді меңгеру барысында кездескен сұрақтар туралы жазады

Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Кері байланыс

 

 

Үйге тапсырма: Досыңа арнап тілек жаз.

 

 

 


 

Сабақтың тақырыбы: Менің достарым

Сабақтың тақырыбы: Менің достарым

Жаңа білім 10 минут

Жаңа білім 10 минут
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.01.2021