Самопознание. Обал мен сауап.
Оценка 5

Самопознание. Обал мен сауап.

Оценка 5
Мероприятия
docx
воспитательная работа
3 кл
22.05.2017
Самопознание. Обал мен сауап.
Оқушыларды жан – жақты сауатты, дарынды, озық ойлы болуға, еркін сөйлей білуге үйрету. Халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру. Мейрімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу. Жағымды және жағымсыз қылықтарды айыра білуге баулу. Өз-өзіңмен балашым, Жаның тапсын жарасым, Теңдесі жоқ ешкімге, Бұл өмірде дарасың. Желден жүйрік көңіл күй, Есті сөзді ойға түй. Жылуына бөлеген, Жаным, жарық күнді сүй. Тарихты біл, тілді сүй, Төрт түлігің төлді сүй, Орманды сүй, белді сүй, Айдын шалқар көлді сүй. Халықты сүй, елді сүй, Ел басқарған ерді сүй. Қасиетті мекенің- Туып өскен жерді сүй..Оқушыларды жан – жақты сауатты, дарынды, озық ойлы болуға, еркін сөйлей білуге үйрету. Халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру. Мейрімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу. Жағымды және жағымсыз қылықтарды айыра білуге баулу.
Кабдыкаримова М А Самопознание. Обал мен сауап..docx
«Курчатов қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Обал  мен  сауап Өзін өзі тану Интеллектуалдық сайыс сабақ Бастауыш сынып Бастауыш сынып мұғалімі Кабдыкаримова М.А. Тақырыбы                                  Обал  мен  сауап  Интеллектуалдық сайыс Мақсаты      Обал мен сауап туралы түсініктерін кеңейту.   Міндеті      Оқушыларды  жан – жақты  сауатты, дарынды, озық ойлы болуға, еркін       сөйлей білуге үйрету;       Халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру;      Мейрімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу;      Жағымды және жағымсыз қылықтарды айыра білуге баулу. Ақпараттық құрал           Үнтаспа, сұрақтар жинағы, ребустар, интербелсенді тақта Әдісі                                     Сұрақ ­ жауап, әңгімелесу. Пәнаралық байланыс      Әдебиеттік оқу, дүниетану  Өтілу барысы  І Ұйымдастыру кезеңі         Құрметті  3 сынып  оқушылары  арасында  өтетін «Обал мен сауап» атты  интеллектуалдық сайысты тамашалауға шақырамыз.  Өз­өзіңмен балашым, Жаның тапсын жарасым, Теңдесі жоқ ешкімге, Бұл өмірде дарасың. Желден жүйрік көңіл күй, Есті сөзді ойға түй. Жылуына бөлеген, Жаным, жарық күнді сүй. Тарихты біл, тілді сүй, Төрт түлігің төлді сүй, Орманды сүй, белді сүй, Айдын шалқар көлді сүй. Халықты сүй, елді сүй, Ел басқарған ерді сүй. Қасиетті мекенің­ Туып өскен жерді сүй.. Осы өлеңді оқып сурет, сөздерді тақтаға іліп тұру.        ­Бүгін, біз ойында екі топқа бөлінеміз.  2 «А» және 2 «Ә» сыныптан 7 оқушыдан  ортаға шығады. Үстелдің үстінде жатқан екі түсті гүлдерді  қалаулары бойынша  таңдап алады. Қызыл түсті гүлдерді алған оқушылар ­ І топ, ал сары түсті гүлдерді  таңдап алғандар ­ ІІ топ болып аталады.   Ойын 4 кезеңнен тұрады. Берілген сұрақтарға жауапты тез, толық және нақты жауап  берулерің керек. Орындаған тапсырмаларының қорытындысына әр топ  фигуралар  ұтып алады. Сайыстың соңында фигураларды көп жинаған топ жеімпаз аталады. 1­кезең: «Ребус шешу» топтың атын таңдау (Слайд № 1 ребустың суреті) Ребустың шешімі бойынша тапсырмалар сол тақырыптарға қатысты болады. 1 ребустың шешімі «Обал» Обал жақсы нәрсенің қадірін біл, болмаса түбінде оның зардабын тартасың  деген мағынаны білдіреді екен. 2 ребустың шешімі «Сауап» Сауап деген — адамға жақсылық жасау, табиғатқа қамқорлық көрсету, жақсы  іс істеу деген мағынаны білдіреді. Әр топ топ басшысын сайлайды. Топ басшысына төс белгі беріледі. 2­кезең  «Тіл өнері» Оқулықтағы суреттермен жұмыс. (Слайд № 2 конверттегі сурет  көрсетіледі). Әр топтың басшысы 4 конверттің біреуін таңдап алады. Конверттің  ішінде сурет  беріледі. Суреттің  мазмұнын түсініп, сахналап көрсетіп беру керек. 3­кезең  «Кім жылдам?» Дәптермен жұмыс. Мұғалім сөйлемді бастайды, әр топ  оқушылары жылдам жауап береді. Қай топ бірінші жауап бере алады екенін  анықтайық (Слайд № 3 сұрақтар жазылады) ­ Құсты атуға болмайды, ................................................... (обал болады!  ­ Суды ысырапсыз төгуге болмайды, ............................ (обал болады)  ­ Нанды жерге тастауға болмайды, ................................ (обал болады)  ­ Көшеде үлкен қарияларға жолдан өтуге көмектес, ....................... (сауап болады)  ­ Автобуста үлкендерге орын бер, ........................................................ (сауап болады)  ­ Көршіңе көмектес, ................................................................................ (сауап болады)  ­ Торға түскен құсты босат,............................................................(сауап болады)  ­ Құстың ұясын бұзба, ......................................... (обал болады)  ­ Ақты төкпе, .........................................................(обал болады)  ­ Қарияның жүгін көтеріс, ................................. (сауап болады)  ­Нанды шашпау, аяққа баспау керек, ............. (обал болады екен)  4 кезең  «Ақиқат алаңы" постер құру (Слайд № 4 Постер көрсетіледі) Сауап: көмек, шындық, үлкенді тыңдау, сыйлау, сыйластық, жақсылық жасау,  қамқорлық, мейірімді,  Обал: өтірік, мейірімсіз, қатал, қатігез, жамандық, ашу, қадірсіз.  Обал  Сауап Қорытынды ­ Балалар, бүгінгі сабақта «Обал мен сауап» туралы түсініктерімізді кеңейіттік.  Біздің алдымызда екі ағаш. Олар бірдей ме?  Бірдей емес екен. Сіздердің  алдарыңызда көптеген жапырақтар жатыр. Өздерің жапырақты қай ағашқа ілер  едіңдер? Өздеріңіздің қалауларыңыз бойынша жапырақтарыңызды ұнаған ағашқа  апарып іліңдер. (Балалар жапырақтарын іліп болған соң, неліктен осы ағашты таңдағандарын айтады.  Егер көріксіз ағашқа ілмесе, неліктен ілмегендерін сұрау. Көріксіз ағашқа ілуге де  болушы еді, бұл ағашқа жапырақтар іліп қамқорлық көрсеткен  дұрыс болар  еді  ........)        Қазақ халқы балаларының адал, жақсы болып өсуін, адамдарға айналасына  жақсылық жасай алатын ізетті адам болып қалыптасуын қалаған. Осы мақсатта ­  тағамды төке, шашпа, ысырап етпе, көкті жұлма деген сияқты сөздер айтып отырған.  Біреуге жақсылық етсең, сауабын аласың, деп үйреткен. Балалар сендер осындай  бала болып өсіп келе жатырсыңдар Балалар әрқашан қайрымды, мейрімді, үлкенді  сыйлауға әуес болыңдар. Сендердің бойларыңда бүгінгі сабақ арқылы осындай қасиет қалыптасты деген ниеттемін.

Самопознание. Обал мен сауап.

Самопознание. Обал мен сауап.

Самопознание. Обал мен сауап.

Самопознание. Обал мен сауап.

Самопознание. Обал мен сауап.

Самопознание. Обал мен сауап.

Самопознание. Обал мен сауап.

Самопознание. Обал мен сауап.

Самопознание. Обал мен сауап.

Самопознание. Обал мен сауап.

Самопознание. Обал мен сауап.

Самопознание. Обал мен сауап.

Самопознание. Обал мен сауап.

Самопознание. Обал мен сауап.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.05.2017