«Болашақ бүгіннен басталады» би марафоны.
Жүргізуші: Қайырлы таң!
Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар!
Жиын! Сап түзе!
1) Ертеңгілік жаттығу
2) Б. қ: 1-басты оңға бұру; 2-тік ұстау; 3-солға бұру; 4-тік ұстау. Алдымен жай соңынан тез орындау (6 рет қайталау)
3) Б. қ: аяқты алшақ ұстау, қолды жоғары көтеру; 1-3 алға қарай иілу,
4) дем шығару, 4 ж. қ (5-6 рет қайталау)
5) Б. қ: Аяқты алшақ ұстау, қол төменде, аяқтың ұшымен көтерілу, 2-3 н қалып, тепе-теңдікті сақтау ; 4 А. қ (5-6 рет қайталау)
6) Б. қ: қол жоғарыда; 1-тізені котеру қолды артқа сілтеу; 2. н . қ.
2) Рапорт тапсыру
«Жас өркен»сауықтыру алаңының аға тәлімгері,демалушылар 1-маусымның ашылу салтанатына тұрғызылды. Рапорт беруші дене шынықтыру пәні жетекшісі ____________
3) Сергіту сәті «Ойын» терапиясы
«ҚАРШЫҒА МЕН
ҮЙРЕКТЕР»
(Саха халқының ойыны)
Алдымен санамақ арқылы
қаршыға сайлап алынады. Қалған ойыншылар үйректер болып есептеліп,
олар арақашықтығы 10 - 15 м болатын екі шеңбердің
(көлдің) бірінің ортасында жүзіп жүреді.
Ойнауға белгі берілген кезде
үйректер екінші көлге ұшып барып қонулары керек. Сол
кезде оларды қаршыға бір - бірлеп қуып ұстауға
тиіс. Ұсталған үйректер ойыннан шығып,
ұсталмаған ойыншылар арасынан жаңа қаршыға
сайланып, ойын әрі қарай жалғаса береді.
Ән: « Атамекен » әні. Орындайтын: _______________________
Жүргізуші:
Қазақстан Ұлттық
Ассамблиясына биыл – 20 жыл толуда. Балалар біздің мемлекетте неше
ұлт өкілдері тұрады?
Жарайсыңдар бүгінгі шарамыз «Болашақ бүгіннен басталады» атты би марафоны ашық деп жариялаймыз.
Ортаға жеребе тасталады жеребеде әр ұлттың билері жазылған, сендер соны топ немесе жұп болып билеп бересіңдер.
Жүргізуші: Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
_______________ орындауындағы «Бөбегім» әні. Қабыл алыңыздар!
Отрядтар жеребедегі сан бойынша
өнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші:
Әнші болғым келеді
бұлбұлдайын
Әміредей болуды армандаймын
Қанатымды қондырып
ұшқан кезде
Арманыма жақындап
қалғандаймын.
Заманау би «Флешмоб»
Теңіздей тербетіліп көл
бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай
қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде
«Қара жорға» биі.
Өнерлі жастарды қошеметпен
қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Спорт- досың серігің.
Жаттықсаң шымыр боласың,
Шынығып,өсіп,толарсың.
Үнемі бізге айтатын,
Елдос ағай ол біздің.
«Жастар биі»
«___________» жазғы лагерінің «Болашақ бүгіннен басталады» би марафоннын қорытындылау үшін лагер басшысы _________________ береміз.
Жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем
шаттық арайын
Осылай болсын, әрбір күнің
әр айың
Қадамдарың сәтті болсын, балалар
Тілектерің қабыл болсын
ағайын!
«Болашақ бүгіннен басталады» би марафонына келгендеріңізге көп- көп рахмет, көк аспанда байрағымыз желбіреп, амандықта кездескенше сау болыңыздар!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.