Сценарий 7
Оценка 4.6

Сценарий 7

Оценка 4.6
docx
31.08.2020
Сценарий 7
сценарийлер
№7.docx

«Жас ақын» мүшәйрасы

- Армысыздар құрметті жыр сүйер қауым, қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Жас қалам» атты жас ақындар мүшәйрасын ашық деп жариялаймын. Мектептегі «Жас қаламгер» үйірмесі – жеке тұлғаны қалыптастыруда зор рөл атқарады. Себебі, оқушы қарапайым ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып кез келген нәрсеге өз ұсынысын, өз ойын еркін білдіре біледі.

   Жалпы «Жас қаламгер» үйірмесі дегеніміз – бұл оқушылардың  жеке дара өзіндік қабілеттері жоғары деңгейде көрініс беретін жұмыстардың жиынтығы, олар – жаңа мәтіндегі әңгімелер, күлдіргі  әңгімелер, өлеңдер, суреттемелер, мақалалар, хабарламалар құрастыруға бағытталған жаттығулар. Сондықтан мектебіміздің бүгінгі болашақ жас ақындары өздерінің жүрек түкпірлеріндегі жарып шыққан жырларын, осы «жас қаламгерге» арнайды.

Ендеше ортаға:

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу – маржан шашатын.

Көрерменді таңдантып,

Жырдан күмбез жасайтын –жас қаламгер ақындарымызды ортаға шақырайық.

Қарсы алыңыздар!

-Бүгінгі  біздің жыр – сайысымыз  3 кезеңнен тұрады.

І – кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» (өзін - өзі таныстыру)

ІІ- кезең. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (өлеңдерін оқу)

ІІІ-кезең. «Салауатты өмір салты» (Эссе – шешендік өнерлерін қара сөзбен айтып көрсету)

Қасиетті өлең – жырды ардақтап, оны өмірлік серігіне айналдырған ақындар аз емес. Сол сияқты біздің жас қаламгер ақындарымыздың ізденіс арналары жарқын, көз қарастары айқын, көркемдік келісімі нұрлы боларына сенеміз.

Мойытпасын қиындықтар сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы жырмен қуантыңдар енді елді.

 

Сонымен 1-ші кезеңімізді бастауға, сөз кезегін жас ақындарға берейік.

1-кезең өтеді.

Әділқазылар ақындардың өнерін бағалағанша, келесі әсем әнге берейік.

Ән: « Қазақ елі »

Орындайтын:

2-кезеңіміз «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталады. Жан бұлқыныстарынан пайда болған жырларын арнаған ақындарымызды тыңдайық.

2-кезең өтеді.

Әділқазылар ақындарымыздың 2-ші кезеңін бағалағанша, әсем ән тыңдайық.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Ән: « Менің Отаным - Қазақстан   »

Орындайтындар: 

Келесі 3-ші кезеңімізді жас қаламгерлердің енді шешендіктеріне тәнті болу үшін, қара сөзге кезек берейік. Ақындар енді «Салауатты өмір салты» тақырыбына байланысты өз ойларын эссе, яғни қара сөзбен, шешен тілмен жеткізеді. Қазақстанымыздың нығайып, әрқашанда берік болуы үшін не істеуіміз керек? Деген сұраққа өз ойларын білдіреді.

Жас қаламгерлерге сәттілік тілейік.

3-кезең өтеді.

Әділқазылар ақындардың шешендігін бағалап, осы сайыстың жалпы қорытындысын шығарады.

Биіктерден көрініңдер ақындар,

Халқыңа тек жырмен шашу шашыңдар.

Өлең жолын тастамаңдар ешқашан

Ақындықтың асуынан асыңдар-дей отырып бүгінгі жыр мүшәйрасына қатысқан барлық жас ақындарға үлкен алғысымызды айтып, әрқашанда сәттілік тілеймін.Назар қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет, кешімізді осымен жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

 

 


 

Жас ақын» мүш әйрасы - Армысыздар құрметті жыр сүйер қауым, қадірменді ұстаздар мен оқушылар!

Жас ақын» мүш әйрасы - Армысыздар құрметті жыр сүйер қауым, қадірменді ұстаздар мен оқушылар!

Орындайтын: 2-кезеңіміз « Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы » деп аталады

Орындайтын: 2-кезеңіміз « Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы » деп аталады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.08.2020