Ұстаз – қоғамның рухани дамуына үлес қосатын ең қадірлі мамандық иесі. Әрбір адамның өмір жолында бағыт-бағдар беріп, білім мен тәрбие дарытатын жан – ұстаз. Сондықтан халқымыз «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деп бекер айтпаған.
Бастауыш сынып мұғалімі баланың мектептегі алғашқы ұстазы ретінде оның білімге деген қызығушылығын қалыптастырады. Ол әр оқушының бойындағы қабілетті байқап, оны дамытуға күш салады. Мұғалімнің мейірімділігі, сабырлылығы мен әділдігі оқушының тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Қазіргі ұстаз тек білім беруші емес, жаңашыл, зерттеуші әрі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, сыни ойлауын және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі. Сонымен қатар ата-анамен тығыз байланыс орнатып, тәрбиелік жұмысты бірлесіп жүргізеді.
Ұстаздың еңбегі бір күннің немесе бір жылдың нәтижесімен өлшенбейді. Оның берген тәлімі шәкірттерінің жетістігі арқылы бағаланады. Бүгінгі оқушының ертеңгі білікті маман, елге қызмет ететін азамат болып қалыптасуына ұстаздың қосқан үлесі зор.
Қорытындылай келе, ұстаз – ұлы тұлға. Ол жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Ұстаз еңбегін құрметтеу – білімге, болашаққа және елдің өркендеуіне құрмет көрсету.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.