Серуен "Көктем"
Оценка 4.6

Серуен "Көктем"

Оценка 4.6
Занимательные материалы
docx
воспитательная работа
Детсад
30.04.2018
Серуен "Көктем"
Б ұ н д а к ө к т е м м е з г і л і н д е гі б а қ ы л а у л а р м е н қ и мылды ойындар жинақталған.көктем
Көктем.docx
Көктем 1.Ауа райына бақылау жасау                                                         (көктемде) Бақылау        Көктемгі ауа райы өте құбылмалы,бірақ күннен­күнге күн жылына бастайды.Ауа қысымы  көтаріледі. Ашық күндер көп болып,күн сәулесін мол шашады.Аспан сұрғылт түсін ашық көк түске алмастырады.Көктемнің алғашқы айы мен соңғы айын салыстыра білуге үйрету. Ауа райының  өзгерісін анықтап оны ажырата білуді жалғастыру. Балалардың байқампаздығын,табиғат пен  қарым­қатынасын дамыту.  Көркем сөз Жұмбақ Күн ұзарып Қар еріп, Су сайларға толады Айтыңдаршы бөбектерім Бұл қай кезде болады? Мақал­мәтел Таудан су ақса, көктем келеді. Болжам Жерден әлі қар кеткен жоқ,ал жанға көктем секілді.  Тақпақ Ой,балалар, балалар! Жылы­ жылы жел соқты Жылғалардан су ақты Қаңқыл­қаңқыл қаз кепті. Қимылды ойын «Қасқыр мен лақтар»   Белгі бойынша ұзындыққа секіруді жалғастыру(лақтар алаңда жүгіреді);жүргізуші қасқырдың  көзіне түспей, алаңда жүреді.Ойын шартын бұзбау,ұсталғандары шетке шығады. Шапшаңдық пен  бейімділікті дамыту.  Еңбек іс­әрекеті Топырақты тұқым салуға дайындау. Еңбектенуге деген қабілетін дамыту,бастаған ісін аяқтау,үлкендерге көмектесу.  Дидактикалық ойындар.Тәжірибе мен сараптама «Ауа райын сипатта!» Балалардың ауа райына байланысты сөзді таңдап алуды үйрету.   (жылы,ашық,суық,құрғақ,желді,жаңбырлы,тұманды) Өзіндік іс­әрекет Ойын барысында балалардың бір­бірімен қарым­қатынас жасауын қадағалау, олардың іс­әрекеті  мен қылықтарын білдіру,өз ойын іске асыру. Бақылау 2. Күнге бақылау жасау Күннің аңыздылығы адам өмірінде өсімдік пен жануарлар әлеміндегі алатын орны жайында түсінік  қалыптастыру. Күн көзінің көктем кезіндегі белсенді өзгерісін көруге үйрету(жоғары көтеріледі,  шуақтары жылу шашқанда, қарай алмайсын). Тақырып бойынша белсенді сөздікті дамыту.  Көркем сөз Жұмбақ                                                                          Мақал                                                                                          Туған жердің күні де ыстық,                                  Жұрттың бәрі оны сүйеді,                                             Түні де ыстық Бірақ қарай алмайды  (күн) Болжам Егер күн көзі қыста тұманға батса­ боранға, Ал күн астынан қабатталған бұлт  көрінсе­ ауа райының  бұзылуына. Тақпақ Күлімде,күн күлімде Жер жасарып көгерсін Кешегіндей бүгін де, Қанат қақсын көгершін Қимылды ойын «Күн мен бұлт»     Шеңбер бойында жұппен тұруды жалғастыру, ойын ережесін сақтау. «Күн»  деген сөзді естігенде қыдырып жүреді, ойнайды, «түн» сөзінде тығылады.  Еңбек әрекеті Гүл тұқымын топыраққа егу.   Балаларға    жұмыстың қарапайым,оңай түрін үйрету. Құрал­саймандарды ұқыпты ұстауға  тәрбиелеу.  Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен сараптама Тапсырма 1. Ауладан күнге қызған затты табу. Оның неден жасалғанын айту.  Қорытынды. Алдымен темір заттар қызады.  Тапсырма 2. Қай зат тез ысиды?  Қорытынды. Ақшылға қарағанда қара заттар тез ысиды.  Тапсырма 3. Ағаштың көлеңке жағымен  күн түсетін тұсын ұстап көру.  Қорытынды. Күн түскен жақ жылы, ал көлеңке жағы суық.  Өзіндік іс­әрекет Әр балаға өзін қызықтыратын іспен айналысуға жағдай туғызу. 3. Желге бақылау жасау.        Бақылау      Көктемгі жел құбылмалы. Егер солтүстіктен соқса өткір және суық болады. Мұндай желді  көктемгі дауыл әкеледі, ағаштарды сықырлатып шайқалтады, терезеге қар соқтырады. Оңтүстік  жел жылы леппен және ауа райын өзгертіп, жаңбыр жаудырады. Балалардың көктем мезгіліндегі  құбылыстар жайында білімдерін кеңейту,желдің аспандағы бұлттарға олардың қозғалысына әсерін  тигізетінін айту.  Көркем сөз Жұмбақ                                               Мақал­мәтел Келсе де әні құлаққа,                         Көшерімді жел білсін Өзін ешкім көрмейді                         Қонарымды сай білсін Жусан,қамыс, құраққа Тіптен маза бермейді.  Болжам Наурыз айының жылы желі­ жаздың жылы, жаңбырлы болуына әкеледі.  Тақпақ Желдет, желдет! Жеті қара дауылдат! Өрісін құлат,баласын жылат Тайтерісін қалтырат Науа­ астауын жалтырат! Қимылды ойын «Қақпақ пен таяқ». Еңбек іс­әрекеті Қажеттілік бойынша жұмыс   Балаларға топыраққа су құю барысында мұқият болуды,өз еңбегінің қажеттілігін түсіне білуге  үйрету. Өсімдікті күту барысында тыңғылықты жұмыс атқара білуге тәрбиелеу. Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама «Жақсы,жаман»  Табиғатта болып жатқан құбылыстардың жақсы және қарама­қайшы тұстарын көре білуге үйрету. Өлі табиғат пен тірі табиғаттың бір­бірімен байланысын;ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту. (Балаларға желдің әсерінен болған жағымды­жағымсыз жағдайды айта білуді ұсыну). Тапсырма.  «Бұлттардың қозғалысына байланысты жел күшін анықтау». Өзіндік іс­әрекет  Көңілді тыныш сәтті қолдауды  қарастырып, өзіндік жұмысты мадақтау 4. Аспанға бақылау жасау.      Бақылау      Балалардың көктемгі аспанға назар аударуларын талап ету. Аспанның қыста қандай болатынын,  қазіргі кезі қандай екенін нақтылау. (Қыста аспан­ сұр,ал қазір ­көкшіл) Бақылау барысында  көркем сөзді қолдануды үйрету.  Көркем сөз Жұмбақ  Бір түкті кілем    Бір түксіз кілем    (аспан мен жер) Болжам Егер көктемде ауа райының қалыптылығында таңертең дөңгеленген қабатты бұлттар көрінсе, ал  кешке жоғалып кетсе­ онда ауа райы жақсы, тұрақты болады.  Тақпақ Қ.Аманжолов  «Көктем» Сансыз көкек сұңқылдап  Көктем келді ертерек Нәзік үнмен сыңқылдап Бұйра бұлақ еркелеп Қимылды ойын «Қазым,қазым қаңқылда!»   Ойын шартына сай түрлі қимылдар жасауға үйрету. Балалардың ойында қырағылық, шапшаңдық  таныта білдіруіне назар аудару.  Еңбек іс­әрекеті Тұқымды қарашірікке отырғызу.  Топырақты жәшіктерге өз беттерімен салуды үйрету, оған тұқым себу. Құралдарға деген  ұқыптылықты тәрбиелеу.  Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен сараптама «Көктемге арнап бояу табайық»       Балалардың жыл мезгілі туралы білімін тиянақтау­көктем табиғаттағы өзгеріс. Өсімдіктер мен  жануарлардың көктемде бояуы қанық болатынын түсіндіру. Байланыстыра сөйлеуді дамыту.  Өзіндік іс­әрекет Дәлізде ойынға,оқу іс­әрекетіне қолайлы жағдай туғызу. Ауа райының жағымды тәртіп дағдыларын  қалыптастыру. 5. Шоғырланған бұлтқа бақылау жасау.       Бақылау        Наурыз айының екінші жартысында алғашқы шоғырланған бұлттар пайда бола бастайды. Ауа  райының жылуына байланысты олардың пайда болатынын түсіндіру. Қардың еруі қалай тез  болса,бұлттар да сонша көбейе түседі. Олар қысты күндегідей аспанды толық баспайды. Тек  шоғырланып жүреді. Осы бұлттар ұлпа мақтадай түрлі пішінде тегіс негізде болады.  Шоғырланған  бұлтты аспаннан көріп, қайталанбас сұлулығын байқай білуге үйрету. Шығармашылық қабылдауын  дамыту.  Көркем сөз                                                                                      Жұмбақ                                                                                           Тақпақ Бір халық аспанда ұшқан аяғы жоқ                                   Суырды көкте қылышын                                   Ұстаған қолдарында таяғы жоқ                                         Нөсерлі қара бұлт төнді                      Күніне талай жерге кетер кезіп                                          Тарылтып жердің тынысын              Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ  (бұлт)                            Тапа­тал түс болды ымырт     Қимылды ойын «Кілттер»      Кеңістікті бағдарлап жылдам әрекет жасауға үйрету. Бастаушы шеңбер бойымен жүріп, кілт  кімде деп сұрайды. Балалар жауап беріп орындарын ауыстырады. Бастаушы бос шеңберді жылдам  алып қою керек. Шеңберсіз бос қалған бала бастаушы орнына болады. Балалардың ойынға деген  қызығушылығын арттыру.  Еңбек іс­әрекеті Ауладағы қарды тазалау.  Күрекпен жұмыс істей білу, қарды үю. Оны анықталған орынға апару. Еңбекті ынтамен жасауларын қалыптастыру.  Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама «Бұлт неге ұқсайды?»   Түрлі заттар мен жануарлардың келбетін таба білуге үйрету. Қиялын, шығармашылық қабылдауын дамыту.  Өзіндік іс­әрекет Балалардың бірлескен мықты нәтижелі еңбегіне баға беріп,құптау. 6. Қардың  алғашқы еруін бақылау Бақылау Балалардың назарын қардың алғашқы еріген тұстарына аудару, неліктен барлық жерде бірдей қар  кетпейді.(ең алдымен  жазық жерлер мен төбелердің қары ериді, себебі ол жерге күн көзі мол  түседі.) Күн сәулесі мен жарық жердің тұстары тез еритіндігі туралы балалардың түйсігіне түю.  Байқампаздықты дамыту.  Көркем сөз Болжам Егер қар күрт еріген тұстарда көктемнің алғашқы гүлдері және өгейшөп өссе­онда наурыз айы мен  көкек айының басы жылы болады.  Тақпақ Көктем Көкке бояп өңірді, Көктем келді көңілді. Бау­бақшада,орманда Құстар әні төгілді. Қимылды ойын «Жүгір­отыр­жүгір!» Белгі бойынша әрекет жасауды дамытуды жалғастыру.(«Жүгір!»­балалар алаңда жүгіреді,  «Отыр!»­отырады);жылдамдықты(бұйрықты тез орындау). Күнделікті белсенді қимыл әрекетті  қалыптастыру. Еңбек іс­әрекеті Терезе алдындағы бақша (суару) Өз бетімен суару ережесін орындауды үйрету, топырақты қопсыту,су бүрку.Ұқыптылық пен  еңбексүйгіштікті тәрбиелеу. Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама. «Көктем ерекшеліктерін кім көп атайды?» Ерте түскен көктемнің ерекшеліктерін атай білуге үйрету. Сөздік қорын молайту. Тәжірибе. «Қай жердің қары тез ериді?» Табиғат құбылысының себеп­салдарын түсіндіру. Өзіндік іс­әрекет Ойын барысында бірігіп 2­3 рөлден тұратын ойындарды құрдастарымен бірігіп ойнау. Ойын  әрекетін орындау.                              7. Жылғалар мен шалшықтарды  бақылау.   Бақылау Балаларда  қардың еруінен пайда болатын жылға мен шалшықтар туралы түсінігін қалыптастыру.  Жылғаның басталатын тұсы мен ағар жолын тауып алу. Жылғаның сыңғырлап ағуын тыңдау.  Көркем сөз Жұмбақ Жылт­жылт еткен Жырадан өткен. (су) Болжам Егер қар тез еріп,су жылдам ақса­жаз жаңбырлы болады.  Сәуірде шалғын суы мол болса­шөп көп болады.  Тақпақ Көркемдеген жер­көкті, Көктем қандай тамаша! Жерге әкеліп төсепті Алуан гүлді алаша. Қимылды ойын «Батылдар» Жылғалар мен шалшықтардан секіріп өту, ұзындыққа секіруді үйретуді жалғастыру, дұрыс қона  білу.Секіру барысында тепе­теңдікті сақтай білуге тәрбиелеу. Еңбек іс­әрекеті Аула маңын қоқыстан тазарту   Ұжымда еңбектене білуді қалыптастыру,жұмысты жоспарлау,бақылауды іске асыру.Ұқыптылық  пен белсенділікті тәрбиелеу. Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама Тапсырма 1. « Қайық қайда жүзіп барады?» Жылғаға  қағаздан  жасалған  қайықты  жіберіп,оның қайда жүзетінін бақылау. Қорытынды. Су қайықты жүргізеді,жылғаның ағысына байланысты ағады.  Тәжірибе. «Батады, батпайды» Түрлі материалдан жасалған заттардың қасиетін анықтау суда бататын, батпайтын;Сараптама  арқылы балалардың бір қорытындыға келе білуін үйрету.Сөздік қорын молайту.  Тапсырма 2. Шалшықтың суын қолымен ұстап көру.  Қорытынды. Су өте салқын, себебі ауа да суық .Сондықтан өсімдік қыстан кейін жаңа оянады,бірақ өспейді.  Өзіндік іс­әрекет Ойын барысында балалардың бір­бірімен қарым­қатынас жасауын қадағалау. Өзге балалардың  жасаған қылықтарына баға бере білу.                                                                              8.Сүңгілерді бақылау. Бақылау Балалармен бірге сүңгілерді қарау.Сүңгілердің пішіні, көлемі әр түрлі болатынын атап өту.  Олардың пайда болуын түсіндіру (қар ериді,су тамшылайды,бірақ үнемі бірдей,жылы емес;күн суық болғанда су тамшылары қатады,мұздақ төмен қарай өседі ). Балалардың көктемгі табиғаттың  құбылысы жайында түсінігін кеңейту.  Көркем сөз  Жұмбақ Отқа жанбайды, Суға батпайды. (мұз) Болжам Сүңгілер ұзын болса­көктем ұзақ болады. «Үйсіз қоян» Алаңда жалғыз аяқпен секіре білуді бекіту;белгі бойынша үйлерге кіру.(шеңбер үйлер),бірақ бір  ойыншыға үй жетпейді, ол ойын бастаушы болып қалады. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Еңбек іс­әрекеті Аула сыпырушыға қар жинасуға көмектесу. Балаларды салыстыруға үйрету:қай жердің қарын күреу қиындау­майлы қар немесе борпылдақ қар. Өз еңбегінің нәтижесіне қанағаттана білу сезімін қалыптастыру. Еңбектенуге деген құштарлықты  тәрбиелеу. Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама. Тапсырма 1. «Шелекке қанша су жиналады?» Шелекті далаға бірнеше күнге қойып, төбеден  аққан судың мөлшерін анықтау.  Қорытынды. Су біртіндеп көбейеді,яғни,қар күннен­күнге тез ериді.  Тәжірибе. Мұздақтардың астына шелек қойып, күн мол түсетін және күн түспейтін тұстарын   бақылап, қай тұста шелек тез толды? Қорытынды. Жарық жақтарымен таныстыру. Мұздақтардың ұзару себебін түсіндіру.  Тапсырма 2. Әртүрлі ауа райындағы тамшыны тыңдау.  Қорытынды. Аязды және бұлтты күндері тамшылар жоқ.  Өзіндік іс­әрекет.   Балалардың ойын мазмұны мен тақырыбын жетілдіруді дамыту. Өз ойларын жүзеге асыру,яғни  ойында рөлдерге бөлуде ойыншық пен міндеттерді бөлісуде құрдастарының ойына келіспеушілік  білдіру.                                                                                        9. Өзендегі мұздың еруін бақылау. Бақылау  Көктемде күн қызуын мол шашып, күн жылына бастайтынын түсіндіру. Өзен мен көлдерде сең жүре бастайды.    Балаларменмұздағы жарықтардың пайда болуын қарау.Мұз ластанады,өйткені жағадағы сулар  жылғалар арқылы құйыла бастайды.Мұз үстімен адамдар жүрмейді.    Табиғат құбылыстарына деген байқампаздық пен қызығушылықты дамыту.Өз беттерінше  қорытынды жасап,сөздік қорды байыту. Көркем сөз  Жұмбақ Отқа жанбайды Суға батпайды   (мұз) Болжам Егер көктемде су деңгейі көтерілмесе ,жаз ыстық болады. Тақпақ «Көктемгі су»   Н.Айытов Қаусатып қар боранды                 Сарқырады бұлақтар Құлпырды сай қыраттар Сағым ойнап,көзді алып Жақын тартты жырақтар Көктем қайтып оралды Таулар тастап ақ тонын Көк торғынға оранды Қимылды ойын «Өзенге, жағаға» (Эстон халық ойыны) Белгі бойынша қателеспей әрекет жасауды үйретуді жалғастыру (бастаушы бұйрық береді,бірақ өзі  бөтен қимылдар жасайды). Өзенге секіру,жағаға секіру(жерде бір­біріне қарама­қарсы сызықтар).  Ойын кезінде жаттығу жасауда күш пен жігерлікті дамыту. Еңбек әрекеті Балықтарға күтім жасау.(Қажеттілікпен жұмыс) Аквариумдағы судың тазалығын қадағалау.Ондағы шөптер мен судың жағдайын қарап,күтім  жасау.Балықтарды күтуге деген ықыласты дамыту. Дидактикалық ойын. Тәжірибе және сараптама «Алдымен не содан соң ше?»  Көктемде болатын құбылыстардың логикалық тізбегін бекітуді үйрету.(күн қызуын мол  шашады,қар мен мұз ери бастайды т.с.с) Есте сақтау қабілетін дамыту,ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Ерікті іс­әрекет Баланың даму негізінің жағымды сапасын жеке ұжымда қолданып іске асыру. Белсенді балалар өз  құрдастарына,яғни ойын кезінде сылбыр балаларға қысым көрсетпей,ойынға араласып кетуіне қол  ұшын бере білу.                                10. Қар бетінің төмен түсуін бақылау Бақылау Қардың төмен түсуі күн сайын арта түседі, түсі сұрғұлт тартып, қар беті күртіктеніп,асты  борпылдақ қар болатынын түсіндіру.Көктемгі қардың жағдайы туралы балалардың білімін  бекіту.Табиғатта болып жатқан өзгерістердің себебі туралы айтып өту. Танымдық  қызығушылықтарын дамыту.  Көркем сөз Сылдыр қағып ақ бұлақ Күйге салып жатты бақ Таудан аққан өзенде Гүрілдеді қаттырақ Болжам Егер қар тез еріп, жылғадағы су жылдам ақса, жаз жаңбырлы болады. Тақпақ Қары еріп даланың Арықтардан су ақты Ақ жүзіндей ананың Көктем келді шуақты Қимылды ойын «Жолды тап» Бағыт бойынша аулада кеңістікті бағдарлай алуды бекіту. Аулада ойын мәресінен финишқа дейін  жүгіру.Кеңістікті бағдарлауды дамыту.  Еңбек іс­әрекеті Өз қалауымен бірлескен еңбек әрекетіне қатыса білуге тәрбиелеу.Еңбек әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау.  Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама «Қар қандай,сипатта?» Көктемдегі қардың өзгерісін бекіту:борпылдақ,сұр,лас. Тәжірибе.Қарды күреу Өзіндік іс­әрекет Әр бала өз қалауы бойынша еріген қар бетіндегі қоқысты тазартады.                                                         11.Ағаштарға бақылау жасау Бақылау Балалармен бірге ауладағы ағашты қарау: ағаштың бүрлерінің астынан кішкентай жапырақ  өскіндері өсіп келе жатқанын бақылау. Ағаштарды бүрлері мен бұтақтарына қарап айыра білуге  үйрету. Терек пен аққайыңның бұтағын салыстыру(аққайыңның бұтағы жіңішке,иілгіш,қабығы  қоңыр­қызыл,бүрі ұсақ, бұтақта бір­бірлеп орналасқан;терек бұтағы аққайыңға қарағанда  жуан,қабығы сұрғылт­жасыл,бүрі ірі,ұзын, жабысқақ және хош иісті, бір­бірлеп өседі)Салыстыра  білу қабілеті мен нақты белгілерін атай білуге үйрету.Табиғаттан алған әсерлерін қуанышты көңіл­ күйлерін білдіре білу. Көркем сөз Мақал­мәтел Бір ағаш кессең,жүз ағаш отырғыз Болжам Аққайың ағашы жөке ағашынан бұрын бүр жарса, жаз құрғақ болады. Көктемде аққайыңның  шырыны көп болса,жаз жаңбырлы болады. Тақпақ Отырғыз ағаш көктемде Жөн болар еңбек еткенің Келмесе шамаң еккенге Сындырма жұрттың еккенін Қимылды ойын «Ағаштан ағашқа» Алға жылжу арқылы қос аяқтап секіре білуді бекіту.(кімде­кім аз секірсе сол,жеңімпаз)ойын  барысында ойынды әділ бағалауға үйрету. Ойын барысында жолдастарымен ақылдаса білуді дамыу Еңбек іс­әрекеті Бұтақты кесуден кейінгі қалдықты жинау. Еңбек нәтижесін көру,топқа бірнеше бұтақты жинап әкеп,келесі бақылауды ұйымдастыру.  Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама «Біздің үй қайсы,тап?» Сипаттау бойынша ағашты таба білуге үйрету.  Өзіндік іс­әрекет Ойын барысында жұбымен бірге бірлесіп,ойын нәтижесін бөлісе білуге үйрету.                  12.Аққайыңның шырын бөлген уақытын бақылау.  Бақылау Балалардың назарын аққайыңға аудару. Көктем келісімен ағаштардың шырындық қозғалысы  болатынын атап өту. Бұл процесс көкетмде еріген қардың суын тамыры арқылы жұтып, шырын  бөліндісі содан пайда болатынын түсіндіру. Ол қыс бойғы өсімдіктердің тағамдық қорының еруінен пайда болатын ерітінді. Балалардың қызуғышылығы мен қабілетін дамыту. Табиғатқа деген  сүйіспеншілігін ояту.  Көркем сөз Өсіп тұрған бұл не? Жаз болса жайнап Саясына ән салып Құстар жүрген сайрап Болжам Көктемде аққайың шырын бөлсе, күннің жылы болуына байланысты. Егер шырын бөлінуі мол болса, жаз жаңбырлы болады.  Тақпақ Көк орманда көп ағаш Өскен жақсы аралас Ең әдемі меніңше Құс ұясы бар ағаш Қимылды ойын «Орман дақтары» Балалардың өз бетінше ойынды ұйымдастыра білуін дамыту.Ағашқа арқасын беріп тұрған, қос  қолымен қымтап ұстаған баланы қозғауға болмайтынын,. ойынға деген қызығушылықты арттыру.  Еңбек іс­әрекеті Ағаштың жан­жағын дөңгелетіп қопсыту. Еңбек барысында еңбекке тәрбиелеу. Жалпы пайда үшін  еңбектенуге үйрету. Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптамалар Тапсырма. Шырын бөліп тұрған ағашты тауып, бақылау. Қорытынды Ағаш қабығының астынан мөлдір сұйық бөлінеді,дәмі тәтті,ауада тотығады,қызғылт түске енеді.  Өзіндік іс­әрекет Бірлескен іс­әрекет барысында ереже мен тәртіп нормаларын белсенді қолдана білуге                ынталандыру.                                              13.Бақта өсетін ағаштардың гүлденуін бақылау.  Бақылау Ағаштарды түсіне қарай қарау, жәндіктердің үймелеуін белгілеу, гүлдеген ағаштардың сұлулығын  айыра білу,ағаштардың пайдасы жөнінде балалардың түсінігінде қалыптастыру. Эстетикалық  талғам мен сезімді тәрбиелеу.  Көркем сөз Мақал­мәтел Төлден мал өседі Шыбықтан тал өседі Болжам Мойыл ерте гүлдесе,ауа райының суықтығына. Шетен кеш гүлдесе,күз ұзақ болады.  Тақпақ Қимылды ойын «Секіргіш бақалар» Керілген сымнан секіре білуді жалғастыру.(Тәрбиеші жіптің бір ұшын ұстап,жерге айналдыра  дөңгелетеді,ал шеңберде тұрған балалар секіру керек).Балалардың физиологиялық  ұйымшылдық,төзімділік қасиеттерін дамыту. Еңбек іс­әрекеті Ағаш түбін әктеу. Ағаштың түптерін әктеу. Щетканы оң қолмен ұстап,жоғарыдан төменге қимылдар жасау.Берілген  тапсырманы мұқият тыңдап,істі аяғына дейін жеткізу.Қиындық туа қалған жағдайда көмекке келу. Дидактикалық ойындар. Тәжірибе  мен сараптама «Орманшы» Бірнеше ағаштың түр­тұлғасын, бөліктерін:діңі,жапырағы,жемісі мен дәні болатынын еске  сақтау.Өз білгендерін сөзбен жеткізе білу. Өзіндік іс­әрекет    Ойын барысында бір­бірімен қарым­қатынас жасап,өз ойларын ортаға салып,құрдастарының  шешіміне келіспеушілік білдіре білу,рөлдерге бөлу,ойыншықты бөлісе білуге дағдыландыру.                                  14.Жаңа өсіп келе жатқан көк шөпті бақылау. Бақылау     Балалармен жаңа өсіп келе жатқан көк шөпті қарау.Күн көп түсетін жерде алғашқы шөптер  қылтиып шыға бастайтынын бекіту.Күн қыза бастады,қар еріді,топырақ жылынды,көк шөп өсті,  яғни балаларды осылай  қорытынды жасай білуге үйрету.Табиғаттың оянуына байланысты  балаларда көтеріңкі көңіл күйді ояту.Өсімдікті аялап,күте білуге үйрету Көркем сөз Жұмбақ «Айт!» десе жүгірмес   Су тисе сілкінбес    (шөп) Мақал­мәтел Адам жерге нәр береді                Су көп болса,шөп бітік шығады. Жер адамға нан береді Болжам Сәуірдегі топан су,жаздағы қалың шөптің белгісі. Қимылды ойын «Көк шөптегі хоккей»   Хоккей таяғымен допты домалата білуді бекіту,қақпаға соғу,бір орында тұрып кіргізу.Ойында  достық көмекке келуді үйрету. Еңбек іс­әрекеті Ауладағы қураған шөпті жинау   Тырнауышпен жұмыс істеуді жалғастыру (шөпті белгілі бір орынға жинау, зембілмен оны апару).  Жолдастарымен бірлесіп жұмыс атқарып,ұжымдық еңбекке деген қызығушылықтарын тәрбиелеу. Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен сараптамалар  Тапсырма. Аулада қыстан кейінгі шыққан шөп орнын тауып алу. Балаларды табиғатта болып жатқан өзгерістерді көре білуге үйрету.Сөздік­логикалық ойын  дамыту,қойылған сұраққа жауап таба білуге дағдыландыру. Өзіндік іс­әрекет Балаларға өз беттерімен ойын тақырыбын таңдауды үйрету.Өз тәжірибесі негізінде бақылау  барысынан алған жағымды тұстарды дамыту. Әр саладан алған білім көзін ойын кезінде көрсете  білу.                                                                              15.Бақбақтың өсуін бақылау Бақылау Бақбақтың құрылымы жайлы балалардың білімдерін бекіту. Өсімдіктің өсуі және өсу реті туралы  түсініктерін нығайту. Бақбаққа және басқа өсімдіктерге ықыласпен қарауды тәрбиелеу.  Байқампаздықты дамыту.  Көркем сөз Жұмбақ Кіп­кішкентай қауғабас Шашы түссе дауламас    (бақбақ) Болжам Егер бақ­бақ ерте гүлдесе,жаз қысқа болады.  Тақпақ «Бақбақ», А.Оразақын Қимылды ойын «Гүлдер» Гүлдердін атауын пысықтау(ойыншылар өздеріне гүл атауын таңдап алады). Алаңда қозғалу  біліктіліктері, белгіні сезіне білу(бастаушы басқа ойыншылармен алаң ішінде қозғалып жүреді,  бастаушы гүлді атайды, аты аталған гүл­ойыншы қолын көтеріп қашады);ойын тәртібін сақтау(жаңа гүлді атай алмаған ойыншы бастаушыны ауыстырады). Еңбек іс­әрекеті Гүлзарлардағы гүлдері бағып,күту. Гүлдерді дұрыс суару дағдыларын бекіту.(таңертең не кешке  суару, күн қызбай тұрғанда асықпай біркелкі суару). Гүлдерге ықыласпен қарауды тәрбиелеу. Дидактикалық ойындар.Тәжірибе және сараптама, «Тұқымның саяхаты» Өсімдіктің өсуіне қажетті шарттарды бекіту. (тұқым­ су,топырақ,жылы,сабақ,жапырақтар,гүл,гүлдің тұқымы пісіп жетілуде тұқымды жел ұшырады.) Тәжірибе. Бақ­баққа «парашют» не үшін керек? Гүлдің құрылымы мен таралуы арасындағы  байланыс.  Қорытынды. Тұқымдар өте кішкентай,жел «парашюттерге» алысқа ұшуға көмектеседі.  Өз бетімен іс­әрекет Ойыншының тақырыбын балалар алдын ала талқылап, рөлдерді бөліп, 3­4 адамнан тұратын  бастапқы заттық кеңістіктегі қозғалысты ұйымдастыру.                      16. Бұталарды бақылау.(итмұрын,көгіс,қаражеміс,шетен,қызыл  мойыл) Бақылау Бұталарды бұтақтарына және бүршіктеріне қарай айыра білу біліктілігін бекіту(көгістің бұтағы  осал, сұр, бүршігі домалақ, тегіс,екеуі бірге өседі.)қолайлы шарттармен байланысын көрсету(көп  жарық,жылу,ылғал). Табиғатты эстетикалық  тұрғыдан қабылдауын дамыту,қорғауға ұмтылдыру. Көркем сөз Жұмбақ Бір халық аспанда ұшқан аяғы жоқ Ұстаған қолдарында таяғы жоқ Күніне талай жерге кетеркезіп Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ     (бұлт) Қимылды ойын «Шегіртке» Алға қарай екі аяқтап секіруді бекіту. Шапшаңдықты дамыту, тепе­теңдікті сақтауды үйрету.  Еңбек іс­әрекеті Қураған бұтақтарды кесу,бұталардың түбін қопсыту. Қураған бұтақтарды кесу үшін балаларды  қатыстыру(қураған бұтақтарды белгісі бойынша анықтау),өз еңбегінің мәнін түсіну. Үлкендерге  көмектесу ықыластарын тәрбиелеу.  Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен сараптама. «Ағаштар мен бұталарды отырғызу үшін не керек?» Ағаштарды отырғызу үшін керек заттар мен құралдар туралы білімдерін бекіту.(ойын үшін әр түрлі ойыншықтар шығару;қасық,кубик,қуыршақ және т.б еңбек құралдары: тырнауыш,күрек.) «Қалай аталады?» Берілген суреттердің арасынан ағаштарды, бұталарды және гүлдерді топтау дағдыларын арттыру.  Өз бетімен іс­әрекет Балаларға өз рөлін және басқа ойыншылардың рөлдерінің мазмұнын есте сақтауға үйрету. Ойын  барысында балалар ауысып 2­3 рөлді ойнау алуы, ойын барысында бір­бірімен қарым­қатынас  ережелерін білу, бой ұсындыру,теңдік басқару.                                              17.Шырша және қарағайды салыстыра бақылау.  Бақылау Балалармен қарағайды қарау. Ағашты тауып атай білу. Қарағай мен шыршаны  салыстыру;Ұқсастығы мен айырмашылығы. Ағаш биік, діңгегі тік, тегіс, қабығы сұр,қатпарлы. Ол  ағаштың ішкі бөлігінің кеуіп кетуінен, зиянкестерден, әр түрлі зақымданудан сақтайды. Қабығы өсу барысында пайда болады. Ерте көктемде 2­3 күнде қарағайдың жіңішке бұтақтарында көк­жасыл  түсті қылқан шоқтары пайда болады. Олардың арасында қызғылт немесе жасыл бүршіктер және  сары масақтар көрінеді.  Көктемгі табиғаттың сұлулығын ұғына білу біліктілігін арттыру.  Көркем сөз Жұмбақтар Тікен­тікен тік пісте Қысы жазы бір түсте   (шырша) Болжам Егер шырша мен қарағай бұтақтары төменге иілсе –жаңбырға.  Қимылды ойын «Бүршіктен атта» Бұйрықты орындау біліктіліктерін пысықтау­бүршіктен аттау,жүгіру(оң және сол жақпен),жүру­ тоқтамау,кідіріссіз.Шыдамдылықтарын дамыту.  Еңбек іс­әрекеті Қылқан жапырақты ағаштарды күту(қажетті жағдайда) балаларды діңгектің айналасын қопсытуға,  қылқандарын жинауға қатыстыру.Еңбек құралдарына ұқыпты қарауды,іскерлік мәдениетті  тәрбиелеу.  Дидактикалық ойындар.Тәжірибе мен сараптама. «Бұтағына қарай ағашты табу» Бөліктерден бүтін құрау. Бұтақтарға қарап ағашты атауды үйрету.  Өз бетімен іс­әрекет Ойынды ұйымдастыру барысында (қажетті жағдайда және оның барысында )балалардың қарым­ қатынастарының өнегелі болуын, өз рөлдерінің орнын білуін,бір­біріне достық сезіммен қарауын,  қиын жағдайда бір­біріне көмектесе алуын, қайырымдылық қасиеттерін көрсете білуіне көмектесу.                                                         18.Құстардың ұшып келуін бақылау Бақылау Балалардың назарын ең бірінші өз атамекеніне ұшып келетін құстың­ ұзақ екеніне көңіл аударту.  Олар суықтан қорықпайды, тамағын тауып алады. Жыл құстары туралы түсініктерін кеңейту. Жиі  кездесетін жыл құстарының атауын, олардың ерекшеліктерін, ұқсастықтарын айыра білу.  Құстардың пайдасы туралы білімдерін бекіту. Табиғат құбылыстарының арасындағы заңды  байланысты көре білуге үйрету.  Көркем сөз Жұмбақ Түгі қара мақпалдай Төсі ақ сыр жаққандай Ұшса оқтай зулайды Көктен жұлдыз аққандай     (қарлығаш) Болжам Шағала ұшып келсе мұз кетеді. Тақпақтар Жасыл келіп жатты алап Қуды көктем қыс күнін Айыр құйрық ақ тамақ Келді аяулы құс бүгін Қимылды ойын «Лашын мен ұябасар» Балалардың бірінің артынан бірі сап түзей қозғалу біліктіліктерін бекіту.Келесі шарттарды  орындату: бір­бірінен ажырап қалмау, лашын соңғы ойыншыны ұстайды, ұябасар лашынды қолымен ұстамайды. Ойынды өз бетімен ұйымдастыру қажеттілігін дамыту. Еңбек іс­әрекеті Алаңдағы құстарды тамақтандыру Балаларды топ алаңына ұшып келген құстарды тамақтандыруға қатыстыру. Құстарға деген  адамгершілік –әрекеттілікті тәрбиелеу.  Дидактикалық ойын. Тәжірибе және сараптама. «Сауысқан да ,қарға да емес» Сурет бойынша әр түрлі құстарды балалардың тани білуі. Қыстайтын және жыл құстарын айыра  білу біліктіліктерін бекіту. Балалардың назары мен тапқырлығының дамуына ықпал ету. Ойынмен  балалардың көңілін көтеру.  Өз бетімен іс­әрекет Ортақ ойында өз тәртібі үшін жауапкершілікті тәрбиелеу, ойынның түпкі ниетін іске асыруға  құлшыну.                19. Қараторғайдың үйшігі және қараторғайларды бақылау. Бақылау Қараторғайдың үйшігінде  немен шұғылданып жатқанын бақылау;үйшіктен ескілерін лақтырып  тастайды, қай кезде үйшіктегі торғайларды қуады. Қараторғайдың өз үйшігі алдында қалай ән  салғанын қарау. Тұншыға айтады, қанаттарын қағады,басын шайқайды және тұмсығын кең ашады;  әндері әр түрлі дыбыстарды еске түсіреді. Миялаған сияқты, әтештің шақыруы,болмаса арбаның  шиқылы. Балалардың жыл құстары туралы білімін кеңейту және бекіту. Жыл құстарын қарсы алуға  үлес қосуға тарту. Балалардың көңіл­күйлерін көтеру.  Көркем сөз   Тақпақ «Ұзағым келдің бе?»  Е.Ерботин Көктемді хабарлап Ұзағым,келдің бе? Қойып ем даярлап Ұяңды көрдің бе?  Болжам Қараторғай көрсең­ көтем келді дей бер.  Қимылды ойын «Қарлығаш» Балаларға ойын шартын сақтауды үйрету(ойыншылар шеңбердің ішіне жүгіре кіріп,қарлығашты  босатуға тырысады, ал күзетші оны қорғайды) ойын барысында өз тәртіптерін  әділетті де әділ  бағалай білуге тәрбиелеу.  Еңбек іс­әрекеті Гүлзардағы топырақты қопсыту Гүлзардағы көктемгі топырақты қопсытуға балаларды қатыстыру. Еңбек етуге не қажеттігін  балалардың өз бетімен шешуін үйрету. Бір­біріне кедергі жасамай, бірігіп еңбек етуге  машықтандыру. Еңбек барысында ұйымшылдық сезімдерін қалыптастыру.  Дидактикалық ойын.Тәжірибе және сараптама. «Құсқа үйшік тап» Сурет бойынша әр құсқа сай үйшік табу. Құстардың қылығы олардың қоршаған ортаға бейімделуі  туралы білімдерін кеңейту.  Өз бетімен іс­әрекет Балаларды таңдап алған тақырып бойынша әр түрлі көмекші заттардың көмегімен құрастыруды,  ойыншықтарды ауыстырып ойнауды,ойын барысында қолдана білуге үйрету;балалардың өздері  жасаған ойыншықтарды пайдалану.                                                                                     20.Ұяларды бақылау. Бақылау Балаларға көктемде көптеген құстар ұя  салатынын айту,бірақ ұя құсқа үй болмайтынын естеріне  салу. Ұя жұмыртқа салу,оны басу және балапандарын өсіру үшін қажет. Құстарға биік шөптер,  ағаштың басы пана бола алады. Ұя жасау үшін құстардың қандай материал қолданатынын бақылау.  (қауырсындар, жүн шүйкесі,бұтақшалар және т.б)Ағаш басындағы қарғаның ұясы мен шатырдың  астындағы торғайдың ұясын салыстыру. Балалардың бақағыштығын және білуге құмарлықтарын  дамыту.  Көркем сөз Жұмбақ Тал басында  Түндіксіз отау  (құстың ұясы) Болжам Егер жыл құстары ұясын ағаштың күн жағына салса­суық жазға,ал көлеңке жаққа­жылыға.Егер  қарға ағашқа ұясын төмен салса­үлкен су тасқынына,жоғары­ күшті су тасқынына. Егер ұзақ құсы ұясын реттеуге асықпаса­жылы күндерді күту ерте болады.  Тақапақ    «Ұя» Ұя жасап тақтайдан Талға апарып байладым Жыл құсының шаттанған Күттім қашан сайрауын Қимылды ойын «Ұшу» Сапқа тұру біліктіліктерін бекіту; ойынның шартын орындап бір аяқтан екінші аяққа секіру.  Ойынға барлық балалардың қатысуын қамтамасыз ету.  Еңбек іс­әрекеті Құстарға ұя жасауға көмектесу. Балаларға құстарға көмектесуді ұсыну, жемсалғышқа тамақ қана  емес, әр түрлі жүн­жұрқаларды салғызу. Құстар оған қуанады, жұмысқа деген жауапкершілік пен  ұйымшылдықты тәрбиелеу. Балалардың құстарға деген қызығуышылықтары мен сүйіспеншілігін  дамыту.  Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама. Тәжірибе. «Құстардың қанаттарының қүрылысы қандай?» Құстың қанатын анықтап қарау(желпуіші бекітілген негіз) ,(қанат жеңіл,өйткені негіздің ортасы  бос) олар неге ақырын ұшып түседі? Құс қанатын қаққанда не болады?(қанат  жеңіл,серіппелі,қалықтай ұшады) Табиғи жағдайдағы құс тіршілігін оның құрылысымен байланыстыру.  Өз бетімен іс­әрекет Балаларға ойынға керек құрылыстарды салуға үйрету. (үй,кеме және т.б) Ойын барысында табиғи  заттарды қолдану(құм,су және т.б) Балалар ойынының мазмұны мен тақырыбын толықтыру және  дамыту.                                                    21.Суда жүзетін құстарды бақылау. Бақылау Балалардың назарын өзендегі мұз кетпесе де шағалалардың ұшып келгеніне назарын аудару. Одан  кейін жабайы үйректер де ұшып келеді.  Көркем сөз Мақал Құстың күші­қанатында, Адам күші­достықта. Тақпақ Баласын ертіп соңынан Сүңгіп,жүзіп үйретті Су жұқпайтын тонына Кім білмейді үйректі Болжам Егер жабайы үйректер күндіз қопа жағалауына кетсе­жаңбырға не желге. Қимылды ойын «Үйрек» Алаң бойында қозғалыста жүріп белгі бойынша «ұяға кіру» алаңқайдағы бар балалар үйрек болып  жеңіл ұшып жүреді.  Еңбек іс­әрекеті Суда жүзуші құстарды көпірде тұрып тамақтандыру. Жем мен өсімдік тұқымдарын жемдеу үшін  алдын ала дайындау.Суда жүзуші құстарға өз бетімен жем беру әдеттерін тәрбиелеу, Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама. «Кімге не дәмді?» Суретке қарап әр құстың тамағын тауып,көрсету. Шағала­балық,үйрек­балдыр,көкқұтан­ бақа,торғай­жем,жапалақ­тышқан және т.б Тәжірибе. «Суда жүзетін құстардың тұмсығы неге осындай?»  Құстардың тіршілігі мен құрылысы арасындағы байланысты анықтау. Қорытынды. Үйректердің, қаздардың және аққулардың тұмсығы жалпақ,ұзынша болады:ол жемін  ұстап алуға, сүзгіден өткізуге, суда өзжемін табуға көмектеседі.  Өз бетімен іс­әрекет Ойын таңдау барысында  балалардың дербестігін дамыту. Ойынның мазмұнын құруда және  барысында белсенділікті тәрбиелеу.                          22. Жәндіктерді бақылау(қызылқоңыз, жазғытұрғы  қоңыз,солдатиктер,маса) Бақылау Балалардың жәндіктердің тіршілік орны,қозғалу тәсілдері және сыртқы түрлерінің ерекшелігі  туралы білімдерін пысықтау; Сараптама жасауға үйрету.Себеп­салдарлы байланыстарын  анықтау,қорытынды жасау,байқампаздықтарын, қызығушылықтарын дамыту. Тақырып бойынша  сөздік қорларын жинақтау.  Көркем сөз Жұмбақ Шидім,шидім,шидім құс Ши басына қонған құс Қарқаралы қара құс Хан басына қонған құс  (шыбын) Болжам Ауа райы бұзыларда қоңыздар ызылдайды, егер қатты ызылдаса­ашық жылы ауа райына.  Маса  жарыққа қарай ұшса­суыққа. Тақпақ Қимылды ойын «Көбелектер, бақалар,көкқұтан» Алаңқайда қолдарын жоғары­төмен қозғалыста көбелек болып айналу дағдыларын пысықтау; төрт  тағандап секіру­бақа,бір аяқпен тепе­теңдіті сақтап тұру­көкқұтан. Тепе­теңдікті сақтап кеңістікте қозғалыс үйлестігін жетілдіру.  Еңбек іс­әрекеті Гүлдің өсіндісін құмыраға отырғызу.  Тәрбиешінің тапсырмасын орындау дағдыларын пысықтау. Бастаған істерін аяқтау, жұмыс істеу  ниеттерін тәрбиелеу.  Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама. «Төртінші артық» Балалардың топтау, салыстыру, қорытындылау дағдыларын дамыту; жәндіктер туралы білімін  пысықтау.  Өз бетімен іс­әрекет Балалардың ойын барысында бір­бірімен қарым­қатынасын,өз іс­әрекеттерін және қылықтарын  көрсете білу, өз ойын,көзқарасын,мүддесін қорғай алу;құрдастарының ұсыныстары мен  келіспеушілігін сыпайы түрде көрсету біліктіліктерін арттыру.                     23.Улы өсімдіктерді бақылау.(жабайы итмұрын,меңдуана) Бақылау Балаларға улы өсімдіктер туралы түсінік беру. Бұл өсімдіктер барлық жерде өсуі мүмкін:жол  жиегінде;сурет және белгілері,тәрбиеші суреттемесі бойынша өсімдіктерді айыра алуға үйрету.  Меңдуананың сабағы жуан,тарам­тарам,жабысқақ, талшықтары жағымсыз иісті, гүлдері сарғыш  көгілдір жиектерімен;жаз бойы гүлдейді,күзге қарай жемістері піседі­қорабындағы тұқымдары  қара­сұр көкнәрға ұқсас.Бұл өсімдіктің ең улы бөлігі. Жабайы итмұрынның сабақтары  жіңішке,тегіс,жапырақтары қысаң,ашық­жасыл түсті,гүлдері ұсақ,сары түсті.Өсімдіктің жасыл­сұр  түсті бұршаққа ұқсас тұқымы­улы бөлігі болып табылады.  Көркем сөз Тақпақ Итмұрындар самсаған, Қызыл гүлдей жайнайды Аузыңа оны салсаң­ақ Үйірер тіл,таңдайды Қимылды ойын «Көтермек»(қазақ ұлттық ойыны) Балалардың күшін,шыдамдылығын дамыту.(ойыншылар шынтақтарын қоса бір­біріне сүйене бір­ бірін көтеруге тырысады).Жарысқа қызуғышылықтарын қолдау. Еңбек іс­әрекеті Арам шөптерді жұлу Арам шөптер туралы түсініктерін кеңейту(қалуел,алабота,бидайық және т.б);шөпті отау(екпе  шөпке кедергі жасамау,жарықты және ылғалды алмау үшін).Бастаған істерін аяқтау дағдыларын  тәрбиелеу. Дидактикалық ойын. Тәжірибе және сараптама «Кім зерделі?» Өз ойларының қателігін таба білуге үйрету.Улы өсімдіктер туралы білімдерін бекіту. (Мысалы:меңдуананың гүлдері сары,ал жабайы итмұрынның гүлі­кішкентай.Інжугүлдің жапырағы  жалпақ,ал алқаныкі жасыл. Жабайы итмұрынның тұқымы домалақ,ал алқаныкі қара және т.с.с) Өз бетімен іс­әрекет Рөлдерді,ойыншықтарды,міндеттерін бөлу барысында құрдастарының ұсыныстарымен  келіспеушілігін сыпайы түрде көрсету біліктіліктерін арттыру.                                    24.Шоқыларды бақылау. Бақылау Балалармен алыстан көрінген шоқыларды қарау. Шоқы –бұл дөңгеленген тау биіктігі екені туралы  түсінік беру. Бұрынғы кезде шоқылардың орнында қатты шыңдар болған,бірақ уақыт өткен сайын  табиғатта тастар бұзылады. Ол ауа райының өзгеруі,су мен өсімдіктердің өзгеруіне  байланысты.Табиғат тудырған әр түрлі заттарды айыра білуді үйрету. Балалардың эстетикалық  сезімдерін,отанға деген махаббаттарын дамыту. Көркем сөз Жұмбақ Жерде тұрып бөркіммен, Аспанға кебемін.    (шоқы) Мақал­мәтел Шыңды жүрген жеңеді. Қимылды ойын «Омпы» Асық соғуда балалардың көз мөлшерін дамыту,ұйымшылдық және дербестігін тәрбиелеу.  Еңбек іс­әрекеті Қажеттілігі бойынша Балаларға тапсырмаларды өз бетімен орындауға үйрету. Біріккен еңбек іс­әрекетінде ат салысу  тілектерін тәрбиелеу. Дидактикалық ойын. Тәжірибе және сараптама Тәжірибе. «Су тасты қозғайды» Қатқан су тасты қалай қозғайтынын білу. Балалар аузымен суды толтырып сабан талына құйып  түбін ермексазбен жауып тоңазытқышқа қояды.  Қорытынды:тығын ермексазды су орнынан қозғалтып(сабан талындағы судың көлемі үлкейген  тығынды орнынан жылжытқан) Өз бетімен іс­әрекет Балалардың ойын барысында бір­бірімен қарым­қатынасын,өз ойын,көзқарасын,мүддесін қорғай  алу;құрдастарының ұсыныстарымен келіспеушілігін сыпайы түрде көрсету біліктіліктерін арттыру.                             25. Наурыз шешектерін бақылау( өгейшөп, інжугүл) Бақылау Балалардың көктемнің  алғаш гүлдері туралы түсініктерін бекіту. Бұл  көпжылдық өсімдіктер, яғни олар көп жыл бойы өседі және гүлдейді. Олар қыстың күні қардың астында сақталады,күн жылына  олар оянады да олардың тамырынан сабағы және жапырақтары өседі. Ерте гүлдеуші өсімдіктерді  ерекшеліктеріне сай анықтауды және атауды үйрету; өсімдіктердің ұқсастығын және ерекшелігін  салыстыра білуді үйрету. Ерте гүлдеуші гүлдер өсуге қажетті жағдайлар болса тез өсетіні туралы  түсініктерін бекіту. Алаңқайды күн әдемі қыздырса­жер еріп жылынады. Көркем сөз Жұмбақ Жасыл жіпте­ақ  қоңыраушалар Жасыл түйінде­ақ бұршақтар(інжугүл) Неге олар бұлай аталады?  Өгейшөп ­жапырақтары оң жағынан жылы,жұмсақ­ана сияқты,сол жағы­суық,өгей шеше сияқты. Болжам Егер өгейшөп гүлі түнге қарай жапырақтарын тығыз жапса­ауа райы бұзылады. Қимылды ойын «Көктемгі гүлдер» Екі топқа бөліне білу;гүлдердің атауын бекіту.(ойыншылар өздеріне ат таңдайды­гүл  атауын);ауызша белгіні сезіне білу(бірінші топтың балалары гүлдердің атауын атайды;аталған  «гүлдер» жан­жаққа қашады);ойын шартын сақтау. (барлық гүл атаулары аталғаннан кейін топтар  орындарымен ауысады) Еңбек іс­әрекеті Гүлзарда,бақшада атыз қазу Балаларды атыз қазуға қатыстыру,бұл жұмыстың маңыздылығын түсіндіру,әр баланың жұмысқа  қатысуы жүйелі болуын қадағалау. Дидактикалық ойын.Тәжірибе және сараптама Тәжірибе. «Өсімдік өсу  үшін не қажет?» Өсімдікке қажет сыртқы ортаның негізін көрсету.(су,күн,жылу) Қорытынды:Күн қыздырады,қар еріді,жер жылынды,бірінші гүлдер пайда болды. Өз бетімен іс­әрекет Балалардың топқа бөлініп ойнауы,бір­бірімен дұрыс тату­тәтті қарым­қатынаста болып балалар  ұжымының бірлестігінің дамуына негіз болады.                                         26. Топырақты бақылау. Бақылау Алаңқайдың қай жерлері тез кебетіні жөнінде балаларға түсінік беру:құмды жер ме,әлде сазды жер  ме. Сазды жерлерге су көп сіңеді,сондықтан көпке дейін кеппейді,ал құмды жер суды  өткізеді,сондықтан тез кебеді.Қай жерде өскін тез өседі соны бақылату,соны көре білу.  Көркем сөз Жұмбақ Оны басып жүреді, Оны кескілейді Бірақ ол ренжімейді Мейірімділік білдіреді. (топырақ,аңыз) Болжам Сәуірдің суы болса, көк көп болар, Жайылымда сәуірде су болса­мая­мая шөп болар. Мақал­мәтел Мал баққандыкі,жер баптағандыкі Қимылды ойын Балалар таңдауымен. Қимыл әрекетін дамыту;бірлескен ойыннан қанағат алу.  Еңбек іс­әрекеті Топырақты құнарландыру Балаларды өсімдіктерді дұрыс және ұқыпты құнарландыруға үйрету;белгілі мөлшерде нәрлі  ерітінділерді құю. Еңбек ету біліктіліктерін тәрбиелеу.  Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және сараптама Тәжірибе «Топырақтағы ауаны анықтау» Бақшадағы саз бен топырақтың қасиетін анықтау. (саз бен топырақтың бір­бір кесегін суға  салу;топырақта көпіршіктер пайда болады, ал сазда ештеңе болмайды) Қорытынды. Саз қатты тас сияқты онда ауа аз, ал топырақ тығыз емес, сондықтан өсімдік өсу  үшін онда ауа бар.  Өз бетімен іс­әрекет 3­4 топтан тұратын ойыншылардың бастапқы затты кеңістіктегі ойындарының атауын алдын­ала  келісіп ұйымдастыру,рөлін бөлісу іс­әрекетін балалардың өздері басқаруын қадағалау.                          27.Балықтарға бақылау жасау Бақылау Өзен жағасында отырған балықшыларға балалардың назарын аударту. Олар немен айналысып  жатыр? (балық аулап жатыр) Балықшының құрал­сайманын қарап алу(қармақ,балыққа арналған  шелек,құрттар салынған бәнкі). Балықшылардың өзенге қармақ лақтыруын және оны тағатсыздана  күтіп, балықтың қармаққа қабуын  бақылау. Балаларды табиғат байлықтарына  ұқыпты қарауға  үйрету. Өзенде балық көп болған жағдайда, өзен суы таза, мөлдір болатыны жайлы түсінік беру.  Байқампаздық пен сезімталдықты дамыту.  Көркем сөз Жұмбақ Аузы бар,тілі жоқ, Терісі бар,жүні жоқ Тірегі бар,ізі жоқ Қанаты жоқ ұшпайды Су астында қыстайды.                                  (балық) Тақпақ Ақ балық­ау, ақ балық! Қармағыңды қап ,балық! Қимылды ойын «Қармақ» Шыр айналған жіптен секіре білуді бекіту,жіп ұшына құм салынған қап байланады. Зейінді дамыту.  Еңбек іс­әрекеті Гүлзарға гүл тұқымын отырғызу Тұқым туралы түсінігін бекіту, өздерінің тұқымды еге білуін  жетілдіру. (тұқымды бармақтай  шұңқырға  арақашықтығын 3 см етіп қайта топырақпен  көму,су құю. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.  Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама. «Біз қайда болғанымызды айтпаймыз,не істегенімізді көрсетеміз» Тапқырлық пен байқампаздықты дамыту. Өзіндік іс­әрекет Бірлескен ойын барысында өз  тәртібіне жауапкершілікпен қарау.Ойын іске асыру.                                                        28. МАИ инспекторын бақылау Бақылау   Балаларды қозғалысты реттеуші МАИ инспекторының жұмысымен таныстыру.  Үлкен көшелерде және бұрылыстарда қозғалысты басқаруда МАИ қызметкері­полицей  көмектесетінін және оны реттеуші деп атайтынын оны балаларға түсіндіру. Бағдаршам сынып  қалған уақытта ол өте қажет. реттеуші таяқшасы бар. Түнге қарай ол таяқша жарқырап  тұрады:жүргізуші және жаяу жүргіншілер реттеушінің белгісін анық көреді. Жол ережелерін  қайталау;бағдаршам белгілері туралы білімдерін бекіту;балалардың назарын,  ұқыптылығын,сезімталдық,сақтық сезімдерін тәрбиелеу.  Көркем сөз Мақал­мәтел Таныс жол­қысқа Кім жолды білсе­сол адаспайды Жақсы жолсерікпен жол да қысқа. Тақпақ  Бағдаршам Бас көшеде қырағы    Үш көзді дәу тұрады Ашса кезек үш көзін Айтты деп біл үш сөзін Тоқта,Сақтан,Жол ашық Жүрме жолға таласып Қызыл көзін ашқанда Сабыр сақта,баспа алға  Сары көзін ашқанда Қарап қалма аспанға Жасыл көзін ашқанда Жүре бергін,жасқанба Қимылды ойын «Үш ғажайып түс»(қызыл,сары,жасыл)     Балаларды үш топқа бөліне білуді үйрету,топтардың үш түсті (қызыл,сары,жасыл) таңдап алып  допты өз тобының балаларына қуып жүріп беру. Бағдаршамның белгілері туралы білімдерін бекіту.  Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және сараптама «Қала көшесі» Балалардың жол жүру ережелері және көше тәртібін сақтау ережелері туралы білімдерін анықтау  және бекіту. Еңбек іс­әрекеті Көкөністер көшетін отырғызу Балаларды көшеттерді атызға отырғызу жұмысына жұмылдыру:суару,жер жұмсақ болу  үшін,отырғызылған көшеттерге қамқорлықпен қарауды тәрбиелеу.  Өз бетімен іс­әрекет Балалардың ойындарды өз  бетімен таңдап алу біліктіліктерін арттыру.                        29.Ересектердің бақшадағы еңбегін бақылау. Бақылау Балаларда көктемде топырақты дайындап, көкөніс егу науқаны басталатыны жайында түсінігін  қалыптастыру.Тынымсыз еңбек ету нәтижесінде адамдар көкөністі өсіріп күтуде мол өнім алу  мүмкіндігіне ие болатынын, балаларға түсіндіру. Көркем сөз Мақал­мәтел Еңбек етпесең, елге өкпелеме, Егін екпесең, жерге өкпелеме. Тақпақ Бітік егін өсіріп, Еліне бақ сыйлаған. Егінші ісін дөс біліп, Ол­халыққа сыйлы адам. Қимылды ойын «Арқан тартыс» Күш­жігерді дамыту,қарсыласын өз жағына тартуда шыдамдылық таныту.  Еңбек іс­әрекеті Гүлзарға гүл отырғызу Гүл отырғызатын орынды таңдап алып оны суару. Еңбек мәдениетін қалыптастыруды үйрету.(еңбек құралдарын қолданужұмыс орнын таза,ұқыпты ұстау). Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама «Бауда не өседі,бақшада не өседі?» Өсімдікті өсу орнына байланысты топтастыру.Балалардың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамыту. Өзіндік іс­әрекет Ойыншық пен рөлдерді бөлісуде мәдениетті түрде келіспеушілік тұстарын білдіріп, өз ойын іске  асыра білу.                                 30. Үй құрылысын бақылау Бақылау Балалардың назарын құрылыс алаңына аудару. Үй құрылысында түрлі құрылыс машиналары  қолданылады; Экскаваторлар,бульдозерлер,қада қағу жұмысында крандар, бетондық жұмыста  бетон араластырғыш. Құрылыс алдында жерді қазып тұғыр орнатады. Құрылыс материалдары  жоғарыға кран машиналары арқылы көтеріледі. Кран машинасының үлкен қолы бар,ол стрела деп аталады.Краншы кран машинасында отырып жұмыс басқарады. Ауыр жүкті қалың трос сымымен  көтереді. Еңбекке деген құрметті тәрбиелеу.  Көркем сөз  Мақал­мәтел Жан қиналмай, Жұмыс бітпес. Талап қылмай, Мұратқа жетпес. Тақпақ Үлгілерге қараймын, Үй іргесін қалаймын. Өрнектерін оямын, Терезесін қоямын. Қимылды ойын «Бояушы мен бояулар» Тепе­теңдікті сақтау(ойын барысында гимнастикалық орындықта тұру); жүгіру, тез қимылдау, оқу  іс­әрекетінен алған дағдыларын жүзеге асыру.  Күнделікті белсенді қимыл әрекетті қалыптастыру.  Еңбек іс­әрекеті Алаңдағы құм мен қоқысты жинау Қоршаған ортаны күнделікті мезгілмен жинап, жан­жағына пайдасын тигізу.  Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама «Ауылға үй құраймыз» Балалардың құрастыру дағдыларын дамыту, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету,қиялын,жұмыс  барысында құмды қолдана білу,құрылыс жиынын, безендіру элементтерін еңгізу.  Өзіндік іс­әрекет Ойын барысында балалардың күнделікті алған білім дағдыларын іске асыра білу. Мәдени тәртіп пен ұжымдық байланысты жетілдіру.

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"

Серуен "Көктем"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.04.2018