Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар, ата- аналар! «Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Күн сөнбесін» әні шырқалады,балалардың алдына Күн шуақтарымен шығады.
Күн шуағы:
- Келді міне тағы жаз,
Күн шуағымен жылытады .
Жылуын төгіп бізге,
Бәрімізді қуантады .
-Құрметті балалар,сендерді шын жүректен қуанып қарсы аламын!Сендерге жазғы лагеріміздің эмблемасын салтанатты түрде таныстыруға қуаныштымын! Біздің ұран:-«Достық,өзара көмек,тәртіп,спорт,қуаныш»сендерді осы сөздерді естеріне сақтап алып,лагерде дәл осыларды ұстанып жүрулеріңізді сұраймын.
Жүргізуші:
Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным, сен үшін,
бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар,күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол,өсе бер,
Құтты болсын мерекең!
-Олай болса,
балалар, біздер жазды көп күттік - қой, сонымен
қатар ___________жазғы «__________» лагері балаларға өз
есігін ашады. Ендеше, бүгінгі мейрамды жақсы етіп
өткізейік. Сендер көңіл көтеруге, ойнауға
дайынсыңдар ма?
Балалардың жауабы: Ия, дайынбыз.
Аға тәлімгер: Лагерь! Сап түзе! Тік тұр! «Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына орай лагерь Туы енгізілсін!
(Лагерьдің Әнұраны орындалады.)
Жүргізуші:
Біз лагерьде
демаламыз, ойнаймыз.
Неше түрлі қызықтарға тоймаймыз.
Жүгіреміз, секіреміз жарысып,
Ән саламыз, би билейміз майысып.
Сонда ылғи біз жеңеміз ұлдарды! (қыздарды!)
Тренинг жаттығулар:
Бәріміз бірге».
Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға
үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне
ыңғайлану.
Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты
бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс).
Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты
қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі
қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп
алмау
"Егер осылай
болса..."
Балалардың біреуі фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал
басқалары оның шешімін табуы керек. Мысалы:
- егер әр адам труғаннан бастап барлық басқа
адамдардың ойлаған ойларын оқуға қабілеті болса,
онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
- егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне
ғана түсінікті тілде ғанасөйлейтін болса, онда Жердегі
өмір қалай өзгерер еді?
- егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, онда Жердегі
өмір қалай өзгерер еді?
- егер адамдар құс сияқты ұша алатын болса, онда
Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
- егер оймен барлық өсімдіктер өмірін басқаруға
болатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
- егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі
өмір қалай өзгерер еді?
- егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі
өмір қалай өзгерер еді? т.с.с.
Фантазиялық әңгімелерге үлесін
қосқандардың барлығы марапатталынады.
Жүргізуші:
Лагерь жыры
Жаз жайнатып, күн күлдіріп,
Біз лагерьге барамыз.
Асыл жібек гүл үстінде,
Аунап ойнақ саламыз.
Орман таудың арасында,
Көрінді әне, ақ шатыр,
(Онда қызыл ту ұстаған,
Біз пионер — жас батыр.
Жалындасын жас жігерлер,
Бойда қайнап — күш-қуат,
Біздің заман сонша қызық,
Біздің тұрмыс рахат.
Барабанның ашық даусы,
Қаттырақ шық, саңқылда!
Ей, алдағы жас командир,
Бас маршқа жарқылда!
Думан сауық, ән, күйменен,
Біз лагерьге барамыз.
Асыл жібек гүл үстінде,
Аунап ойнақ саламыз.
Күміс сулы, таза ауамен,
Дем аламыз, қайтамыз,
Бар дауыспен әнге салып,
Лагерь жырын айтамыз.
"Сиқырлы қалам"
Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз
керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығуды
орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы қаламды
қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп
("Жоғары!", "Төмен!",
"Оңға!", "Солға!" деген
бұйрықтар беріледі.) қашықтықтан басқарып
отырады. Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен
жоғары, төмен, оңға, солға
жылжып, сынық сызықтар
ретінде із қалдырады. Қаламның барлық қадымдары
бірдей болуы керек.
Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға
қатысушылар кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші
қаламға ол бұйрықтарды орындауға
"көмектеседі". барлық қатысушылар ойын ережесін
меңгергеніне жүргізушінің көзі жеткеннен соң балаларға
тапсырманы қиялымен орындау тапсырылады. Өздерінің
ойындағы қаламдарымен көз алдына елестеткен
қағазға жорамалдағы сызықтарды түсіру
үшін қатысушылар бірінен кейін бірі қаламға
бұйрық беріп отырады. Ең бірінші қарапайым фигуралар
(квадрат,үшбұрыш т.с.с.) салынады. Кімнің бұйрық
беретіні отырған ретімен шеңбер бойынша анықталады.
Ешкім ешкіммен қандай фигура салатыны туралы алдын ала келіспейтіні
туралы жүргізуші ойынға қатысып отырған балаларға
түсіндіріп береді. Сондықтан қатысушылардың
барлығы өзінен бұрынғылардың
бұйрықтарын зейін салып тыңдап отыруы керек. Біртіндеп салған фигуралары күрделі бола бастайды.
Жүргізуші:
«___________» жазғы лагерінің «Болашақ бүгіннен басталады» би марафоннын қорытындылау үшін лагер басшысы _________________ береміз.
-Құрметті қонақтар. Бүгін әрқайсымыз үшін маңызы зор айтулы мереке. Салтанатты жиынымыз концерттік бағдарламамен ұласып, өз жалғасын табады.
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.