Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Спорттағы достық қарым - қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ойын.
Түрі: Командалық жарыс.
Өтетін орны: Спорт зал.
Керекті құрал - жабдқтары: Түрлі - түсті шарлар, доптар, қасық, ыдысқа құйылған су, секіртпе, қап, қанаттты сөздер, төс белгі.
Барысы.
Шынықсаң - шымыр боласың!.docx
Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боласың!
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу,
тәсілдерін меңгеру. Спортқа деген қызығушылығын
арттыру. Спорттағы достық қарым қатынасқа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ойын.
Түрі: Командалық жарыс.
Өтетін орны: Спорт зал.
Керекті құрал жабдқтары: Түрлі түсті шарлар,
доптар, қасық, ыдысқа құйылған су, секіртпе, қап,
қанаттты сөздер, төс белгі.
Барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Залдың іші безендірілген.
Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар залға
қолдарына көк туларын желбіретіп кіреді.
1.Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Тәрбиешінің кіріспе сөзі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Еліміз егемендік
алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25
жыл толғалы отыр, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс
тойын тойлағалы отырмыз. Сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты
бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын,
аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп,
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесі қарсаңында
өткелі отырған «Шынықсаң – шымыр боласың!»
атты эстафеталық тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер!
Көңілді жарысқа 7,8,9 сыныптар арасындағы ұл
балалар, екі топ болып жарысқа түседі.
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға
беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен
бағаланады.
1 кезең. «Шегірткелер»
Әр топтың ойыншысы бір аяқты бүгіп, оны бір қолмен
ұстап секіріп барып берілген жерге дейін жетеді.
2 кезең. «Қасықпен су тасу»
Әр топтың ойыншысы ыдыстағы суды қарсы жақтағы
бос ыдысқа қасықпен тасып тауысуы қажет.
3 кезең. «Күштілер жарысы»
Екі екіден бірін бірі арқалай жүгіріп жарысу.
4 кезең. «Доппен жүру»
Баскетбол добын ұрып алу жүру.
5 кезең. «Секіртпе»
Әр команда бірінші тұрған ойыншы қолындағы
секіртпемен секіріп, қайта келу керек.
6 кезең. «Қап киіп жарысу» Әр топтың бір – бір ойыншысы аяқтарына қап киіп,
белгіленген жерге қос аяқтап секіріп жету керек.
Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын беріп
отырады.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Қане , бірбірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысты бастаймыз.
«Жеңіске жетеміз!» деп,
Жалынды ұран тастаймыз.
Олай болса, әр топ өз командасының атауы мен
ұранын таныстырып өтсін.
1 –«Сұңқар» тобының ұраны: «Салауатты өмір
салтын сақтаймыз,
Жаттығудан
ешқашан да қашпаймыз»
2 – «Тұлпар» тобының ұраны: «Бәріміз – біріміз
үшін, біріміз – бәріміз
үшін»
Құрметті сайыскерлер, шарттар түсінікті болса
сайысымызды бастаймыз! Сіздерге сәт сапар!
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей, Әділқазы сайысты әділ бағалар,
деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды
шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін
сөз әділқазыларға беріледі.
(командаларға мақтау қағаздары, сыйлықтар табыс
етіледі)
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, демекші салауатты өмір
салтын ұстанып, спортты серік етейік!
Құрметті сайысқа қатысушы балалар, жеңістеріңіз
құтты болсын!
Шынықсаң - шымыр боласың!
Шынықсаң - шымыр боласың!
Шынықсаң - шымыр боласың!
Шынықсаң - шымыр боласың!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.