«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» ашық тәрбие сағаты
Оценка 4.6
Мероприятия
docx
классное руководство
6 кл—11 кл +1
03.06.2017
Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту мақсатында «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» ашық тәрбие сағаты.
тілім тірегім.docx
Тақырыбы: «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік
тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде,
әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салтдәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын
түсіндіру. Оқушылардың ойөрісін, дүниетанымын кеңейту.
Түрі: Дәстүрлі
Көрнекілігі: нақыл сөздер, қабырға газеті.
Кіріспе бөлім:
Мұғалім: Ана тілі адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп
өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең
сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын
ұрпақтан ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
1 жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті мұғалімдер және оқушылар!
Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын! Тіл мерекесіне орай өткізгелі
отырған 6а сыныбының «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз » атты
тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. 1997жылы 22 қыркүйек күні
қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика
халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген !
Тіл – әрбір ұлттың заңы, сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге
шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кезкелген дауды атақты
билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе
жатқан тіл.
2 жүргізуші: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді.
Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен
сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады ау. Бұл тілден май тамады
десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа шекер балдай
татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса,
сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Танытқан қазағымның қазақтығың,
Танытқан қазағымның азаттығың,
Танытқан қазағымның ғажаптығың,
Айналдым құдыретіңнен Қазақ тілім!
1оқушы:
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар,
Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау ашық мінезім бар, аңқылдар
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар ,
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып ақ алыңдар! 2оқушы:
Сен ана тіл жүрегісің анамның,
Жүрек ана мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе,
Ана тілім егер сені ұмытсам?
3оқушы
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
.4оқушы
Туған тілім бабам тілім өз тілім,
Туған тілім анам тілім өз тілім,
Туған тілім далам тілім өз тілім,
Туған тілім адам тілім өз тілім.
1 жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Ән: «Анамның тілі», орындайтын 6 сынып оқушылары
2 жүргізуші: Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдары:
4бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліқазақ тілі.
Мемлекеттік тілмемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық
саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және
іс қағаздарын жүргізу тілі.
1 жүргізуші: 11 бап. Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштері мен
басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттік тілде немесе өтініш
жасалған тілде беріледі.
12 бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарындағы тіл
5оқушы
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұлқызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
6оқушы Ана тілімтірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе мен де бірге өшемін.
7оқушы
Жүзімнің нәзік, нәрлі сабағындай,
Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.
Аямай арам шөбін отап отыр,
Таза сақтап көзіңнің жанарындай.
2 жүргізуші: Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер қазақ тілін
білсе, дін де осында, ғылымбілім де осында. Дүниедегі ең асыл тіл – араб тілі,
одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
1 жүргізуші:
“Ана тілі — халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіпөніп,
түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі”.
Жүсіпбек Аймауытов
Би: «қазақ биі» орындайтын қыздар тобы
8оқушы
Ана тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.
9оқушы
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілі егер сені білмесем.
10оқушы
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры қуат, сөзі – ана уызындай,
Жасай бер, ана тілім – Қазақ тілім!
2 – жүргізуші:Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
1 – жүргізуші:Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
2 – жүргізуші:Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
1 – жүргізуші:Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде! 2 – жүргізуші:Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
Ән: «Атамекен», орындайтын 6 сынып оқушылары.
1 жүргізуші :
Ана тілім, дана тілім бақытым
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.
2жүргізуші :
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып қалу үшін түбінде.
Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам.
Мұғалім:
Қалың елің қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде үш нәрсе бар: бірі – өзің айтқан
сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу;
үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық
жолында жүрмек болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман
назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден.
Осымен біздің тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Шұбар орта мектебі
/баяндама/
Б.Уразымбетова
«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» ашық тәрбие сағаты
«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» ашық тәрбие сағаты
«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» ашық тәрбие сағаты
«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» ашық тәрбие сағаты
«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» ашық тәрбие сағаты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.