Статья на тему: "Оқу мен оқытудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі"
Оценка 4.9
Научные работы
docx
воспитательная работа
Взрослым
25.01.2019
Оқу-тәрбие ісінде қиын балаларға педагогтар мен психологтар ерекше назар аударуда. Кімді болса да қиын бала деген кім, ол қалай пайда болады деген сұрақ толғандырады. Міне, сол үшін пайдасыз әдістердің зиянды салдарын түзеу үшін жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген психологиялық-педагогикалық жүйе болуы керек. Қалыпты отбасынан «қиын» бала шыға қоймайтыны белгілі. Алайда, Л.Толстой жазған: «барлық бақытты отбасылар бір-біріне қандай ұқсас болса, әрбір бақытсыз отбасы бір-біріне ұқсамайтын әрқилы бақытсыз», десе ал ұлы Абайдың сөзі қайта тәрбиелеу ісін жігермен бастауға дем береді: «баланы ең алдымен қоршаған ортасы, көшесі тәрбиелейді», – деп тұжырымдайды.
оқу мен оқытудағы .docx
Оқу мен оқытудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі
Оқутәрбие ісінде қиын балаларға педагогтар мен психологтар ерекше назар аударуда.
Кімді болса да қиын бала деген кім, ол қалай пайда болады деген сұрақ толғандырады.
Міне, сол үшін пайдасыз әдістердің зиянды салдарын түзеу үшін жанжақты
ойластырылған, ғылыми негізделген психологиялықпедагогикалық жүйе болуы керек.
Қалыпты отбасынан «қиын» бала шыға қоймайтыны белгілі. Алайда, Л.Толстой жазған:
«барлық бақытты отбасылар бірбіріне қандай ұқсас болса, әрбір бақытсыз отбасы бір
біріне ұқсамайтын әрқилы бақытсыз», десе ал ұлы Абайдың сөзі қайта тәрбиелеу ісін
жігермен бастауға дем береді: «баланы ең алдымен қоршаған ортасы, көшесі тәрбиелейді»,
– деп тұжырымдайды.
Психологпедагог ғалымдар А.Выготский, П.Блонский «қиын» балалар мәселелерін жан
жақты зерттей отыра зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша «қиын» балалардың
шығуына үш фактор себепші болады деп көрсетеді:
Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, тұрмыстағы ұрыскеріс, маскүнемдік, ата
ананың біреуінің болмауы.
1.Мектептегі оқутәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер, яғни жеке
оқушылардың мінезқұлық ерекшеліктерін, ынтаықыласын, қызығуын, талаптілегін
ескермеу.
2.Жұртшылықтың, қоғамдық ортаның тәрбие үрдістеріне дұрыс көңіл бөлмеуі.
«Қиын» балалар кім және оның нақты анықтамасын қалай тұжырымдауға болады деген
сұраққа ғалым психологтардың зерттеу нәтижесінде көздері жеткен мәселелеріне
сүйенуге болады. Мәселен: В.Трифанов зерттеулеріндегі «қиын» бала анықтамасы –
күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп
қарауды, мұғалімнің ерікжігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін
оқушы. А.Фортунов «қиын» бала ұғымына үлгірмеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін
балаларды жатқызады. В.А.Сухомлинский қиын балаларға тән мінез ызалылық,
ашуланшақтық, дөрекелік, бірбеткейлік, ұрысжанжалға жақын, айқайшу шығарып
айналасындағыларға маза бермейтіндер, теріс ықпалға тез түсетіндер тобын жатқызады.
Қиын бала дегеніміз П.П.Блонскийдің пікіріне жүгінсек, қиын оқушы мұғалім еңбегінің
өнімсіздігінен туындайды. Л.С.Выготскийдің ойынша оқушы қиындығының негізінде
баланың өсу жолындағы өтпелі шақтың аномаль құбылыстары жатады деп тұжырымдайды.
«Қиын» баланың шығу себептеріне XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары мен
ағартушылары да назардан тыс қалдырмаған. Мәселен, Ж.Аймауытов, Ә.Жұмабаев,
мектептің «қиын» оқушыларымен жұмыс жүргізу жүйесін жасады. Сондайақ ғалым
педагог Л.К.Керімов «қиын» балаларды жеке және топтап қайта тәрбиелеу бағдарламасын
ұсынды.
Ғалымдардың анықтамасына сүйенсек, «қиын» балалар қатарына психикалық дамуы
уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезқұлқында
психопатиялық формалар кездесетін, қозу күйін дәрідәрмек беру арқылы тежейтін,
кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәрбие бұзушы жасөспірімдер жатады.
Жеткіншектер аса еліктегіш келеді. Әке, шеше және отбасының басқа да мүшелері
жеткіншектерге тек сөз арқылы ғана емес, жеке бастарының өнегесімен, ісәрекетінің
үлгісімен ықпал етеді. Осы ретте тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін отбасылық
жағдайды мектеп өмірімен ұштастыру қажет. Кейде отбасының көп жыл бойы балаға
жасаған ықпалы, оны қоршаған ортаның қоғамдық әсерінен басым түсуі әбден ықтимал.
Сондықтан, отбасы тәрбиесіне теріс ықпал ететін жағдай жеткіншектің бойында ұнамсыз
қасиеттердің болуына, қоғамға жат ойпиғылдардың қалыптасуына әсер ететін басты
себептердің бірі болып табылады. Елдегі эканомикалықәлеуметтік жағдайдың нашарлауы
отбасындағы күнкөріс, тіршілік ету жағдайына өз ықпалын тигізеді. Отбасындағы мұндай
келеңсіздіктер балалардың оқуға бармай, дала кезіп, ұрлық, кісі тонау секілді қоғамға жат
қылықтармен айналысуына әкеп соғады, нәтижесінде мектеп өмірінде мінезқұлқы күдік
келтіретін «қиын» деген балалар қалыптасады. «Қиын» балалардың тағдырына қазіргі
күнде қоғам, мемлекет ұйымдары ерекше көңіл аударып келеді.
ҚРның 2004 жылғы шілде айында қабылданған «Кәмелетке жасы толмағандар арасында
заң бұзушылықтың алдын алу және балалар арасында қаңғыбастықты болдырмау»
заңындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты:
кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық санасын және мәдениетін қалыптастыру
жөніндегі мақсатты жұмысты қамтамасыз ету;
кәмелетке жасы толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу үшін
құқықтық негіздерді қалыптастыру;
кәмелетке жасы толмағандар атааналарымен және басқа да заңды өкілдерімен өзара
қарымқатынас жасау;
балаларды оқыту , тәрбиелеу, емдеу, спорт және өзге де мекемелермен тиісті
дәрежеде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
кәмелетке жасы толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін
жауапкершілікті белгілеу;
балалардың дене бітімі, зияткерлік, рухани және имандылық дамуына, оларды
патриоттыққа, азаматтыққа және бейбітшілік сүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етуден
тұрады.
Ғылыми деректерге қарағанда, тәрбиесі қиын балаларда байқалатын белгілер: біріншіден,
анамальды қажеттілік, екіншіден, тұрақты жаман қасиеттердің жиынтығы, үшіншіден, ата
аналарымен немесе мұғалімдермен тұрақты егесу жағдайлары, төртіншіден, басқа адамның
көмегінсіз өзінөзі түзетуге қабілетсіздігі.
Белгілі психолог ғалым К.К.Платонов жеке адамның психологиялық болмысын төрт салаға
бөледі:
1.
2.
Баланың темпераменті және жыныстық ерекшеліктері мен жас ерекшелігі
(физиологиялық ерекшеліктер);
Жеке адамның дамып қалыптасуына негіз болатын психологиялық құбылыстар
(түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығушылық, мінез, әдет биологиялық
ерекшеліктер;
Баланың күнделікті өмір тіршілігі, білімі, әдетдағдысы, икемділігі;
Ұстанған бағыттары мен адамгершілігі.
3.
4.
Негізінен, барлық мәселе атааналар тарапынан баланың бос уақытының орнықты
пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы қақтығыстардан бастау алады. Атаананың жылуынан, сүйіспеншілігінен, ыстық ықыласынан айырылған балалар көшесінің
қағидасымен өмір сүруге бейімделеді. Қылмыстық жолға түседі. Жасөспірімдердің
осындай келеңсіз оқиғалардан аулақ болуын жанжақты тұрғыда қарастырып, бірлесіп іс
әрекет жасағанда ғана іске асыруға болады. Осы орайда қиын жеткіншектерді қайта
қалпына келтіру орталығында және жалпы білім беретін орта мектептерде психологиялық
қызметті ұйымдастыруды жүйелі жолға қойса, мектеп психологы атааналармен және
мектеп инспекторларымен етене жұмыс жүргізсе, қиын бала мәселесі біршама орнымен
шешілуі мүмкін болар еді деп ойлаймыз. Осытұрғыда біз төмендеқиын жеткіншектерді
қайта қалпына келтіру орталығында психологиялық қызметті ұйымдастырудың
құрылымдық жүйесін ұсынып отырмын:
Сабақтың тақырыбы: Таным белестері
Мақсаты:
Оқушылардың бойында адам туралы, оның дүниетанымдық көзқарасы туралы
жағымды көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзінөзі жетілдіріп, өзінөзі дамыту және
бағалай білу туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өмірлік бағыты дұрыс таңдау арқылы
дамып, жетіліп отыратын қасиет екендігін ұғындыру;
Оқушылар өз бойларындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алуға үйрету;
Оқушыларды таным жолында кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуге өздігінен
ізденуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Биылғы оқу жылындағы алғашқы сабақ болғандықтан мұғалім оқушылармен жазғы
демалыс туралы әңгіме жүргізеді. Одан соң сыныптағы бір оқушы немесе мұғалімнің өз
оқулықта берілген Төле бидің мына нақыл сөзін оқып, өздерінің ойларын ортаға салады.
Біліп айтқан сөзге күн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Әңгімелесу
Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен
берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:
• Жазғы демалысты қалай өткіздіңіздер?
• Демалыс кезінде қандай пайдаы іс жасадыңыздар?
• Өзін тану үшін адам не істеуі керек деп ойлайсыздар?
Мұғалім өзінөзі танудың адам өміріне қажетті әрекет екендігін айта келіп, таным жолындағы ізденістердің адам өмірінің бағытын айқындаудағы мәнін түсіндіреді. Үйрену,
оқыпбілу адамның танымдық қабілетін жетілдіретін күш деп мұғалім ой түйіндейді.
Оқушылар жазғы демалыста істеген жақсы істері туралы әңгімелеседі.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекеттерін дамыту мақсатында
оқулықта берілген Н.Р. Күнхожаевтың «Өмірлік бағыт» атты мақаласы талданады.
Адамда саналы түрде қалыптасқан өмірлік бағыт оның әлемді, өмірді, өзінөзі тұтас
түсінуіне байланысты. Өмірлік бағыт адамның ісәрекетінен, өмірге берген бағасынан
көрінеді. Адамның өмірлік бағытының негізгі сипаты – оның белсенділік маңызды деп
саналады.
Адамның өмірлік бағыты оның өмір бейнесінен көрінеді. Адамдардың өмір бейнесі, салты
олар өмір сүріп отырған қоғамның материалдық, рухани және мәдени дәрежесімен
анықталады. Сондықтан адам өмірінің көп жағдайы өмірдің бағытына байланысты. Әр
адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті. Ол үшін мына ережелерді басшылыққа
алсаңдар дұрыс болады:
• Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре білдіңдер;
• Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармаңдар;
• Өмірдің ең құнды жақтарын алуға тырысыңдар;
• Адамның әлсіздігіне шыдамдылқпен қараңыз, ондай жағдай сіздің де өміріңізде кездесуі
мүмкін;
• Өмірде жақсылық та, жамандық та болады, сондықтан оның жақсылығына
рақаттаныңыз, ал жамандығына ренжімеңіз.
Сөйтіп өмірлік бағыт дегеніміз әркімнің өз өмірлік жолын таңдауына әкеледі. Жас кезінде
адамның алдында әртүрлі жолдар тұрады. Бірақ адам оған жетуі үшін біреуін ғана
таңдауы мүмкін. Ол қайсысы? Ол сені қайда апарады? Адамның өмір жолы жеңілдікпен
ғана тұрмайды, ол ауыр да болуы да мүмкін. Өмірдегі жеңіл жол әдетте тез таусылады
және ештеңеге жеткізбейді. Жас адамға кез келген қиындық ештеңе емес, өйткені оның
бойында күшжігер бар. Батыл, намысшыл, қорықпайтын адам өз бағытынан таймайды.
Сондықтан өмірлік жолды, өмірлік бағытты таңдай отырып адамгершілік, әділдік, адалдық,
шыншылдық, арұят тәрізді адамдық асыл қасиеттерді басшылыққа алу керек.
• Адамға өмірлік бағыт не үшін керек деп ойлайсыздар?
• Сіз өмірлік жолыңызды қалай таңдар едіңіз?
Мұғалім тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар арқылы оқушыларға мәтіндегі негізгі
ойды таптырып, олардың құндылықты мәнін өз пікірлерімен пайымдатады.
Оқу ақпараты
Оқушылардың жауаптарын түйіндеген соң мұғалім оқулықтағы жаңа ақпаратпен сабақты
жалғастырады. Сабақтың тақырыбын айқындай түсу үшін қолданылатын оқу ақпараты оқушылардың өзінөзі тани отырып, өзінөзі дамыту, жетілдіру үшін қандай мақсат қоя
білуі керектігін түсіндіреді. Мұғалімнің сөзі төменде берілген оқу ақпаратындағы өзекті
ойды нақтылай түсетіндей болуы керек. Оқу ақпаратын мұғалімнің өзі оқиды.
Адамның танымдық әрекеті оның өзінөзі дамытып, өзінөзі түсінуінен басталады. Адамның
таным жолындағы жетістіктері оның өзі тіршілік ететін ортаны жетік білуіне байланысты.
Адам барлық дүниені, болмысты танып білуі үшін айналасымен жағымды қарымқатынаста
болуы шарт. Таным баспалдақтарымен жоғары өрлеп, таным белестерінен сүрінбей өтуәр
адамның өмірілік нысанасы болып табылады. Адамның өзіндік ұстанымы, дүниеге деген
көзқарасы, пікіріі ісәрекеті және қоғамдық қызметінің пайдалы болуы оның таным
тағылымдарын еркін игергендігін көрсетеді. Өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз
мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білген адам таным жолында өз мақсатына
жетеді. Әр адам өз өмірлік айқындамасын дұрыс белгілеп алса, өмірлік ұстанымы, таным
жолы да айқын болады.
Назар аудару
Сабақтың түйіні ретінде Б. Әлжақсыұлы жинастырған «Тоғыз жауың тағы бар…» атты
адам өміріне кері әсерін тигізіп, адамгершілік қасиеттердің құнын түсіретін төмендегідей
жаман әдеттерді еске сақтау тапсырылады.
Басты жауыңжалқаулық, сорлататын жаныңды;
Осалдығыңаңқаулық, соқтыратын саныңды;
Жасқаншақ болсаңұрылар алып қояр малыңды;
Жалатқызбас жасықтық аузыңдағы балыңды;
Өтірік айтсаң өңмендеп, жоғалтарсың арыңды;
Өсек терсең телмеңдеп, суға кірер салыңды;
Көпірме босқа мақтан ғып түкке тұрмас барыңды;
Көрінгенге жалтақтап бола алмайсың жағымды;
Біреуді алдап, арбаумен аша алмайсың бағыңды.
Оқушылар ақын ойын өз сөздеріме жалғастырады.
Шығармашылық жұмыс
Бұл әдіс әр дара тұлғаның өзіндік қабілетін, ой тереңдігін дамытуға ықпал етеді.
Орайластырып берілген шығармашылық тапсырма оларды ізденімпаздыққа жетелейді.
Төменде берілген ойтұжырымды жалғастырыңыздар:
— Біздің танымымыз артқан сайын орындайтын міндетіміз де көбейе береді;
Шығармашылық жұмысты орындауда оқушылар өмірлік ұстаным, өмірлік бағыт туралы өз
пікірлерін жазады.
Дәйексөз
Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі. өзін өзі қалай тануға
болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастапақ, өзіңді таниаласың. Иоганн Гете
Сабақ әрі қарай оқулықтағы дәйексөзді талдаумен жалғасады. Мұғалім сөзіне баса назар
аударады. Дәйексөзді талдау үшін мынандай сұрақ беріледі:
• Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
• Өзінөзі қалай қалайтануға болады?
Оқушылар нақыл сөздің мағынасын өз пікірлерімен дәйектейді. Дәйексөз дәптерге
жазылады. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылардың бір сәт дем алуы
ойластырылады.Оларды сезім сергектігіне үйрететін «Тыныштық сәті» немесе «Өзіммен
өзім» релаксациялық тәсілі қолданылады.
Мәтінмен жұмыс
Оқулықта берілген Б. Үсеновтің «Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар» атты өлеңді
талдай отырып, оқушылар адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы
ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігіне назар аударады.
Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар,
Тағдырым бар сыр тұнған сезімде әр.
Ұмтыламын мен саған, ұмтыламын,
Құпиямен сен менің төзімімді ал.
Болсадағы мұратым шалғай тарап,
Қоясың сен қандай сын, қандай талап?
Құлатсаң да құзыңнан тұрғызбастай,
Осы әнімді айтамын сан қайталап.
Не тілейсің ақыннан жиырма жасар,
Жастамын мен қамықпай шыңға басар.
Ез емеспін тау түгіл, қырда адасар,
Менқазақпын домбыра, жыр жарасар.
Өз арнамнан әйтеуір, аспай бақтым,
Бір арманға жасымнан тастай қаттым.
Күнді бетке ап тартып бара жатқан,
Жыр көшіне ілескен жас тайлақпын.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, оқушылар әр адамның өзіндік мақсатміндеті, таңдаған
өмір жолы болатындығын айтып, өздерінің таңдауларымен бөліседі.
• «Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар» деген ойды қалай түсінесіздер?
• Өз арманына жету үшін не істеуге болады деп ойлайсыздар?
• Сіз өз жолыңызды қалай таңдар едіңіз?
№64 Ж. Аймауытов атындағы мектепгимназия тарих пәні мұғалімі Беркимбаева Лаззат
Шымкент қаласы
Статья на тему: "Оқу мен оқытудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі"
Статья на тему: "Оқу мен оқытудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі"
Статья на тему: "Оқу мен оқытудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі"
Статья на тему: "Оқу мен оқытудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі"
Статья на тему: "Оқу мен оқытудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі"
Статья на тему: "Оқу мен оқытудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі"
Статья на тему: "Оқу мен оқытудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.