Осы тақырыпты оқу барысында үшбұрыш
туралалы білімдеріңді кеңейтіп,
тереңдете түсесіңдер;үшбұрыштың
барлық элементтерін білетін
боласыңдар.
Медиана
Анықтама. Үшбұрыштың төбесін оған
қарсы жатқан қабырғасының ортасымен
қосатын кесіндіні оның медианасы деп
атайды.
Үшбұрыштың медианаларын жүргізілген
қабырғасына байланысты ma, mb, mc, деп
белгілейді. М нүктесі с қабырғасының
ортасы болса, ВМ кесіндісі В төбесінен
жүргізілген медиана. (mb=BM, M∈b)
Медиана теоремалары
Бір бұрыштан шыққан медианаа өзіне
қарсы жатқан қабырғаны екі тең бөлікке
бөледі.
BM=MC
Үшбұрыштың медианалары үшбұрыштың
центройд деп аталатын нүктесінде
қиылысады. Қиылысқаннан кейінгі
медиананың екі бөлігінің қатынасы 1/2
Биссектриса
Анықтама. Үшбұрыш бұрышының
биссектриссасының қарсы қабырғаға
дейінгі кесіндісі, оның осы бұрышының
биссектрисасы деп аталады.
Үшбұрыштың биссектрисалары
жүргізілген қабырғаға байланысты la,lb,lc
деп белгілеуге болады. АВС үшбұрышы
үшбұрышының В бұрышының
биссектрисасының ВЕ кесіндісі
үшбұрыштың биссектрисасы
болады( lb=BE )
Биссектриса
теоремалары
Биссектриса өзі шығатын бұрышты қақ
екі жартыға бөледі.
Үшбұрыштың биссектрисалары
үшбұрыштың ицентр деп аталатын
нүктесінде қиылысады.
Үшбұрыштың биссектриса бөлетін
табаны ның бөлшектерінің
ұзындықтарының қатынасы қалған
табандарының бөлшектерінің
ұзындықтарының қатынастарына тең.