Сценарий Жаңа жыл
Оценка 4.8

Сценарий Жаңа жыл

Оценка 4.8
Культурные мероприятия
doc
воспитательная работа
Детсад
05.01.2017
Сценарий Жаңа жыл
Этот сценарий также можно использовать в детских садах и в предшкольном классе В сценарии клоун должен отвезти письмо Деду морозу,но его похищает Лиса проказница и клоун идет искать деда мороза чтобы рассказать ему о проказах лисы С помошью дед мороза лиса будет наказана Но дети ее простят и все вместе поют играют и рассказывают стихи.
Сценарий жаңа жыл.doc

 

Кел Жана-Жыл, Жана-жыл

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларды қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау,қысқы табиғатының ерекшеліктерімен таныстыру,қысқы негізгі белгілерін атап, ажырата білуге үйрету,табиғатқа деген сүйіспеншілігік,қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Төрде жап-жасыл шырша орналасқан. Шыршаны айналып көңілсіз
Қой жүреді. Көңілді әуенмен сайқымазақ кіреді.
Сайқымазақ: Саламатсызба,
Қой, неге көңілсізсің?
Қой : Жануардың ішінде-
 Қой деген мен болам,
Тура 11 ай бұрын
Жаңа жыл боп келіп ем,
Көңілсіз боп жүргенім
менің жылым біткені,
Маймыл  жылы келгені.
Сайқымазақ : Ой,
Қой сен неге ренжисің сенің жылыңа бәріміз риза болдық, табысты жыл болды, ендігі кезекті Маймылға  берейік , сен де шаршаған шығарсың, бүгін балалармен бірге сенің көңіліңді көтеріп сені шығарып саламыз.
Қой : Жарайды, сайқымазақ.
Залға көңілді
 Маймыл секіріп келеді .
Маймыл: Алақай, алақай менің де жылым жақындап қалды.
Сайқымазақ: Саламатсызба?
Маймыл, сенің не үшін көңілді екеніңді біз білеміз, бірақ Қой досымыз көңілсіз, Маймыл сен оданда барлық достарыңды шақыр, Қойдың  көңілін көтерейік.
Маймыл:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Естімеген естіңіздер

Шырша тойы басталады,

Тойдан қалып қоймаңыздар!

Келіңіздер, көріңіздер!

 мектепалды даярлық

 тобын қарсы алыңыздар!
Көңілді әуенмен  балалар кіреді.

1.Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз ! Сәбилеріңіздің күлкісі сіздерді қуанта берсін!

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.

Жаңа жыл қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Деп бүгінгі  Мектепалды даярлық тобында
«Кел жаңа жыл, жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Сайқымазақ :
Қоймен Маймылды  жетектеп ортаға шығады )
Сәлеметсіңдерме балақайлар! бүгінгі шырша тойларың құтты болсын! Менің достарым
Қой мен Маймылды сендерге табыстаймын, олардың көңілдерін көтеріңдерші балалар.
2.Жүргізуші: Ал балалар, мерекемізді Ән шашу мен ашайық! Қой мен  Маймыл жылын ортамызға алып шырша әнін айтайық.
Ән « Шырша әні »
1.Жүргізуші: Ой,балалар мына тобымызда Аяз атаға жазған хатымызды, Аяз атаға қалай жеткіземіз екен а?
2.Жүргізуші : Сайқымазақ! біздің хатымызды Аяз атаға тезірек жеткізу керек, Себебі: мерекеміздің сәнін келтіретін Аяз ата мен ақшақар!
Сайқымазақ : Жарайды сіздердің айтқандырыңды бұлжытпай орындайтын боламын. Мен сіздердің берген хаттарыңызды аяз атаға жеткіземін! Ия жеткіземіз гой балалар!! Балалар түлкіні көріп тұрсыңдарма?
Сөйлеп жатқанда залға түлкі жүгіріп кіреді.
Сайқымазақтың қолындағы хатты жұлып алады.
Түлкі: Бұл не хат? Бәрін шақырған, көңіл көтермекші, мен ше? Мені ұмыттыңдарма? Мені неге шақырмайсыңдар, онда сендерге енді хатта жоқ, аяз атада жоқ. Уахаха күледі!
Сайқымазық: Ой, жоқ! Достар мен сендерге көмектесе алмайтын сияқтымын гой!
1.Жүргізуші: Түлкі бикеш, Біздің балаларымыздың мерекесін бұзба? Біздің мерекеміздің сәнін келтіретін Аяз атамен ақшақар керек. Сен де біздің мерекемізбен ортақтас, Балалардың өнерін тамашала!
Түлкі: Олай болса, балаларыңыздың өнерін көрейік.Билерің ұнаса хаттарыңды беремін! Уәдем уәде!
Сайқымазақ: Алақай! Менің достарым өнерлі,алғыр, Достар өнерлеріңізді көрсетіп, тездетіп хатты өзімізге қайтарайық! Біз сіздердің хаттарыңызды аяз атаға жеткізуім керек.
2.Жүргізуші: Шынымен ба? Түлкі бикеш! Бізді алдамайсызгой! Олай болса, балалар түлкі бикештен хатымызды алу үшін Жұптасу»Буги-вуги» биін билеп берейік! кәне!
Би: «Буги-вуги
Түлкі: Мен түлкімін күлкілі,
Кім білмейді түлкіні?
Жаңа жылда бұл күні
Алдамаймын, алдамаймын ешкімді
ой керемет балалар екен! Мен сіздерден кешірім сұраймын! Міне ,
Сайқымазақ  міне хаттарың! хатыңды тездетіп, Аяз атаға жеткіз! Құрып қалғыр! қырсық ай! (Түрін кіржитіп)
Сайқымазақ : өз биін билейді:
Алақай!
Біз жеңдік!
Аяз атаға хатымызды жеткіземіз!
Алақай! алақай!
1.Жүргізуші: Балалар! Сайқымазақ досымыз, Аяз атаға хат беруге кетті, Аяз атаны өзіміз шақырайықшы, мүмкін біздің даусымызды естіп қалар!
Балалар: Аяз ата тез тез кел, қарша қызды ерте кел!
2.Жүргізуші: Балалар аяз атамыз әлі жолда болар!мүмкін сайқымазақ досымыз хатымызды жеткізген болар! Ал, енді Аяз ата келгенше, балалардың мерекеге арналған жылы лебіздерін жалғастырайық! (тақпақтар)

 
1 бала: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылды келеді,
Бізге қарай жылыстап.


2 бала : Жаңа жылдың таңы неге арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды,
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.

3 бала: Ақшақарға малынып
Аппақ тонын жамылып
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағылып
Аяз ата келеді,балаларды сағынып.


4 бала: Өлеңді де әзір,ән де әзір,
Ойын да әзір бәрі де әзір
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл жаңа жыл


5 бала: Аппақ ,аппақ қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ,
Қырау-қырау тал аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Аппақ біздің шанамыз,
Аппақ қардан ағамыз,
Шырқатып ән саламыз,
Біз шадыман баламыз!

6 бала: Барымызды,әнімізді,
Аямадық сізден біз.
Сынашы ата бәрімізді,
Бәрімізде өнерліміз!

7 бала: Ақ сақалды,таяқты,
Қалың қырау қабақты,
Аяз ата біздерге
Базарлығын таратты.

8 бала: Кел достар бастайық!
Бастайық жыл басын
Қызықтап бос қалып,
Кең дала қалмасын,
Ел құрметтеп көп тосқан,
Келді аяз атамыз!
Келіңдер кел достар!
Қазір ән айтамыз.


1.Жүргізуші : Ой , рахмет балалар! Мерекемізді әрі қарай жалғастырайық (деп жатқанда түлкі шырша артынан сумаңдап тағы шығады)
Түлкі: Ой , Сайқымазақ  достарын кетіп калдыма, (жан жағына қарап, иіскелеп) Мұрныма бір жақсы иіс кеп тұрғанын қарашы. Әй, мынау қояндардың исі ғой. Қап,жаңа ғана алдамаймын деп едім. Бірақ,болмайды енді, алдауға тура келеді. Түш-түш
(түлкі өтірік өлген боп жата кетеді,секіріп қояндар келеді.)
1-қоян: Сұр көжек ,мынаны қара, түлкі өліп қалған ба?
2-қоян: Шынымен –ақ өліп қалыпты гой!
Түлкі: Ә,қулар,қарай гөр!Қазір ұстап алсам,ондырмаймын!
(қояндарды қуып жүргенде аю кедергі жасайды!)
Аю: Түлкі бикеш, сен әлі естіген жоқсынба? Кешеден бастап орманда жаңа заң шықты. кімде кім өзінен әлсізді ренжітіп, зәбір көрсетсе, ол жаңа жыл кешіне бармайды. Аяз атадан сыйлық та алмайды.
Түлкі: Маған ешқандай жаңа жыл кешінің қажеті жоқ!Онда аңдар көп болады.Аяз атаның сыйлығына таласып мына әдемі құйрығымды біреуі басып кетіп жүрсе....
Бармай-ақ қойғаным жөн!өзім бармасам басқалар да бара алмасын,ендеше! Мына шыршаны жағып жіберейін. (Сіріңке іздеп жүрет!)
2.Жүргізуші: Түлкі бикеш , сіз олай тентектік жасамаңыз,Біреуге ор казсаң, өзің түсесің демейме? Сіз біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз! Қазір Аяз атамызбен Ақшақарда келіп қалар!

 Қояндар  биі
( Сол кезде түлкі құлақ аспай сіріңкені іздеп жүре берет)
Аю: Мен саған жол бермеймін,балалардың мерекесін бұзуға!
(қуып кетеді)
Түлкі бикеш: Сен қорбаңдап,мені ұстап алам деп ойлайсыңба? Алып қуып қара,Сірә да жете алмайсың! Қулығымды асырып алд
ап кетемін гой! Сіріңке тауып алып, шыршаны өртеп жібермесем! Түлкі бикеш атым құрсын!
Аю: Қап мына түлкі бикешті ме? Балалар қорықпаңдар! Түлкіге өз сазайын беремін! (Қуып жүріп құлап қалады!)
Балалар маған мына қу түлкі жеткізер емес, Не істесем болады?
1.Жүргізуші: Ой, аю, сіз әуре болмаңыз, мүмкін Сайқымазақ досымыз аяз атамызға хатымызды жеткізген болар! Ол түлкі бикеш қулығын асырып алдап кетті.
Ал қанекей балалар Түлкі келмей тұрғанда,
Аюдын өнерін тамашалайық

Би:  Аю кішкентай аюлармен билейді

2.Жүргізуші: Ал балалар аяз Атамен Ақшақарды дауыстап шақырайық
Балалар : Аяз ата тез тез кел, қарша қызды ерте кел.   -3 рет
Аяз ата:
Амансыңдарма балалар, қонақтар!
Құтты болсын балалар
Келген жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелей ұл-қыздарым
Өткен жылы келіп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем,
Ойларыңмен бойларыңда
Бірдей өсіп қалдыңдарма
Ал мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдарма
Балалар : Ия, Аяз ата
Аяз ата : Жарайсыңдар балалар, ұмытпапсыңдар, ал менің қасымдағы немеремді таныдыңдарма?
Балалар: Ия, қарша қыз.
Аяз ата : Мен сіздердің
Сайқымазақ достарыңыздан беріп жіберген хаттарыңызды алып, шанамен мініп, немеремді ертіп жылдамдатып жетіп келген жайым бар!
2.Жүргізуші: Қош келдің Аяз ата! Амансынба, Қарша қыз! Келгендерің қандай жақсы болды. Балаларымыз сіздерді асыға күтіп отыр еді. Аяз ата , ақшақар сіздердің келгендеріңізге өте қуаныштымыз.
.Ақша қар: Достарыма баптап
Мен айтайын тақпақ
Жаңа жылдың жаршысы
Ақша қармын аппақ
Сәлеметсіңдерме балалар, мұнда қандай керемет, шыршаларың әдемі бірақ сендердің көңіл күйлерің жоқ қой.
1.Жүргізуші: Аяз ата, ақшақар біздің шыршамызды түлкі бикеш өртеп жібермекші, мерекеміз болғанын қаламайды.
Түлкі: Оппа, міне таптым сіріңкені! Ой, аяз ата,ақшақар!
Аяз ата: Мынау кім?
2.Жүргізуші : Осы гой , түлкі бикеш біздің мерекемізді бұзып жүрген!
Аяз ата: Ей,түлкі бикеш сен неге менің бүлдіршіндерімді ренжітесің, Кәне , бүлдіршіндерімнен кешірім сұра! Әйтпесе қатырып тастаймын!
Түлкі: (корқып кетеді) Аяз ата Кешеден бастап орманда жаңа заң шықты дейді.Кімде кім өзінен әлсізді ренжітіп, зәбір көрсетсе, ол жаңа жыл кешіне бармайды және Аяз атадан сыйлық та алмайды дейді ,- аю мырза! Енді мен тентек болмасам, енді ешкімді алдамасам, өзімнен әлсізді ренжітпесем, зәбір көрсетпесем, сіз маған сыйлық бересізбе? Жаңа-жыл мерекесіне қатыстырасыз ба?
Аяз ата: Ия,айналайын түлкі бикеш! Сен қулық қылмасаң арине Сыйлығыңды да беріп,!Жаңа-жыл мерекесіне қатыстырамын. Түлкі бикеш , және балаларым сіздерге айтарым ,бір-бірлеріңмен ұрыспай,алдамай,тату дос болыңдар! Ешкімді түлкі бикеш сияқты алдамаңдар, шыншыл,мейірімді болыңдар! Түлкі бикеш сенің жаман қасиеттеріңнен арылып,мейірімді бол,бұл жолға сені кешіремін! Кел енді ,Бүлдіршіндерімнің өнерін бірге тамашалайық!
Түлкі : рахмет аяз ата!
1.Жүргізуші: Рахмет, Аяз ата. Сіз біздің шыршамызды сақтап қалдыңыз! Аяз ата,Ақшақар, Жолдан шаршаған боларсыз! Отырып дем алыңыз.Балалардың өнерін тамашалаңыз!
Аяз ата: Ия, балаларым мен шаршап келдім, мен сендердің өнерлеріңізді тамашалайын!
Ақшақар: Балалар шыршаларыңның шамдары жанбапты гой!
Балалар сендер маған көмектесіңіздер! Бәріміз бірге
:
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат       3-рет

2.Жүргізуші:
Ал ақшақар қалықта

Қалықтаудан жалықпа

Қанаттарың желбіреп

Би биле мына халыққа
Ақша қар: Ақшақарлар ,тұрмайық,
Би билейік,жырлайық,
Аяз ата қуансын
Дөңгеленіп зырлайық. Ұлпақарларым қайдасыңдар, маған қарай ұшыңдар.
Би « Ұлпақарлар »
Аяз ата: Тамаша! Міне, нағыз ғажап ! Мыналар менің кішкентай тентек ұлпақарларым гой! Биыл өздеріне ақыл кіріпті, бойлары да өсіп қалыпты.Жарайсыңдар балаларым! Сендер шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер!

1.Жүргізуші:
Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет,төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын
Кезекті осы мерекемізге арналған әсем ән, Аяз ата әні берейік.
Ән: «Ақ таяғын таянып »

(Сайқымазақ қайта кіреді)
Сайқымазақ: Неllo! Тағы да мен! Ой балалар керемет! Аяз ата, ақшақар достарым! Менің достарымның көңіл күйлерің де жақсы сияқты ғой!. Балалар мен достарымның көңіл күйін көтердіңдер ме? Достарымның өздерінен сұрайыншы!
Қой Маймыл  жылы: Біздің көңіл күйіміз өте тамаша! Балаларда өте өнерлі екен!
Сайқымазақ: Міне ,керемет,менің де көңіл-күйім өте тамаша! Билегім келіп кетті гой! Кәне , ендеше музыка! (кел, достар! Аяз ата,ақшақар!) музыка косылады!
Сайқымазақ: тоқтат,тоқтат,болды.болды,көрініп тұр көңіл-күйлерің керемет екен.
Сайқымазақ: ой ,жарайсыңдар балалар! Жылдам шапшаң балалар екенсіңдер!
Қой - Маймыл жылы,аяз ата, ақшақар: Балалар жарайсыңдар!
Жүргізуші : Жарайсың , Сайқымазақ! Көңілімізді бір көтердің,енді
 кішкентай клоундармен  би билеп,өнеріңді тамашала.
Би: «Клоундар биі»
 Жүргізуші:Балалардың мерекеге арналған жылы лебіздерін жалғастырайық! (тақпақтар)

9 бала:
Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанады жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

10 бала:
Жаңадан тақпақ аламыз жаттап,

Жаңа жыл келді жаңа жыл аппақ.

Шыршаға бардық әсем ән салдық,

Қуантып елді жаңа жыл келді.

11 бала:
Болсын қызық салтанат,

Болсын қызық мереке,

Жаңа жылмен жадырап.

Келсін бақыт береке,

 12 бала:Сағындырған баршаны,

Аяз ата кел дейік!

Ойын ойнап атамен,

Ән айтып, би билейік.

13 бала:
Жаңа жылда шақырады бар өмір,

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой!

Құтты болсын,құтты болсын жаңа жыл!

14 бала:
Қош келдің жаңа жыл,

Бізбенен жүр ойна.

Жамылып аппақ гүл,

Шыршамыз тұр жайнап!

15 бала:
Келіп қалды қараңыз,

Жарық-жұрық етіп шапаны,

Шашуға толы даламыз.

Күміс дала үстіне,

Бізде баланың қонағы,

Төрлет ата жоғары.


16 бала:
Тамаша сый алып,

Көңілді аяз атадан

Шаттанып,қуанып,

Шырқып ән айтамыз!

17 бала:

18 бала:

2.Жүргізуші:
Армысың,аманбысың Жаңа жылым,

Жаңа жылым! О,менің Жаңа жырым!

Маймыл  жылы келгенде,сый ғып тартып,

ақтарайық ән менен көңіл сырын.
Ән : « Орманда шыршамыз туды»

Қой: Қандай керемет балаларсыңдар! Өнерлерің үстем болсын! Мен сіздермен қоштасатын кезде келді. Ендігі келер жыл, Маймыл  досыма сәттілік тіл
еп,берекелі,мерекелі жыл болуына тілектеспін.Қош сау болыңыздар!
Маймыл  жылы: Рахмет,досым! Биыл менің жылым келіп жетті.
Мен
сіздерге бар жақсылықты әкелдім! Биыл Жылқы жылы,бұл жылы еліміз тыныш болады. ақ мол болады
Туғызам айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады.
Күншілдік тұншығады.
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды.
Сенің сеніміңді ақтайтыныма сенімдімін. Қош саубол!
2.Жүргізуші: Рахмет,Қой жылы сіздің жылыңыз өте табысты жыл болды, Рахмет,Сау болыңыз!
Аяз ата: Балалар сендер шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер. Көңілім көтеріліп демалып қалдым. Енді мен жолға шығайын, мені басқада балалар күтуде.
1.Жүргізуші : Аяз ата жолға шығам дегеніңіз не? Балалар манадан бері сізге өз өнерлерін көрсетіп жатыр,енді сіз балалармен бір ойын ойнап жіберіңізші

Ойын:

Аяз Ата : рахмет балалар!Енді біз кетейік !Сау болыңдар

1.Жүргізуші:Калай кетессіздер!Жоқ-жоқ Сіз балаларға сыйлық әкелдіңіздер ме!
Аяз ата: Ой, ұмытып кетіппін ғой. Көмекшілерім (сайқымазақ.ақшақар,)маған сыйлықтарды әкелуге көмектесіңдерші. Сыйлықтар таратылады.
2.Жүргізуші :
Жаңа жылда жаңа табыс әркімге,

Бақыт болсын таусылмайтын әркімге.

Отан аман, заман тыныш, бейбіт күн,
Тыйылмасын сәби, бөбек күлкісі. -деп біз «Кел жаңа жыл, жаңа жыл!» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.
1.Жүргізуші Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер, әріптестер,отбастарыңызға бақ-береке, тыныштық, бейбітшілік, татулық тілеймін. Жылқы  жылы бақыт, қуаныш әкелсін!
Сіздермен біз қоштаспаймыз, тек қана сау болыңыздар-дейміз!


Кел Жана-Жыл, Жана-жыл Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Кел Жана-Жыл, Жана-жыл Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Мына отырған барша жан бәрімізге

Мына отырған барша жан бәрімізге

Балалар: Аяз ата тез тез кел, қарша қызды ерте кел! 2

Балалар: Аяз ата тез тез кел, қарша қызды ерте кел! 2

Кең дала қалмасын, Ел құрметтеп көп тосқан,

Кең дала қалмасын, Ел құрметтеп көп тосқан,

Жыл өткізіп келем деп Уәдемді беріп ем,

Жыл өткізіп келем деп Уәдемді беріп ем,

Би биле мына халыққа Ақша қар:

Би биле мына халыққа Ақша қар:

Жаңа жыл келді жаңа жыл аппақ

Жаңа жыл келді жаңа жыл аппақ

Тамаша сый алып, Көңілді аяз атадан

Тамаша сый алып, Көңілді аяз атадан

Жаңа жылда жаңа табыс әркімге,

Жаңа жылда жаңа табыс әркімге,
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.01.2017