Әлемде сіз бен біз білмейтін қызықтар көп-ақ, алайда, саяхаттар туралы айрықша ақпараттардың орны ерекше. Өйткені, кім болмаса да, сәби шағында ертегі оқып, оған бойлау барасында ел танып, жер көрсем деген ой туып, қияли көңіл жас бала асыл арманын жұдырықтай жүрегінің түбінде сақтап өседі. Ал, есейе келе ересек өмірдің торынан шыға алмай қалып жатады. Сол бала арманды көңіл күйсандығында көмулі қалдырмай, Жер жаһанды аралап, өзін де, өзгені де мойындатқан жандар бар екен. Ендеше, саяхатсүйгіш батырлармен таныс болыңыз!
Оқылым. Мәтінді түсініп оқыңдар.
Профессор Сабуро Шочи соңғы дәрістік сапарына аттанғанда 106 жаста болатын. Ол 6 елге саяхат жасап, 56 700 шақырым қашықтықты бағындырған. Сабуро қарт жер шарын айнала саяхаттауда ең егде әлем шарлаушы ретінде танылды.
Ең қарт саяхатшы
Джеймс Боуторп есімді ағылшын азаматы велосипедпен Жер шарын аралауды 174 күн ішінде жүзеге асырған. 20 елді кесіп өту үшін 18 мың мильді бағындыруға тура келді. Мұндай ерлік жасау үшін ерекше саяхатшыға велосипед педалін күніне 14 сағат айналдыруға тура келді.
Велосипедпен жасалған ең тез саяхат
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.