- Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы ( сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы ) туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімін көтеруге көмектесу және ата - ана мен бала арасында сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, мақсатында өткізілген тренингтің жұмыс жоспары.Тренинг " Отбасы бақыты "
Отбасы бақыты.docx
Мақсаты:
Атаананың бала тәрбиесіндегі қарымқатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы,
үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы атааналардың білімін көтеруге
көмектесу;
Атаана мен бала арасында сүйіспеншілікті одан әрі дамыту
1. «Адасқан достар» ойын
Әр ата – ана өз баласының досының анасының не әкесінің оң жағына тұрады. Оң
және сол жақтағы көршісін жаттап алуы тиіс. Музыка қойылғанда билеп,
тоқтағанда тұрған жерінде тұрып, оң және сол көршісінің қолдарын ұстайды.
Барлығы қолдарын үзбей шатасты жазуы тиіс.
2. «Біз біргеміз »
Балалар алдын ала салған суреттердің
арасынан атааналары өз баласы салған
суретті тауып алып, аяқтап салуы тиіс.
Ата – аналарға сұрақтар:
1. Өз балаңыздың салған суретін табуға не
көмектесті?
2. Суретті жалғастыру кезінде не сезіндіңіз?
3. Сізге не қиын болды?
Балаларға сұрақ:
1. Ата – анаңыз сіз салған суретті аяқтағаны ойыңыздан шықтыма?
2. Сіздің мақсатыңызға жеттіме?
3. «Аяқталмаған сөйлем» Тақтада берілген сөйлемдерді ата – аналар аяқтайды,
жүргізуші кейін дұрыс жауаптарды оқып отырады.
Сөйлемдер:
– Егер баланы үнемі сынап отырса, ...
– Егер балаға үнемі күлсе, ...
– Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...
– Егер бала төзімділікте өссе, ...
– Егер бала адалдықта өссе, ...
– Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ...
– Егер бала кекшілдікте өссе, ...
– Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...
Дұрыс жауаптары:
– Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуғы құлқы болмайды). – Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді).
– Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды).
– Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады).
– Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді).
– Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен
қарайды).
– Егер бала кекшілдікте өссе, ...
(ол қатыгез болып өседі)
– Егер бала түсіністікте және
...
сүйіспеншілікте өссе,
(ол
әлемнен
махаббат
табуды
үйренеді).
4. «Күн шуағы»
1.Жақсы – бір қалыпты адам
2.Білім – ізденімпаз
4.Керемет – жан дүниесі мол
5.Көңілді – көпшіл
7.Әсем – талғампаз
8.Шебер – идея, фантазиясы жоғары
9.Жұлдыз – жаңалыққа жаны құмар адам
10.Қамқор – қамқорлыққа дайын
11.Өнер – сегіз қырлы,бір сырлы
Күннің шуағына жазылған сөздер ата – аналарға таратылады. Семинарға
қатысушы ата –аналар сөздерден біреуін таңдап алады және өз баласының атын
жазып беруі қажет.Содан кейін шуақтар жиналады, күннің бейнесі
құрастырылады. Тақтаға келесі слайдта әр ата ананың таңдауы бойынша
баласының қандай қасиеті бар екені шығып тұрады. Жүргізуші оқып шығуы
болады.
5. Тілек шамы
Ата – аналарға күн, гүл, жапырақ, смайликтер таратылады. Тілектерін жазып,
батманға құрап жапсырады. Тілек шамын бір – біріне бере отырып өз тілектерін
айтады.
Тренинг " Отбасы бакыты "
Тренинг " Отбасы бакыты "
Тренинг " Отбасы бакыты "
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.