Балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң – 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20 қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.
Конвенция дегеніміз – арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады.
Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.
Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.
1 маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20 қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10 желтоқсан Адам құқығы күні
Ал енді балалар, «Бала құқығы туралы» Заң баптарымен танысайық:
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру бойынша өзінің алдына маңызды стратегиялық мақсат қойды. Бұл ретте халықтың жалпы санының 31,4%-ын құрайтын қазіргі балалар мен жасөспірімдер оң өзгерістерді бәрінен көп сезінетін болады және сондықтан да қойылған мақсатты іске асыруда белсенді қатысушылар болуы тиіс.
Қорытынды:
Ата Заң – қорғанымыз. «Азамат жолы – ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты.
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойыңдағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол!
Ар-намысыңды биік ұста! Өз тағдырың – өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен – тәуелсіз еліміздің болашағысың.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.