№1 бөбекжай –бақшасы
Ашық оқу қызметі
Тақырыбы: «Таңғажайып теңіз әлемі».
Ересек тобы «Балдырған»
Тәрбиеші: Тулебекова Айнаш
«Таңғажайып теңіз әлемі».
Мақсаты:Балалардың сандар және пішіндер жайлытүсініктерін бекіту.
Білімділік:Сандарды тура және кері санау . Пішіндердің көлемін, түсін дұрыс атауы. Сандардың көршісін атай білу.
Дамытушылық:Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдауды жетілдіру.
Қостілділік сыңары: Бір-один-one,екі-два-two, үш-три-tree,төрт-четыре-four,бес-пять-five.
Көрнекіліктері:Сандар, пішіндер, мнемокесте, ноутбук, проектор.
Әдіс- тәсілдері: жылулық шеңбер,қызықты сәт, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, тапсырмалар, әңгімелеу.
Сөздікжұмысы:пішіндер, сандар, тапсырмалар
Алдын-ала жұмыс: пішіндер туралыт ақпақтарынжаттату.
Мотивациялық – қозғаушы
Шаттық шеңбер:
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен:
«Қайырлы таң!» деймін мен.
Күндіз де елді елеймін,
«Қайырлы күн!» - тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!» деп кіремін.
Ұйымдастыру – іздену
Тәрбиеші: Балалар сендер таңғажайып оқиғаларды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Біз сендермен бірге, Таңғажайып теңізге, қарақшылардың
тығып қойған қазнасын іздеуге барамыз. Ол жақта сендерді
таңғажайып оқиғалар мен құпиялар күтіп тұр. Ең алдымен қазына іздейтін күнімізді белгілеп алуымыз керек?
- Балалар аптада неше күн бар?
- 7 күн
- Апта күндерін атаңдаршы?
- Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
- Бүгін қай күн?
- Бейсенбі
- Бейсенбі нешінші күн?
- Төртінші күн
-Ал енді уақытты бағдарлауға арналған жұмбақтар жасырамын:
1.Ұйқымыздан тұрамыз,
Беті – қолды жуамыз.
Бақшамызға келеміз.
Бұл күннің қай уақыты деп ойлайсың?
2.Біз тәртіпті баламыз,
Сабақты да оқимыз.
Серуенге шығамыз, қыдырамыз
Бұл қай кез деп ойлайсың?
3.Күн батады қызарып,
Анамызды күтеміз.
Бұл қай кез деп ойлайсың?
4.«Үйлерде шамдар жанады,
Дем алады бар әлем»,
Барлығы ұйқыға жатады ,
Бұл қай кез деп ойлайсың?
-Жарайсыңдар!
-Жыл мезгілдерін атап бер
-Қыс мезгілін сипатта, әңгіме құрастыр
Жұмбақ:
Суда
мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай мезгіл болады?
Қыста неше ай бар? Атап беріңдер.
-Мына суретке қарап қыстың ерекшеліктерін айтып беріңдер.
-Жарайсыңдар!
Тәрбиеші: Теңіз әлеміндегі қазынаны іздеуге немен баруға болады?
Балалар: қайықпен, кемемен, параходпен.
Тәрбиеші: Бір сөзбен қандай көліктер дейміз?
Балалар: Су көліктері деп атаймыз.
Балалар, біз кеме құрастыруымыз керек. Біз кеме құрастыру үшін кеме
құрастыратын құрлысшы боламыз. Ол үшін мынадай сиқырлы сөздер
айтуымыз керек.
Біз кеме құрастырушымыз.
Біз бәрін жасай аламыз.
Біз еңбекқормыз.
Ал, енді алдарыңда жатқан геометриялық пішіндерден кеме құрастыруымыз
керек. Кеме құрастырушылар жұмысты бастаңдар. Керекті пішіндерді
алыңдар. Ал кімге көмек керек болса қолдарынды көтеріп көмек сұраймыз.
- Сен кеме құрастыру үшін неше геометриялық пішінді қолдандың?
- Неше үшбұрыш?
- Неше төртбұрыш?
- Түстері қандай?
Ал, енді сендердің алдарыңда екі жолақ жатыр,сол жолақтардың көлемін
салыстырыңдар.Көлемдері қандай?
Балалар: ұзын,қысқа.
Тәрбиеші: Сендер саяхатқа шыққанда қандай жолды таңдар едіңдер. Сол
жолды кемелеріңнің астына құрастырыңдар. Міне, біздің кемеміз дайын.
Тәрбиеші: Кемені басқарушыны қалай атайды?
Балалар:Капитан.
Тәрбиеші: Оның көмекшілерін?
Балалар: Мотростар.
Тәрбиеші: Мен капитан боламын. Сендер мотрос боласыңдар. Балалар,
матростар өте ақылды адамдар. Сендер де теңізге саяхатқа шыққанда,
барлық күтпеген жағдайларға дайын болуларың керек. Өте зейінді ақылды
болыңдар. Алда бізді талай қиындықтар күтіп тұр. Соның барлығын жеңе
білейік. Жарайсыңдар балалар! Енді сендер саяхатқа шығуға толық
дайынсыңдар. Онда көзімізді жұмып, көз алдымызға елестетеміз біздің
тобымыз үлкен кемеге айналады.
Слайд «Кеме»
Тәрбиеші: Матростар менің командамды тыңдаңдар! Сапқа тұр ,сап түзе
саппен Таңғажайып теңіз әлеміне қарақшылардың тығып қойған қазналарын
іздеуге саяхатқа кеттік. (слайд кеме муз. Капитан.) міне, біздің кемеміз жүзіп
баражатыр, барлықтарың орындарыңа жайғасыңдар!
Слайд «Сандар»
Балалар, қараңдаршы алдымыздан мынадай тапсырма шықты біз оны дұрыс
орындамасақ қазнаны таба алмаймыз.
Мұнда мынадай тапсырма:
«Адасқан цифрлар» дидактикалық ойыны
Тәрбиеші 2, 4, 5, цифрлары жазылған асықтар таратылып беріледі, балалар қалып қойған санды атайды.
- Ең үлкен санды ата?
- Ең кіші санды ата?
Араласып қалған асықты сандарды ретімен қою керек. Тура және кері санау.
1 2 3 4 5
Орысша, ағылшын тілінде санау
- «Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойын
Қапшықта геометриялық пішіндер:
Балалар қолымен ұстап, сезу арқылы қандай пішін екенін айтады.
-Жарайсыңдар!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар матростар! Олай болса ары қарай жүзейік
(слайд арал ).
Қараңдаршы не көріп тұрсыңдар? (балалардың жауабы)
Бұл арал ғой.
Мүмкін біздің іздеп жүрген қазынамыз осы аралда шығар. Барлығымыз
ақырын орнымыздан тұрып жағалауға шығып, бойымызды жазып алайық.
Сергіту жаттығуы:
Тәрбиеші: Мотростар менің командамды тыңдаңдар! Менің артымнан еріңдер.
Теніз толқындары тербеледі, тербеледі.
Теңіздегі балықтарды жағаға итереді, итереді.
Денсаулыққа қарап тұрып таңғалып қатып қалдым мүсін болып.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар матростар! Қазнаны іздеуге дайынсыңдар ма?
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Матростар қараңдаршы мұнда хат жатыр ғой. Кәне ашып оқып
көрейік не жазылғанын. Сәлеметсіңдер ме, балалар қазынаны тауып алу үшін
біздің тапсырмаларымызды орындасаңдар қазнаға жол табасыңдар.
«Қарақшылар».
Балалар мына тасты қараңдаршы, біз қазнаны тапқан сияқтымыз. Бірақ бұл
жай тас емес сияқты, мұнда әріптер жазылып тұр.
-Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
-Әріптерді не істейміз?
-Көреміз, жазамыз.
-Дыбыстарды не істейміз?
-Естиміз, айтамыз.
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Екіге бөлінеді, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс?
-Жарайсыңдар!
Балалар қарақшылырдың тапсырмалары әлі көп.
Д/о «Суреттегі теңіз жәндіктерінің қасындағы бос торларды сәйкес асықтармен толтыру»
"Сандармен заттарды тенестір"
Тәрбиеші: Балалар мына жерде неше сан берілген?
Балалар: 1-5-ке дейін.
Балалар сандармен заттарды ленталармен теңестіріп олардың ұзын-қысқа екендігін және ленталардың түстіерін атап өтуіміз керек.
Балалар келесі папсырма, ол мотасори тақтайшасына әртүрлі фигуралардан балықтың бейнесін құрастыру.
Жарайсындар балалар ! біз қарақшылардың барлық тапсырмасын орындадық.
Қазынаны алып ертерек тобымызға қайтуымыз керек.
Бірақ қазына қайда болды екен.
А , балалар қарандаршы бізге берілген тапсырмалардың астында тағыда бір зат жатыр.
Ой балалар бұл қазына ғой мұнда әр түрлі пішіндер, сиқырлы сандар, теңіз жұлдыздары, алтын тиындар табалды.
Қазынаны алып ертерек тобымызға қайтайық.
Балалар орындарыңа жайғасыңдар. (слайд кеме муз колокл)
Сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнадыма?
Мен сендерге осы саяхаттан естелік ретінде теңіз жұлдызын сыйлыққа бергім
келіп тұр. Осы теңіз жұлдызын қолдарыңа алсаңдар біздің теңіз әлеміндегі
саяқатымыз естеріңе түседі. Кәне есімізге түсіріп көрейік қандай
қиындқтарға тап болғанымызды.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.