Тақырыбы: «Аналар –асыл жандар»
Оценка 4.7

Тақырыбы: «Аналар –асыл жандар»

Оценка 4.7
Мероприятия
docx
воспитательная работа
Детсад
17.04.2017
Тақырыбы: «Аналар –асыл жандар»
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу. Ана өмірдің тірегі екенінін балаларға түсіндіру. Осы ертеңгілік арқылы балалардың бойына анаға деген нәзік сезімді қалыптастыру. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу. Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер! Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын! Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған. Қаймақты сүттей қалқытқан Суық болса жөргегі Қорғасындай балқытқан Айналасына ас қойып, Өзенді көлдей шалқытқан. Қолын қатты тигізбей, Иісін жүпар аңқытқан Бұл кім? Балалар: Ана, ана, ана! Жүргізуші: Құрметті апалар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз. Жанел: Ақ анашым, аппағым, Өзің жайлы тақпағым, Өзің жайлы әнім де, Арнадым саған әнді де. Інжу: Наурыздың сегізі Сұлулықтың негізі Әдемі сөз адамның Анаға айтар лебізі. Валентина: Мен анамды сүйемін Құшағына енемін. Асхат: Ана деген көп шығар, Анамдай кісі жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі, Қандай ғажап күлкісі Сезім: Еркелесем күлімдейтін, Ұрысқаны білінбейтін. Маңдайымнан сипап менің, Құлыншағым күнім дейтін. Ислам: Үн құатасың бал тілмен, Еркелеймін әр күн мен. Құттықтаймын анашым, Сегізінші наурызбен. Ән: «Аяулы анашым» Даулетова Зубаржат Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді. Ару көктем: Мен көңілді көктеммін, Былтыр келіп кеткенмін. Көзін ашып бұлақтын, Түбіне тал екенмін. Гүл боп қырда егілем, Дән боп жерге себілем. Жаңбыр болып жауам да, Нұр боп көктен төгілем. Шуағын төгіп әлемге. Жылуын күннің әкелем. Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын. Жүргізуші: Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер. Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын! Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өнерлерін тамашала. Би: Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер. Дархан: Мені жақсы көреді, Күндей күліп жүреді, Көп ертегі біледі, Маған айтып береді. Нұрасыл: Таусылмайды өлеңі, Күнде айтып береді. Барған сайын бір жаққа, Кәмпит әкеп береді. Әжем менің өйткені, Мені жақсы көреді. Қасым: Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, Құрметпен бас иеміз. Думан: Менің әжем мейірбан, Мені жақсы көреді. Қажетіне жарасам, Жас балаша күледі Әр сөзімді жаттаған, Жүрегімде сақтаған, Анашым деп мақтанам, Айналайын ақ мамам. Ойын: «Кір жаю» Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал аналары жіпке іледі. Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады. Би: Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар. Дария: Анамды мен жақсы көрем, Әкемді де дәл солай Жақсы бала боп өсем, Жамандарға жоламай.. Нұрым: Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз Той күні бір - бірден Аналарға сыйлаймыз. Зубаржат: Жарқын жүзді жан анам, Сендей болсын бар адам. Сендей болса бар адам, Шаттық кетпес баладан. Асылай: Әлпештеген аялаған Ақ сүт берген апатайым. Сәлем жазып бүгін саған, Мейрамын мен құттықтаймын. Қасымда анам жүргенде Шаттанып ойнап күлем. Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар Құттықтаймыз мейраммен Құрметті аналар. Шашымды өріп тараған, Қабағыма қараған Үлкен кіші демейді, Сыйлайды оны бар адам. Ән: «Құттықтаймын анашым» Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Жұлдыз» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!
Аналар асыл жандар.docx

                                       Тақырыбы: «Аналар –асыл жандар»
Мақсаты:
Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
                                Бала, бала, бала деп,
                               Түнде шошып оянған
                               Түн ұйқысын төрт бөліп,
                               Түнде бесік таянған.
                               Қаймақты сүттей қалқытқан
                              Суық болса жөргегі
                               Қорғасындай балқытқан
                              Айналасына ас қойып,
                              Өзенді көлдей шалқытқан.
                              Қолын қатты тигізбей,
                              Иісін жүпар аңқытқан
                              Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Жүргізуші: Құрметті апалар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
  Жанел:               Ақ анашым, аппағым,
                               Өзің жайлы тақпағым,
                              Өзің жайлы әнім де, 

                              Арнадым саған әнді де.

  Інжу:                  Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.

Валентина:         Мен анамды сүйемін
                              Құшағына енемін.

Асхат:                 Ана деген көп шығар,
                             Анамдай кісі жоқ шығар.
                             Мейірімді бұл кісі,
                             Қандай ғажап күлкісі
Сезім:                 Еркелесем күлімдейтін,

                             Ұрысқаны білінбейтін.

                             Маңдайымнан сипап менің,

                             Құлыншағым күнім дейтін.

Ислам:               Үн құатасың бал тілмен,

                             Еркелеймін әр күн мен.

                             Құттықтаймын анашым,

                             Сегізінші наурызбен.

 

Ән: «Аяулы анашым» Даулетова Зубаржат
Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару көктем:   Мен көңілді көктеммін,
                          Былтыр келіп кеткенмін.
                          Көзін ашып бұлақтын,
                          Түбіне тал екенмін.
                          Гүл боп қырда егілем,
                          Дән боп жерге себілем.
                          Жаңбыр болып жауам да,
                          Нұр боп көктен төгілем.
                          Шуағын төгіп әлемге.
                          Жылуын күннің әкелем.
                          Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші: Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өнерлерін тамашала.

Би:

Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Дархан:            Мені жақсы көреді,
                          Күндей күліп жүреді,
                          Көп ертегі біледі,
                          Маған айтып береді.

Нұрасыл:        Таусылмайды өлеңі,

                          Күнде айтып береді.

                          Барған сайын бір жаққа,

                          Кәмпит әкеп береді.

                          Әжем менің өйткені,

                          Мені жақсы көреді.

Қасым:             Аналарды сүйеміз,

                           Сөзін ойға түйеміз.

                          Әжені де ардақтап,

                          Құрметпен бас иеміз.

Думан:            Менің әжем мейірбан,
                         Мені жақсы көреді.
                         Қажетіне жарасам,
                         Жас балаша күледі
                        Әр сөзімді жаттаған,
                        Жүрегімде сақтаған,
                        Анашым деп мақтанам,
                       Айналайын ақ мамам.

 Ойын: «Кір жаю»
Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал аналары жіпке іледі. Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады.

Би:
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Дария:           Анамды мен жақсы көрем,
                       Әкемді де дәл солай

                       Жақсы бала боп өсем,

                       Жамандарға жоламай..

Нұрым:        Біз доспыз гүлдермен,
                      Текке оны жұлмаймыз
                      Той күні бір - бірден
                      Аналарға сыйлаймыз.

Зубаржат:       Жарқын жүзді  жан анам,

                          Сендей болсын бар адам.

                          Сендей болса бар адам,

                           Шаттық кетпес баладан.

Асылай:           Әлпештеген аялаған
                         Ақ сүт берген апатайым.
                         Сәлем жазып бүгін саған,
                         Мейрамын мен құттықтаймын.
                      Қасымда анам жүргенде
                      Шаттанып ойнап күлем.
                     Сенен өскен балалар,
                     Батырлар мен даналар
                     Құттықтаймыз мейраммен
                     Құрметті аналар.
                     Шашымды өріп тараған,
                     Қабағыма қараған
                     Үлкен кіші демейді,
                     Сыйлайды оны бар адам.
Ән:  «Құттықтаймын анашым»
Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Жұлдыз» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Тақырыбы: «Аналар –асыл жандар»

Тақырыбы: «Аналар –асыл жандар»

Аяулы анашым» Даулетова Зубаржат

Аяулы анашым» Даулетова Зубаржат

Ойын: «Кір жаю» Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал аналары жіпке іледі

Ойын: «Кір жаю» Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал аналары жіпке іледі

Тақырыбы: «Аналар –асыл жандар»

Тақырыбы: «Аналар –асыл жандар»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.04.2017