Бұл салтанантты жиынында (линейкада) жиынның жүру барысы, яғни бірінші сынып оқушыларын құрметпен қарсы алу, жиынға келген қонақтарға,мектеп директорына, ата- аналарға рет – ретімен қай жерде сөз беру керек, алғашқы қоңырауды соғу т.б. айтылғын. Бұл жоспарды алғашқы қоңырауды өткізуге арнап жоспар құруда қолдануға болады.воспитательная работа
Сыңғырла.docx
Сыңғырла , алғашқы қоңырау!
Мақсаты: Жаңа оқу жылын құрметпен қарсы алу.Оқушыларды ұстазды
құрметтеуге баулу және сүйікті мектебіне деген жылы сезімдерін ояту.Отансүйгіштікке,
Отанына адал қызмет етуге, елінің рәміздерін қастерлеуге баулу.
Қажетті құрал жабдықтар: гүл шоқтары, шарлар, қоңырау, мадақтамалар мен
дипломдар.
Барысы: 1.Оқушыларды сапқа тұрғызу.
2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын әкелу.
3.Әнұран шырқалады.
4.1 сынып оқушыларын ортаға шақыру.
5.Мектеп директорына сөз беріледі.
6.Қонақтарға сөз беру.
7.Ата анаға сөз беру.
8.Алғашқы қоңырауды соғу.
9.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару.
Жүру барысы: І. Салтанатты сапқа тұру.
ІІ.Көкбайрақты әкелу.
ІІІ. Әнұран.
1жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, қадірменді ата
аналар!
2жүргізуші: Армысыз ағайын, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар !
1жүргізуші: Білім әлеміндегі дәстүрлі мереке, баршамыздың асыға күтер
салтанатымызалғашқы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
(Табло белгі ұстаған 4 сынып оқушылары 1 сынып оқушыларын бастап ортаға алып
шығады)
VІ. 1 сынып оқушыларын ортаға шақыру.
2 жүргізуші: «Әрбір елдің келешегі – мектебіне байланысты» деп ағартушы
Мағжан Жұмабаев айтқандай, кемел ойлы еліміздің болашағы 1 сынып оқушыларын
ортаға шақырамыз!
1жүргізуші: 1 «а» сыныбын мектебіміздің жаңашыл ұстазы –Хамзаева Мәншүк
Мұқаметжанқызы қарсы алады! Бұл сыныпты қалалық бастауыш сыныптар
олимпиадасынан орыс тілі пәнінен І орын алған Аймұханова Назерке бастап келеді!
4 сынып оқушысына сөз: Оқыған әпкеағамыз, Қадірлі мектеп бұл мектеп.
Сендердей біз де болғанбыз,
Есейдік, міне, қараңыз.
Құт болып алғашқы қадамың,
Жағарсың білім шырағын!
Құрметті Мәншүк Мұқаметжанқызы! Мына бүлдіршіндерді қабылдап алыңыз! деп
таблосын мұғалімге береді.
1 сыныпқа сөз: Алдыңа келіп, ұстазым!
Тұңғыш қалам ұстаймын.
Күлімдеген көзіңнен,
Тек мейірім ұққаным.
Мәншүк: Айналайын балғындар!
Алға бағыт алдыңдар.
Ертең өсіп толыңдар,
Ел мақтанышы болыңдар!
2 – жүргізуші: 1 «ә» сыныбын мектебіміздің тәжірибелі ұстазы – Баянбаева
Фарида Жанұзаққызы қарсы алады! Бұл сыныпты табыс ету дүниетану пәнінен қалалық
бастауыш сыныптар олимпиадасынан І орын, облыстық олимпиадада ІІ орынға ие болған
Сабиғазин Әділетке табыс етілді.
4 сынып оқушысына сөз: (Сабиғазин Әділет)
Сусындап білім нұрына
Өткеріппіз төрт жылды.
Қанығып өмір қырына,
Зердеге түйдік мол сырды.
Ардақты, Фарида Жанұзаққызы! Мына балдырғандарды қабылдап алыңыз! деп
таблоны мұғалімге береді.
1 сынып оқушысы: Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың жаныңа,
«Шәкіртім» деп қуанып.
Фарида апай: Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей ақ табылар. алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя
мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар!
1жүргізуші: 1 «б» сыныбын мектебіміздің жас ұстазы..... қабылдап алады. Бұл
сыныпты Ана тілінен қалалық және облыстық олимпиададан І орынға ие болған
Төлеубеков Алмат бастап келеді.
4 сынып оқушысына сөз: (Төлеубеков Алмат)
Айқара ашқан есігін,
Мектебің алтын бесігің. Мейірімі мол көзінің,
Ұстазың міне, бүлдіршін.
1 «б» сыныбына сөз: Қуыршақты тастадым,
Уақыт жоқ ойнауға.
Қағаз, қалам қолыма ап,
Білімге қадам бастадым.
Жас ұстаз: Ақ жол, Бүлдіршіндер!
Жаңа оқу жылы жемісті,
Мерейі үстем жыл болсын.
Шәкірттеріміз өрісті,
« Елім» дер ұл мен қыз болсын.
( Оқушыларға мақтау қағазын, диплом т. б. табыстау)
V. Мектеп директорына сөз.
2 жүргізуші: 2013 – 2014 оқу жылының «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты
салтанатты жиынды ашу үшін құттықтау сөзді мектеп директоры оқу ісінің үздігі, «Ерен
еңбегі» медалінің иегері, Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хатымен ,
«Білім және Ғылым» министірлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған Шаяхметова
Сәуле Мәдиқызына беріледі.
VІ. Қонақтарға сөз.
1 жүргізуші: Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда,
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
деп ........................ қонақтарға сөз беру..................................................
VІІ. Ата аналарға сөз.
2 – жүргізуші: Қыркүйек айынан арайлы,
Жан – жақты шұғыла тарайды.
Білімге ұмтылған ұл – қызына,
Сүйсініп ата – ана қарайды. дегендей келесі құттықтау сөзді
1сыныптың атаанасына .................................................................................................
беріледі.
VІІІ. Ән шашу. 1 – жүргізуші: « Балдырғандар» қыздар тобын әнімен қарсы алайық.
ХІ. Алғашқы қоңырауды соғу.
2 – жүргізуші: Ұрпақтар сабақтастығы мен қоңырау үні сыңғырының жалғасының
белгісіндей, қоңырау соғу құрметін мектебіміздің ардагер ұтазы Құрманбаева Роза
Байжұмақызына және мектеп табалдырығын жаңа ғана аттаған Сманжан
Рахат пен Кадирова Камилаға тапсырамыз!
Ән: «Сыңғырла қоңырау»
( Роза апай әнді орындап жүріп қоңырау соғады және 1 сынып оқушыларына береді.
Олар ән аяқталғанша қоңырауды соғып келеді.)
Х.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару.
1 – жүргізуші: Осымен 1 қыркүйек білім күніне арналған мереке өз мәресіне жетті.
Білім күні құтты болсын! Еліміз аман, беделі асқақ болсын!
2 – жүргізуші: Жаңа оқу жылы баршамызға береке – бірлік әкелсін! Ақ жол
сіздерге мектеп оқушылары!
Соңы
Сынгырла конырау
Сынгырла конырау
Сынгырла конырау
Сынгырла конырау
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.