«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер,
буклеттер,карта,мақал-мәтелдер, Отанын,жер туралы нақыл сөздер. Қазақстан Республикасының рәміздерін слайд арқылы көрсету.
- Армысыздар , құрметті қонақтар және бүлдіршіндер.Бүгін бізде ерекше күн .Не себепті деп ойлайсыздар? Иә, бүгінгі салтанатты іс – шарамыз « 4 маусым – Қазақстанның ұлттық рәміздер күніне» орай өткізіліп отыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны қосылады.
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің –
Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
-
Біз тәуелсіз қазақ елінің
ұрпақтарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді
әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге
қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан –жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі
гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып,
еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,
құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
2007 жылы 4 маусымда Астана
қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік
рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің
Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев
сөйлеген сөзінде: «Мемлекттік рәміздер –еліміздің
егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл
рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен
болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын
бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер-
халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын,
қаһармандығы мен даналығын, болашаққа
үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын
асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан
әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.
«Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:
1. Отан отбасынан (басталады)
2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
3. Отан- елдің анасы, (Ел- ердің анасы)
4. Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).
5. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
6. Отан оттан да (ыстық)
7. Отансыз адам- ( ормансыз бұлбұл)
8. Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес)
9. Ел іші- (алтын бесік)
10. Тіл- тәуелсіздік (тірегі)
Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Биыл 24 жыл .Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі Мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, Қазақстан Республикасының туы.Олай болса , келесі кезекте рәміздерімізбен танысайық.
-
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір
түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды
елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да
бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың
нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының
бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.
Нұрға малынған алтын күн
тыныштық пен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс ,
даму,өсіп өркендеудің ,өмірдің
бейнесі.Қанатын жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық
бейнесі.
Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек алтын түсті.
Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің
ірге тасын калаушылардын бірі, Чехославакияда өткен (1961ж.)
халыкаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері,
Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы
Ниязбеков ағамыз.
- Міне, балалар, өздерің
айтқандай, мемлекеттік туымыз бүгінде Б¥¥- ы
ғимараттарының алдында, әр түрлі елдердегі
елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны
ғарышкер ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш
кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал алпинистеріміз 1995
жылы Эверест шыңына қадады және көптеген спортшыларымыз
еліміздің туын көкке көтеріп, желбіретіп қуантып
жатқаны қаншама.
- Ән:Көк тудың желбірегені
- Ал бүгінгі таңба Елтаңбамызда не бейнеленген екен, соған тоқталайық. Біздің Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба.Елтаңба негізі–Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі.Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен Елбасы назары сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды. Көп ұзамай тәуелсіз елдің төл белгісі қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тартты.Елтаңбаның авторлары- Ж .Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.
Елтаңба
Өр қанатты сұңқардың
Қанатымен шырқар кім?
Қазақстан – Отаным,
Әлем білген атағын.
Жарқыраған әр таңда
Мемлекеттік Елтаңба.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем,
әдемі.
Тұнығындай
көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Ән: «Елтаңбасы елімнің»
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы –Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді.Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
Шаттық кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.Келесі кезекте балалардың дайындаған
тақпақтарына кезек берейік.
«Кім зерек?» тапсырмасы.
Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
Елтаңба Байрақ Әнұран
Ел Бай Ән
Таңба ай Ұра
Таң қар Ұн
Аң ар нан
Білімдінің көзі ашық.
– ҚР тәуелсіз мемлекет пе?
– Еліміздің бас қаласы
– ҚР президенті
– ҚР туының авторы
– ҚР елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы.
– Әнұранымыздың авторлары: Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.
– Еліміздің көрікті жерлері
– Отан туралы өлең
– Отан туралы мақал-мәтел
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен- Еңселі
Әнұранымен айбатты ел!
Бірге:
«Көздің қарашығындай сақтауға:
-Құрметтеуге:
-Мақтанышпен қорғауға:
-Тұмардай сақтауға:
-Елімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз:
Елімнің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын сыйлап қастерлейміз.»
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.