Сульфанил қышқылын синтездеу

  • docx
  • 11.01.2021
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Сульфанил қышқылын синтездеу.docx

Зертханалық жұмыс

Сульфанил қышқылын синтездеу

 

Реактивтер: Анилин 4,55, конц. күкірт қышқылы 8,25, активтелген көмір.

 

Керекті ыдыстар: Дөңгелек 100 мл колба, ауа өткізгіш салқындатқыш, шыны таяқша, мұзды қоспа, құйғы, қыртысты сүзгі.

 

Жұмыс барысы: Көлемі 100 мл құтыға 4,55 жаңадан дайындалған анилинді, оған шайқай отырып, аздаған бөліктермен 8,25 конц. күкірт қышқылы құяды. Құтыны ауа өткізгіш салқындатқышпен жауып, майлы моншада 1,5-2 сағат бойы 170-1800С (монша температурасы) температурада тұрады. Реакция біткен соң қоспаны аздап салқындатып, әлі ыстық күйінде таяқшамен араластыра отырып, 150 мл суы бар стақанға абайлап құяды. Сульфанил қышқылының кристалдары түседі. Қоспаны мұзды моншада суытып, 20 минуттан кейін сульфанил қышқылын Бюхнер құйғысында сорғызып, сүзгіде суық судың аздаған мөлшерімен жуады. Препаратты тазарту үшін стақанға салып, ыстық судың ең аз мөлшерімен ерітеді. Керек болған жағдайда аздап активтелген көмір салады. 5 минут қайнап, қыртысты сүзгіде сүзеді. Суыған кезде сүзіндіде сульфанил қышқылының жылтырауық кристалдары бөлінеді. Шығымы 11 г.

Сульфанил қышқылы түссіз кристалды зат. Этил спиртінде диэтил эфирінде және суда қиын ериді.