Сценарий
Оценка 4.9

Сценарий

Оценка 4.9
docx
31.08.2020
Сценарий
№1.docx

1 Маусым халықаралық балаларды қорғау күні

Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын- сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі - түсті шарлар, слайд «Бала деген бір бақыт»
Өтілу барысы: әдеби – музыкалық монтаж

-          Құрметті қонақтар, қымбатты бүлдіршіндер!  1- маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп-сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келетін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген.

-          Балалар, 1- маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы.

 

1 маусым балаларды қорғау күні сценарий

 

-          Олай болса,  балалаларды қорғау күніне арналған « Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.

-           Ән айтайық қосылып,

 Сәбилердің бұл күні.

Мақтап кетсін осы жұрт,  

Балалар деп үлгілі.

 Ән шашу : «Біз өмірдің  гүліміз»

-          Қане, балалар сендермен бір көңіл көтеріп ойын ойнайық. Ойынымыздың аты «Кім жылдам?»
Ойынның шарты: Үстел үстінде тұрған ыдыстағы суды түтікшемен ішіп тауысу.
Ойынға әр топтан 5 бала қатысады.

-          Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
Осы кезде әуенмен Тәттібек пен Стефани келеді.

Еріншектер Eлі Қазақша (Жаңа бөлім - 3 маусым)

Еріншектер Eлі Қазақша (Жаңа бөлім - 3 маусым)

-          Hello, children! Здравствуйте , дети! Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгінгі балаларды қорғау күні құтты болсын. Рұқсат болса, бізде сендермен бірген мерекені тойлайықшы. Қызықты болсын деп, бәріміз бірге ойын ойнайық.
Балалар: Алақай!!!  ойнайық.
Ойын: «Тәттіні тасымалдау»

-          Ойынның шарты: Қолымызды артымызға қойып, үстел үстіндегі тәтті кәмпиттерді ауызбен тасымалдау.
- Жарайсыңдар балалар.Сендер керемет шапшаңдық пен тапқырлық көрсеттіңдер!

-          Балалардың бақшасында бүгін той

Балаларды қорғау күні біліп қой

Тақпақ айтып кезектесіп бір- бірлеп

Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп

Ән:  «Балапаным»

-        Жарайсыңдар, балалар. Бәріңіз де епті екенсіңдер.
Өнері де өрілген,
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Домбыра» биін билеген
бишілерді шақырайық.

-        Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен! Келесі сөз кезегін лагерьміздің директоры ....... береміз.

-          Біз бақытты баламыз,

Ақылдымыз, данамыз

Ертеңгі күн еліміздің

Батырлары боламыз. Балалар бізге ертегілер елінен тағы да бір қонағымыз келіпті.Бұл кім екен?

ᐈ Смешные клоуны фотографии, фотография клоун | скачать на ...

-        Сайқымазақ:Сәлеметсіңдер ме, балалар? Жарайсыңдар!Сендер өте жақсы өнер көрсеттіңдер,менің сендерге әкелген сыйлығым бар, міне қабыл алыңдар.Осы ойыншықтармен шағын орталықта тату-тәтті бірге ойнасын деп,сендерге алып келдім!
- Рахмет саған сайқымазақ!

Басты қоссақ бәріміз

              Біздер елдің сәніміз

              Шаттық, бақыт, қуаныш

 Елімізге сыйлаймыз.

 Бүгінгі мерекеге арнап  ................. дайындаған күмбірлеген күйіне кезек берейік.

-          Құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Бүгін естен кетпес керемет мерекелік шара болды. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. Осымен, «Біз өмірдің гүліміз» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Балалардың бәрін бірге «Ай, будет круто» биіне шақырамыз.
Жаз да келді көңілді.
Келді гүл мен өрнекпен.
Ел бақыты мерейлі,
Балалары әндетті.
Гүлмен келсін келер күн.
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің
.


 

-      

Маусым – халықаралық балаларды қорғау күні

Маусым – халықаралық балаларды қорғау күні

Достығымыз жарасқан. Осы кезде әуенмен

Достығымыз жарасқан. Осы кезде әуенмен

Рахмет саған сайқымазақ! Басты қоссақ бәріміз

Рахмет саған сайқымазақ! Басты қоссақ бәріміз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.08.2020