Армысыздар, жиналған қауым! Бәріміздің асыға күткен наурыз мерекеміз де келіп жетті. Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Жер-ана жайнап, күн жылып, тоңның еріп, күн мен түннің теңелу күні. Қазақта «Ұлыс күні қазан толса, сол жылы ақ мол болар, ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы болар» деген сөз бар.Ұлыстың ұлы күні деп аталған наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Ал халайық, тұрмайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең-жырға басайық
Қазақтың бір салты деп,
Тойға шашу шашайық! (шашу шашу)
Уа, халайық, құлақ сал,
Құттықтап сені алайын
Асқақ бір әнге салайын,
Жаңғыртып көңіл сарайын,
Қуанышқа бөлеп бір
Жүректердің талайын
Мереке құтты болсын деп
Бүгін бір дабыл қағайын.
Құттықтайын бәріңді,
Үлкен-кіші кәріңді
Наурыз айы болғанда
Төрт түлік түгел төл төгіп,
Ағыл-тегіл көлденіп
Береке басы ақ болсын.
Молшылыққа кенелген
Елдің көңілі шат болсын.
Жер көгеріп тұр жылып,
Базарын тойлай бастаған
Жастарға тілек тілеймін:
Ойға алған ақ арман
Орындалар болсын деп.
Арманы асқақ аталар,
Көңілі көктем, жаны жаз
Биязы мінез жеңгелер
Заңғарға өскен өрімдей
Ілтипатты інілер,
Кермаралдай керілген
Кеңпейіл керім келіндер
Құрбылар мен замандас
Қызғалдақтай қырдағы
Талабына уақыттың
Қатар шыққан жырлары
Қырмызы гүлдей құлпырған
Бозбала мен бойжеткен
Жарасқан әнге ырғағы.
Ақ жаулықты аналар,
Ақ тілеулі бабалар
Халық қамын ойлаған
Көңілге күміс нұр еккен
Наурыз айы берекелі
Ғасырлар бойы халқымды
Қуанышқа кенелткен
Құтты болсын мерекең!
Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың,
Ән шашуын шашайық! (әннен шашу)
Салтымен ата-бабаның
Жаңғырды қайта заманым
Тіршілік басы, о наурыз
Қайырлы болсын қадамың! (отдельный листочек) көрісу рәсімді көрсету оқу
Наурыз мерекесінің алғашқы сөзі мектеп директоры Ержан Мұхаметрахымұлына беріледі.
Наурыз мейрамының басты мақсаты- халыққа молшылық, тоқшылық тілеу. Сол үшін әр үйде наурыз – көже жасайды. Наурыз-көжеден дәм татыңыздар! Ұлыс оң болсын, бәле-жала жерге енсін, ақ мол болсын, ел тоқ болсын!
Тойбастар (әр пән бірлестігі бір халық әнін айтады)
Тілек айтушылар болса сөз беру
Құрметті халайық, ойын-тойымызды жалғастырайық. Той тойға ұлассын! Бүгінгі күн – салт-дәстүрімізді жаңғыртып, көсегеміз көгерген күн. Ендеше, салт-дәстурімізге кезек берейік!
Бірлестіктер: Бастауыш, жаратылыстану, лингвистика, эстетика, дене шынықтыру, тарих
Наурыз – шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз
Ән салып жас-кәріміз
Би билейік бәріміз! (ортаға шығып би билеу)
Наурыз тойын ұлттық ойындарсыз елестету мүмкін емес, сондықтан қазір 1-2 ойын ойнасақ.
Мерекенің тізгінін ұлттық ойындар ғылымының докторы Архат Төлеуханұлына беремін.
Тілек білдірушілер болса сөз беру
Айтыс (Архат – Жадыра)
Өнер жарысы
Еліміздің егемендік алған шағынан бері тойлануды қайта үрдіске айналдырған тәуелсіз қазақ елінің ұлттық мерекесі – өзінің ұлттық болмысының көрінісі.Ендеше, ұлттық көрінісіміз бен көркімізді жоғалтып алмайық, ағайын!
Бұл жыл баршаңызға естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын!
Ой қосылсын ойыңа
Бой қосылсын бойыңа
Аман – есен жетейік
Келесі наурыз тойына!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.