Мерекелік сценарий
«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»
Кейіпкерлер: жүргізуші, 2 клоун
Ертеңгілік өткізуге қажетті
құрал-жабдықтар: гүлдер, құмыра, 2 тегене,
ұзын жіп, кір қысқыш.
• Ойындар:
1. Гүлді жина эстафетасы
2. Ананың даусын тану
3. Кір жуу
Ертеңгіліктің барысы:
Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ
қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге
көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз
Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау
көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай
болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет
ешқашан сөнбес емес. Олар - өмірдің гүлі,
көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.
Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар
мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі
өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр,
ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен
балаларды шақырайық.
(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)
Хормен
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!
Жүргізуші: Құрметті аналар,әжелер балалардың өнерін тамашалаңдар
1.Жанымызды жайнатқан
Сіздер сіз ғой аналар
Зор денсаулық,мол бақыт
Тілейді барша балалар
2.Ана деген-жарық жұлдыз шырағың
Ана деген- қайнар ыстық бұлағың
Ана дегшен-өмірдегі қамқорың
Ана деген-сүйенерің ,жан құрбың
3.Сырымды ұғатын
Өзіңсің қуатым
Күнімсің шығатын
Айымсың туатын
4.Аялы алақан
Әлпештеп өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген
5.Анам мені айым дейді
Мен мұнайсам уайым жейді
Анам мені күнім дейді
Мен қуансам күлімдейді
6.Анам-өмір шырағы
Анам-өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады.
7.Үн қатамын бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен.
8.Құлпырған гүлдей
Көктемгі күндей
Жылылық маған
Төгесің үзбей
9.Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңіліңіз
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Шалқып тасып әніміз
10.Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз
11.Анам менің асыл жан,
Құшағы нұр шашылған.
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.
12.Айналайын анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың.
Ән «Құттықтаймын мама туған
күніңмен!» (отырады) Орындайтын «Жігіттер тобы» Кәрім, Ерасыл Ж, Фархат
,Темірлан
Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға тосын
сый дайындап келді ғой. Бізге
қонақтарды шақырды. Балалар, оны шақырайық па?
Балалар: Иә!
Бәрі шапалақтайды. Залға 2 сайқымазақ кіреді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар!
Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, сайқымазақтар!
1.Сайқымазақ:
Менің атым Тилли .
2. Сайқымазақ: Менің атым Вилли
Бірге: - Біз сендерді сонау Америкадан кұттықтауға
келдік. Хелоу! Хелоу! Хелоу!
( балалардың қолынан ұстап амандасады).
Бірге: : Біз бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп,
көңіл күйлеріңді көтереміз.
Ал қазір біз сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз.
(Сайқымазақтар басына тұрайын деп, құлай береді).
(Бәрі күледі)
Жүргізуші: Қой Тилли ,Вилли !Сендер мойыныңдарынды
сындырасыңдар. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл
алыңдар.
(Гүлдермен би билейді)
Сайқымазақтар: Қандай жақсы би. Енді біз
сендермен ойын ойнағымыз келіп тұр.
Ойын «Гүлді жинап,қызға сыйлау»
эстафетасы
Ойынның шарты: Үш
қыз орындықта отырады. Ал ұл балалар бос
орындықтағы 5 гүлді , кезек кезек бір бірден
қыздарға апарады.
Сайқымазақтар:
Ал біз әнді жақсы айтамыз,
маған микрофон беріңіз, моэстро музыку.
\микрафонды бір –бірінен тартады\
(музыка ойнайды, сайқымазақтар ырғағына қарамай
біресе төмен, біресе жоғары айғалап өлең айтады)
Жүргізуші: Тили -Вилли сендер босқа тамақтарыңды ауыртпаңдар,балалардың өнерлерін арман ғарай тамашалаңдар.Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді де ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек
Тақпақтар:
13.Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ақ әжем
14.Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
15.Немересін жанындай
Әжем жақсы көреді
Қонаққа барса ұмытпай
Кәмпит әкеп береді
16.Тірегі болып жанында
Бірге еріп жүремін
Жанашырым жанымда
Тек әжем деп білемін
17.Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін
18.Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Балдай тәтті бал әжем
19.Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
20.Әжем менің әлі
де,
Ұқсамайды кәріге
Қажет болса бәріне.
Шай қайнатып береді
Өлең:
Менің әжем айдай
Сайқымазақтар : Енді құлақтарыңның
естуін тексерейік. Қазір сендер көздеріңді жұмып
отырыңдар. Ал бір баланың анасы оны «қошақаным» немесе
«ботақаным» деп шақырады. Сендердің мақсаттарың
ананың даусын тану.
Ойын «Ананы дауысынан тану»
Жүргізуші: Тили Вили сен
көп ойындарды біледі екенсің.
Сайқымазақ: Иә, білемін. Тағы ойнаймыз ба,
балалар?
Балалар: Иә.
Жүргізуші: Тили-Вилли ,сен енді отырып балардың өнерін тамашала
Балалар мен қыздар «Кызықты би
қыздар туралы»
Сайқымазақтар: Рахмет
,қандай ғажап би бізге өте ұнады.Ал, қазір бізге
2 бала анасымен ортаға шығады. Балалар аналарына қалай
көмектеседі екен, соны көрейік.
«Кір жуу» ойыны
Ойын шарты: мамасы кірді жуады, ал
баласы оны іліп, қысқышпен қыстырып шығады. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді.
Жүргізуші: Рахмет, сендерге
сайқымазақтар. Сендер бүгін бізді қызықтырып жүрдіңдер.
Бірақта біздің мерекеміз әлі біткен жоқ. Балалар
тақпақтарын айтқысы келеді
21.Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққ шаттық ұлассын
22.Құтты болсын осы шаттық күніміз
Бақытты да, ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
23.Ақылшымыз,данашым
Ұзақ өмір сүріңіз
Айналайын анашым
Алдымызда жүріңіз
24.Аяулы асыл анамның
Әдепті сөзін сүйемін
Парасат мінезің
Ойыма әркез түйемің
25.Ана деген асыл жандар,болаттай
Ана деген мөлдір жандар , бұлақтай
О,адамдар ,қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыо ойды талатпай.
26.Түн ұйқысын төрт бөліп
Әлпештеген анашым
Жақсы болсам асырып
Жаман болсам жасырып
Қамқор болған анашым
27.Кір түсірмей жағама
Шашымды да тарайсың
Мектепке барарда
Мейірлене қарайсың
28.Мәпелейсің мені анам
Қасыңдағы құсыңдай
Құлпырап өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
29.Әлемдегі ақылды адам
Бәрінен де жақсы маған
Ол жанымда жұрсе,мен де
Батырларша ,батылданам
Сайқымазақтар: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар,
әндер де, билер де білеміз, және біз көп фокустар
көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетеміз.
Жүргізуші: -Жоқ,жоқ Сайқымазықтар. Сендер қазір
балалармен бірге көктемгі вальсты билеңдер ,содан соң
фокустарыңды көрсетесіңдер ,келістік па?
Сайқымазықтар: Жақсы. Билесек билейік
Вальс
Фокустар:
Саусақпен. Саусақты жұтып алады. .
Гүлмен. Бір гүлді каробкаға салып, айтады: «Қазір осы
гүл басқа бояумен боянады». Шығарса, боянбапты. Ой, неге
боянбайды.
Жүргізуші: сиқырлы сөздерді айту керек қой.
Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер.
Балалар айтады. Көздерін жұмады.
Сайқымазақтар: Фокус, мокус. Трул-ля-ля!(Каробканың ішіне
қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.) Балалар, қараңдар
гүліміз кәмпиттерге айналды.
Балаларға кәмпиттер таратылады.
Жүргізуші:
Осымен біздің мерекеміз
аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз
құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең
мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер.
Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын,
әрқашан аман болайық!! Сау болыңыздар!
·
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.