Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар қонақтар! Біздің балаларымыздың ата-аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 4 отбасы қатысады. Әр отбасы жек сонымен қатар отюасылық сайыстың негізі мақсаты .тәрбие сағаты
өнеге отбасынан..docx
Тақырыбы: Өнеге отбасынан.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Жүргізуші: Құрметті балалар,атааналар қонақтар! Біздің балаларымыздың
атааналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын
спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді
екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 4 отбасы
қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін
бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір
атааналарымыздың қолынан келеді. Біз мұндай отбасыларына сәт сапар
тілейміз!
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Отбасыларымызды шақырамыз.
( Музыка ойнап тұрады)
1. « Қайсар тобы» Алданышовтар отбасы
2. «Барыс тобы» Нұртаевтар отбасы
3. «Қыран тобы» Мырзабековтер отбасы
4. «Ақ отау тобы» Жұмабековтер отбасы
Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңіздер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер!
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар
алқасымен таныстырып өтейін.
- Бастауыш сыныптар оқу ісінің меңгерушісі – Тұрарова Л.
- Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы – Танашова С.
- Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы – Өмірханова С. Сайыстың бағдарламасында
Топтың аты;ұраны, топты таныстыру
«Кім жылдам»
«Ширақ жол»
«Кім шымыр»
« Қашпа доп».
Әр кезең өз кезегінде таныстырылып өтеді.
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Мұғалім: Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
1 турымыз ұраны отбасымен таныстыру
1ші «Қайсар» тобын ортаға шақырамыз
Өздерін таныстыру.
Біз ананың қуанышымыз.
Бала кезден шыныққан.
Болашақта есейіп,
Біз жеңімпаз боламыз
2ші «Қыран»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап трмаспа Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа.
3ші «Барыс»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,өнер сүйер өренбіз.
4ші «Айбын» тобы
Қане,қане жарысуды,
Айналдыайық әдетке,
Денемізд шынықтыру.
Денсаулыққа қажет те.
Жүрг:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектентек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз. .
Бұл кезең «Кім жылдам» деп аталады. Әуелі аналары бастайды. Балалары
жалғастырады. Кедергілер арасынан жүгіре отырып, орындарына қайтып
келу.
Сәт сапар, бастаймыз!
Жақсы! Керемет! Әділқазы алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?!
Жүрг:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың. – Деп, 3ші кезеңіміз «Ширақ жол» деп аталады. Аналары обручты беліне
айналдыра отырып, кедергілер арасымен жүгіріп келеді. 2ші балалары
скакалкамен секіре отырып қайтып келеді.
Жүрг:
Ойынымызды жалғастырамыз, 4 турымыз «Кім шымыр» деп аталады.
Әуелі аналары жүгіріп келіп, матрацқа бастарымен айналып, ілулі шарды
жару. Балалары қайталайды.
Жүрг: 5ші кезең «Қашпа доп» деп аталады. Мұнда допты соға отырып,
қақпаға салу. Қайтарда екі тізесімен қыса отырып қайтып келу.
Әділқазылар алқасы бағалап, ұпай сандарын жазып отырады..
Жүрг:
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
Олай болса біздің әділ –қазыларға соңғы турымызды және қорытынды баға
бергенше, сіздерді,яғни отбасыларды қолдап атаана ұжымы келіп
отыр...ортаға шықарамыз.
Әділқазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
Мараппаттау рәсімі!
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып арождан қазынасын, Отбасылар ел қамын сақтап жүрген
демеші бүгін алтын уақыттарын қиып, «Өнеге отбасынан» отбасылық сайысқа
қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта,
амандықта жүздескенше!!!
Осымен сайысымыз аяқталды.
Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп ММ
ТАҚЫРЫБЫ:
«Өнеге отбасынан»
отбасылық эстафеталық сайыс
Өткізген: Бастауыш сыныптар бірлестігі
Тәрбие сағаты Өнеге отбасынан
Тәрбие сағаты Өнеге отбасынан
Тәрбие сағаты Өнеге отбасынан
Тәрбие сағаты Өнеге отбасынан
Тәрбие сағаты Өнеге отбасынан
Тәрбие сағаты Өнеге отбасынан
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.